Қаңтар
ERG Эр-Рияд қаласында (Сауд Аравия) өткен алғашқы Future Minerals Forum-ға қатысты
Қазақстан электролиз зауыты монтаждалған 2 миллион анод өндірді Eurasian Resources Group Қазақстандағы кәсіпорындары қызметкерлерінің еңбекақысын ұлғайтты
Ақсу ферроқорытпа зауыты №44 балқыту пешінде қуатты газтазарту кешенін іске қосты
ERG «Қазақстан халқына» қорына 30 млрд теңге бағыттады
ERG Exploration өз күшімен бұрғылау, барлау жұмыстарын бастады
Ақпан
«ССКӨБ» АҚ-ның Жөндеу-механикалық металл илемдеу зауыты ERG Service құрамына өтті
Наурыз
«Қашар кені» АҚ-да жаңа арнайы көліктерді жөндеу боксы ашылды
Сәуір
Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігінің шекемтас өндіру цехындағы 2 күйдіру машинасының өнімділігі артты
ERG Павлодар, Екібастұз, Қарағанды, Рудный мен Ақтөбе қалаларындағы зауыт қызметкерлері мен кеншілерге арнап Astana Opera-ның гастрольдерін ұйымдастырды
Мамыр
Дөң тау-кен байыту комбинатында «Халықтық бақылау» жобасына қосылды
Хромтауда бастамалы бюджеттендіру жобасы жаңа «Tugan qala» атауымен басталды
Ақтөбе ферроқорытпа зауыты Тoyota Production System (T-TPS) аудитінің қорытындысында «2,11» деген баға алды
Павлодар облысындағы Баянауылда ERG-дің халықаралық жастар слеті өтті
Маусым
ERG «Шұбаркөл көмір» АҚ кокс-химиялық цехы алаңында жылына 1 мың тонна белсендірілген көмір өндіретін жаңа зауытты іске қосты Конго Демократиялық Республикасында әйелдер тәлімгерлігін қолдағаны үшін Metalkol
RTR кәсіпорнына 3 марапат табысталды
Предприятие Metalkol RTR получило три награды за поддержку и наставничество женщин в ДРК
Eurasian Resources Group Қостанай облысында әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға 3 млрд теңге бөлді
«Шығыс» кенішінде кәсіпорнының маңызды жобаларының бірі «Барабанды-орташа тиеу машинасын ауыстыру» жобасы аяқталды
Шілде
Standard & Poor's («S&P») Eurasian Resources Group-тің ұзақмерзімді несиелік рейтингін қайта қарап, «B-» деңгейінен «B» – «тұрақты» деген деңгейге жоғарылатты
ERG PricewaterhouseCoopers (PwC) тәуелсіз аудиторлары куәландырған 2022 жылғы Clean Cobalt and Copper Performance Report есебін жариялады
Eurasian Resources Group Павлодар облысында әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға биыл 2,6 млрд теңге бөлді
«Қазхром» ТҰК» АҚ орнықты даму саласындағы ең жоғары марапат – EcoVadis Platinum платина медалін алды
Тамыз
Ақсу ферроқорытпа зауытында газ тазартқыш қондырғылардың сүзгілері ауыстырылды
ERG Ақтөбе облысындағы ең қуатты – «Хромтау» жел электр станциясы салынар жерге капсула қалады
Еуразиялық даму банкі (ЕАБР) «ССКӨБ» АҚ-ның экспорттық өнімін қаржыландыруға 55 млн АҚШ долларын бөлді
Қыркүйек
Eurasian Resources Group алғашқы отандық кальцийленген сода өндіруші – «Qazaq Soda» ЖШС қолдауды жоспарлап отыр
Responsible Minerals Initiative (RMI) бастамасы Metalkol RTR өндірген кобальт пен мыстың тиісті талапқа сай әрі жауапты көздерден алынғанын растады
Eurasian Resources Group Қостанайдағы алапат өрттің салдарымен күреске 1 миллиард теңге қаражат бөледі
Ақсу ферроқорытпа зауыты агломерациялық цехтың өнімділігін 20%-ға арттырып, максималды қуатқа қол жеткізді. Жаңашыл шешімнің арқасында өндіріс көлемі жылына 250 мыңнан 300 мың тоннаға дейін ұлғайды
