ERG Қазақстанда қызметін бастағаннан бері жаңа өндірістер құруға және қолданыстағы өндірістердің дамуына 11 млрд астам АҚШ долларын жұмсады.
ҮИИД МБ шеңберіндегі жобалар
2011 – 2015 жылдар аралығында Еуразиялық Топтың Қазақстандағы өндірісіне жұмсаған инвестициялар сомасы 5 млрд астам АҚШ долларын құрады.
Еуразиялық Топ Қазақстанның үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуына белсенді ат салысты. Компания ҮИИД МБ алғашқы бесжылдығында 12 жобаның жүзеге асырылуына 2,5 млрд жуық АҚШ долларын инвестициялады. Осылайша, алғашқы индустриалды бесжылдықта Топтың салымы еліміздегі барлық инвестициялардан 13% құрады.
Кластерлер бойынша 12 инвестициялық жоба:
Ақтөбе қаласындағы ферроқорытпа зауытының құрылысы
Агломерациялық фабрика –
Ақсу ФЗ «ТНК «Қазхром» ТҰК» АҚ
«№17» технологиялық секцияның құрылысы
Метал илектеу зауыты –
«ССКӨБ» АҚ
Әктас күйдіру пештерінің құрылысы. Қызыл-Жар кентінде әктасты ұсақтау және орау сызығын жобалау және енгізу
Жоғары сапалы концентратты ұсату-байыту кешені ҰБФ-2, ЫМБ-4
Циклді-ағынды аршу кешені
Ақсу ЭС №2 блогын қалпына келтіру
№6 энергия блогын қайта құру
Электр-технологиялық кешені өндірісін ұйымдастыру
Электролиз зауыты құрылысының екінші кезегі
Күйдірілген анодтар өндірісі – АҚ «ҚЭЗ»
Еуразиялық Топтың келешекті инвестициялық жобалары:
Еуразиялық Топ орташа мерзімді келешекте келесі ірі инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастыруда:
Ыстықтай брикеттелген темір өндіру зауытының құрылысы
АҚ «ССКӨБ»
Бастапқы алюминий өндірісі бойынша екінші электролиз зауытының құрылысы
АҚ «ҚЭЗ»
Қуаттылығы 660 МВт екі жаңа энергия блоктарының құрылысы
Ақсу қ.