Ақтөбе ферроқорытпа зауытының ең ескі пеші – «Комсомолка» толық жаңғыру жұмыстарынан соң қоршаған ортаға залалды азайтты
Eurasian Resources Group пен DIS Group KZ бірлесіп, деректерді басқару жобасын іске асырып, мастер-деректерді басқару бойынша орталықтандырылған жүйені енгізу жобасының алғашқы кезеңі сәтті аяқтады
Қазан
ERG Батареялардың төлқұжаты жобасында парниктік газ шығарындыларын азайту саласындағы Global Battery Alliance-тің негізгі нұсқауларын шығаруды қолдады
ERG поддержала в выпуске Руководства по применению показателей в области сокращения выбросов парниковых газов для Паспорта батарей
Ақтөбе ферроқорытпа зауытында №1 және №2 балқыту цехтарының аспирациялық жүйелерін жаңарту жұмыстары басталды. Нәтижесінде қатты зат шығарындылары 30%-ға кемиді деп күтілуде.
Дөң ТКБК-нда «Геофизическое 9» кенорны ашылды
Eurasian Resources Group 2021 жылғы Орнықты даму жөніндегі есебін жария етті
Қараша
Ақсу ферроқорытпа зауыты тұндыру кешенінің қуатын 70%-ға арттырды
ССКӨБ BF-шекемтастардың сынама партиясын шығарды
ERG мен Колвези университеті Конго Демократиялық Республикасының тау-кен саласындағы мамандарға деген сұранысты қанағаттандыру үшін арнайы оқыту бағдарламасын әзірледі
Eurasian Resources Group 2022 жылдың үздік 25 өнім берушісіне жыл сайынғы ERG Supplier Award марапаттарын табыстады
Eurasian Resources Group Ақтөбе облысында әлеуметтік маңызды жобаларға 3 млрд 286 млн теңге бағыттады
ERG Қарағанды облысында әлеуметтік маңызды жобаларға 446 млн теңге бөлді Eurasian Resources Group (ERG) басшылығы мен 14 арнайы кәсіби орта оқу орнының директорлары Колледждер альянсын құру туралы меморандумға қол қойды
Желтоқсан
Хромтау кеншілері «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» атындағы шахтаның екінші кезеңінен кен өндіре бастады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Eurasian Resources Group пен «SANOAT ENERGETIKA GURUHI ENERA» ААБ әріптестік туралы келісім жасасты
ERG мен Gécamines Конго Демократиялық Республикасында Boss Mining кәсіпорны жұмысын жандандырғанын хабарлады
ERG «Аккумуляторлы батареялар төлқұжаты» жобасы аясында Global Battery Alliance-тің Балалар еңбегінің алдын алу Индексі мен адам құқықтарын сақтау Индексін шығарубатамасын қолдады
"Шұбаркөл көмір" АҚ "Экологияға қосқан үлесі үшін" аталымында "Парыз" бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық байқаудың күміс жүлдегері атанды
«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі республикалық байқауында «Қазхром» компаниясы «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» аталымында жеңімпаз атанды
«Шұбаркөл көмір» АҚ қызметкерлерінің тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін 2023 жылдан бастап жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасы қолға алынады. Қарағанды облысының әкімдігі, Отбасы банк пен Eurasian Resources Group ERG өкілдері өзара түсіністік пен әріптестік туралы үшжақты Меморандумға қол қойды.
Eurasian Resources Group пен Қазақстанның тұрғын үй компаниясы («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Еуразиялық Топ кәсіпорындары мамандарын қолжетімді баспанамен қамтудағы әріптестік туралы Меморандум жасасты.
Қаңтар
Eurasian Resources Group нарықтардың орнықты дамуын қамтамасыз ету бағытында ханзада Чарльздің басшылығымен жүзеге асырылып жатқан Terra Carta бастамасын қолдаған алғашқы 25 жетекші әлемдік ұйым қатарына енді.
«Қазхром» феррохром өндірісінен тарихи нәтижеге қол жеткізіп, 2020 жылы рекордтық - 1,84 млн. метрикалық тонна ферроқорытпа өндірді.
Ақпан
68 жасқа қараған шағында ERG компаниясының негізін қалаушылардың бірі, Директорлары кеңесінің мүшесі Aлиджан Рахманұлы Ибрагимов қайтыс болды.
«ССКӨБ» АҚ жөндеу-механикалық металлургиялық зауытының қызметкерлері магниттік сепаратордың ваннасын жасады.
ERG шахматшылары Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) өткізген Корпоративтік әлем чемпионатында үдік сегіз команда қатарынан көрінді.
Наурыз
ERG Шухрат Ибрагимовтің Менеджерлер кеңесіне тағайындалғанын жариялады.
ERG мен Narxoz University Education мамандар даярлаудың бірлескен бағдарламасын жүзеге асыра бастады.
«Қазақстан алюминийі» АҚ Торғай боксит кен басқармасының жұмысы тоқтады.
Сәуір
Бразилиядағы BAMIN жобасын дамытуда айрықша маңызға ие FIOL теміржолын басқаруға жарияланған аукционды ERG ұтып алды.
Қазақстан электролиз зауыты «қанатты» металды шығара бастаған кезеңнен бері бастапқы алюминийдің мерейлі – үш миллионыншы тоннасын өндірді.
Дөң ТКБК Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы шахтаның стратегиялық маңызды екінші кезегінің құрлысы аяқталып, қос тау-кен ұңғымасының оқпаны түйісті.
Eurasian Resources Group-те ESG мәселелері жөніндегі Комитет құрылды
ERG балалар еңбегін пайдалануға толық тосқауыл қоюға арналған БҰҰ Халықаралық жылын қолдап, тиісті міндеттемелерді мойнына алды.
ССКӨБ Сібірдің ірі болат құюшы кәсіпорны – «ЕВРАЗ» Біріккен Батыс-Сібір металлургия комбинаты» АҚ-на ( «ЕВРАЗ БСМК» АҚ) шекемтас жеткізе бастады.
«ERG Service» ЖШС алғаш рет ұжымдық келісім шарт жасасты.
ERG компаниясы Еуразиялық Топ кәсіпорындары орналасқан өңірлердегі әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға 11 000 азық-түлік себетін жеткізіп берді.
Ақсуда қоғамдық инфрақұрылымды тұрғындарымен бірге жоспарлауға жол ашқан «Берекелi бастама - Городская инициатива» жобасы қолға алынды
Мамыр
«Business & Technology Services» ЖШС мен «Сбербанк» ЖАҚ компанияның нақты бизнес міндеттеріне қажетті IT-архитектураны жобалау туралы келісім шарт жасасты.
CMOC, Eurasian Resources Group пен Glencore қатарлы жетекші металлургиялық және тау-кен компаниялары Umicore аккумуляторларына шикізат жеткізушілермен бірлесе отырып, Re I Source жобасын іске қосты.
Лодейное Поле қаласында 314-ші атқыштар дивизиясы сапында ел қорғаған жауынгер- қазақстандықтарға алғашқы ескерткіш орнатылды.
Маусым
Сбер мен Eurasian Resources Group бизнесті цифрландыру саласында серіктесе жұмыс істейтін болды.
Сбер мен Eurasian Resources Group орнықты даму мақсаттары ESG қағидаттарын енгізу ісінде әріптесе жұмыс істеу туралы Меморандум жасасты.
Еуразиялық даму банкі мен ERG өзара әріптестік туралы Меморандум жасасты. Келсім аясында Еуразиялық даму банкі «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ-на экспорт алды қаржыландыру ретінде несие желісін ашу және компанияның инвестициялық бағдарламасын қаржыландыру мүмкіндіктерін қарастырып көрмек.
ERG Жаһандық климат бастамасы ұйымы, Ресей және Сбер ұйымдастырған дамушы елдердегі климаттық күн тәртібі талқылаған панелді дискуссияға қатысты.
ERG-дің Тұрғын үй бағдарламасы аясында Ақсу ферроқорытпа зауытының 42 қызметкері көптен күткен баспана кілтін алды.
Eurasian Resources Group «Ел тірегі – Елбасы» атты республикалық қайырымдылық акциясын қолдап, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай BTS Education компаниясымен бірлесіп білім беру жобасын қолға алды.
Шілде
Ақсу ферроқорытпа зауытынның №1 балқыту цехында жаңғыртылған №12 пеш іске қосылды.
С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде ERG қолдауымен дайындалған Қазақстанның жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы залының ашылу рәсімі өтті.
Тамыз
ERG өзге де жетекші компаниялармен бірлесе отырып, іске асырылып жатқан Re|Source блокчейн бастмасы аясында Tesla-мен серіктестікті нығайтты.
Ақтөбе ферроқорытпа зауытына жаңа сүзгілер орнатуға 740 млн. теңгеден астам қаржы бағытталды
ССКӨБ шығаратын өнім түрлерін кеңейтіп, Дөң кен байыту комбинатына арналған ашық вагондардың сынама топтамасы шығарды.
Ақтөбе ферроқорытпа зауыты қаладағы емдеу мекемелеріне оттегі баллондарын жеткізуден рекорд орнатты.
ERG-дің қолдауымен Молдовада қазақстандық жауынгерлер рухына алғашқы ескерткіш ашылды
Қыркүйек
Хром өндірушілердің халықаралық қауымдастығы (ICDA) әлемнің әр қиырындағы алты компания қатарында «Қазхром» ТҰК» АҚ-на «Жауапты хром өндіруші» мәртебесін берді.
Eurasian Resources Group пен China Nonferrous Metal Industry’s Foreign Engineering and Construction Co., Ltd. (NFC China) «Шұбаркөл көмір» АҚ-ында «Спецкокс шығаратын зауыт құрылысын салу» жобасын жүзеге асыру жөнінде ЕРС келісім шартын жасасты.
ERG мен Орта Азиядағы Hitachi-дің ресми дилері – Eurasian Machinery компаниясы жабдықтарды жеткізу жөнінде келісімшарт жасасты. Бұл Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бергі 30 жыл ішіндегі тау-кен техникасын сатып алуға қатысты ең бір ауқымды келісім шарттың бірі. Жыл соңы дейін «Қашар кені» АҚ өндіріс алаңдарына Hitachi EH4000 AC-3 маркалы 12 автотүсіргіш пен 2 Hitachi EX5600E гидравликалық экскаваторы жеткізіледі.
ERG-дің Бразилиядағы BAMIN кәсіпорны жергілікті жердегі федералды үкіметпен FIOL Батыс-Шығыс трансконтиненталды темір жолын салып, алғашқы телімін пайдалану туралы концессиялық келісім шарт жасасты.
ERG, Павлодар облысының әкімдігі мен «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер палатасы осы өңірдегі тауарөндірушілерді қолдау мен дамыту стратегиясына қатысты келісім шарт жасасты.
«ССКӨБ» АҚ «Жылдың үздік ұйымы» аталымында жеңіске жетіп, қайырымдылық бағдарламасын тиімді жүзеге асырғаны үшін марапатталды.
Қазан
"Шұбаркөл көмір" АҚ-ның өнеркәсіп алаңында спец кокс өндіретін жаңа зауыттың қадасын қағып, іргетасқа капсула салу рәсімі өтті.
Eurasian Resources Group отандық өндіруші - «Format Mach Company» ЖШС-мен 11,2 млрд теңгенің offtake-келісімшартын жасасты.
Eurasian Resources Group Еуропалық Одақты ESG саласы бойынша әрекет етуге шақыратын 57 халықаралық ұйымның қатарында.
«ССКӨБ» АҚ, «Қашар кені» АҚ мен «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинатының қызметкерлері халықаралық IPWeek 2021 өндіріс апталығы Чемпионатында жеңіске жетіп, жұмысты жетілдіру байқауының жүлдегерлері атанды.
ERG кәсіпорындарында қызметкерлердің 94 проценті COVID-19 вирусына қарсы вакцина салдырды.
Eurasian Resources Group Ақтөбе, Қостанай мен Павлодар облыстарында «ERG mektepke» бастамасын жүзеге асырады. Жоба мектептердегі педагогтер мен жетекшілердің үздіксіз кәсіби дамуына септесу арқылы осы аймақтардағы орта білім беру ісін ілгерілетіп, инженер-техникалық және цифрлық технология мамандықтарына балалардың қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Қараша
Eurasian Resources Group 2020 жылғы орнықты даму жөніндегі есебін жариялады. ERG Service мамандары жасаған алғашқы онтекшелік шөміш тапсырыс берушіге жөнелтілді.
“Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы – «Керегетас» әктас кенішінде кеннің мерейлі 100 миллионшы тоннасы игерілді. Кеншілердің өндірістік жетістігі компания бөлімшесінің 55 жылдығымен тұс келген.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, ERG Қазақстандағы ішкі туризм бағдарын кеңітіп, Ақтөбе ферроқорытпа зауытына туристік бағдар ашты.
Желтоқсан
ERG мен Сбер өзге де жетекші компаниялармен бірлесіп, ESG-Альянс құру туралы келісімшарт жасасты.
"Шұбаркөл көмір" АҚ кеншілері кәсіпорын құрылған күннен бері көмірдің 200 миллионыншы тоннасын өндірді.
ERG мен Thyssenkrupp Industrial Solutions экологиялық жобаны жүзеге асыруға қатысты ірі келісімшарт жасасты. Уағдаластық аясында мердігер Павлодар алюминий зауытында №4 және №5 жентектеу пештеріндегі 4 электрлісүзгі алмастырады.
Eurasian Resources Group «Жайрем марганеці» АҚ-ын сатып алды.
ERG-дің тұрғын үй бағдарламасы аясында «Шұбаркөл көмір» АҚ және Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қызметкерлеріне пәтерлер табысталды.
Қаңтар
Давостағы ДЭФ аясында әлемдегі 42 жетекші халықаралық ұйым аккумуляторлық батареялар нарығында құнды қалыптастыру барысында орнықты құн тізбегін құруды көздеген 10 қағиданы қолады
Павлодар алюминий зауытындағы №1 жентектеу пешінің бірінші электр сүзгісінде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Ақпан
Қызметінен босаған ТБКБ-ның 20-дан астам маманы жаңа кәсіпорынға жұмысқа орналастырылды
ERG прекурстар өндіретін зауытың құрылысын жоспарлады
Жоғары оқу орындарында ERG күні өтті
Наурыз
«ЕЭК» АҚ «Шығыс» кенішінде 1 600 қызметкерге арналған жаңа себезгі кешенінің құрылысы аяқталды
Eurasian Resources Group қызметкерлері арасында коронавирус инфекциясының таралуына және оның компания қызметіне кері ықпал
етуіне жол бермеу үшін нақты шаралар жоспарын әзірледіERG Нұр-Сұлтан қаласына коронавируспен күреске жәрдем ретінде 100 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті
ERG республикалық «Birgemiz» қорына 4,5 млрд теңге бөлді
Eurasian Resources Group топ-менеджерлері еңбекақыларын уақытша 30% төмендете тұру туралы бастама көтерді
Сәуір
«Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ 2020 жылдың бірінші тоқсанында 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24 пайызға көп өнім шығарды
Елдегі төтенше жағдай тұсында «Шығыс» кенішінің қызметкерлері айналмалы-ағынды аршу кешенімен (АААК) аршылым шығарудан жаңа рекорд орнатты
ERG Service өнімнің жаңа түрі — ортажүрісті білдекті диірмендерге арналған құрсау шығара бастады
«ТрансКом» ЖШС Қытайға теміркенді шикізат тасымалын 2 есеге арттырды
Eurasian Resources Group Павлодар облысындағы карантин мерзімінде өз қызметкерлерін тегін көлікпен қамтамасыз етті
Мамыр
Су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданы тұрғындарына көмек ретінде ERG $5 млн қаражат бөлді
«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ «Шығыс» кеніші іске қосылғаннан бергі 35 жылда кенорнынан бір млрд текше метр тау-кен массасы шығарылды
ERG мен Қазақстанның ТҮҚЖБ аймақтағы кәсіпорын қызметкерлеріне арналған жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасын іске асыра бастады
Ақсу электр станциясында қуаты 325 МВт № 6 энергоблокты күрделі жөндеу аяқталды
2019 жылы Eurasian Resources Group құрған мамандандырылған өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдеу кәсіпорны жұмысын бастады
Маусым
ERG акционері, Директорлары кеңесінің мүшесі Алиджан Рахманұлы Ибрагимов COVID-19 таралуына қарсы күреске қосқан үлесі үшін марапатталды
Eurasian Resources Group сенімді серіктестері мен болашақ серіктестерінің жұмысты жетілдіруге қатысты тың идея, ұтымды ұсыныстарын тыңдау үшін ресми сайтында www.erg.kz арнайы айдар ашты
Екібастұз кеншілері «Шығыс» кеніші іске қосылғаннан бергі 600 млн-ыншы тонна көмір өндірді
«Евразия медицина орталығы» ЖШС Еуразиялық Топ құрамына енді
ERG Қоғамдық инфрақұрылымды қала тұрғындарымен бірлесе жобалау үшін Хромтауда қатысу бюджеті жобасын бастады
Шілде
ERG бірқатар отандық тауарөндірушілермен әріптестік туралы меморандумдарға қол қойды
«Шұбаркөл көмір» кеніші игеріле бастағаннан бері 500 млн текше жыныс аршылып, 180 млн тонна көмір алынды
Ақсу ферроқорытпа зауытындағы күл қалдықтарын жинақтағыштың екінші секциясының құрылысын аяқталды
Тамыз
Eurasian Resources Group Павлодар облысына COVID—19 инфекциясымен күреске 600 млн теңге бағыттады
ERG Service алғаш рет құю шөміштерін өндірді
Eurasian Resources Group Еуразиялық Топ кәсіпорындары орналасқан өңірлердегі COVID-19 таралуына қарсы күрес қамына қосымша 1 млрд теңге бөлді
Екібастұзда ERG Тұрғын үй бағдарламасы аясында салынған бес қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді
ERG Service энергетикалық жабдықтарды жөндеу жұмыстарының көлемін екі есе ұлғайтты
Қыркүйек
Eurasian Resources Group импортты алмастыру және тауарларды жергілікті жерде өндіру бағдарламасы басталғанын хабарлады
Шұбаркөл көмір" АҚ белсендірілген көмірдің алғашқы байқау партиясын өндірді
Павлодар алюминий зауытына тазарту деңгейі 99,99% болатын «гибридті» сүзгілер орнатылды
Қазан
Eurasian Resources Group БҰҰ-ның инклюзивті мультилатерализмге үндеуін қолдаған мыңнан астам компания қатарына қосылды
ERG-дің 2019 жылғы Орнықты даму туралы есебін жариялады
ССКӨБ өз өніміндегі темірдің пайыздық құрамын арттырды
ERG Service алғаш рет құйма өнімін Өзбекстанға жөнелтті
Eurasian Resources Group Люксембургте Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орайластырылған музыкалық концертке қолдау көрсетті
Қараша
ERG Еуразиялық Топ пен жалпы тау-кен металлургия саласы күнделікті тап болып жататын түйткілдер мен қатерлер толық сипатталған арнайы сайт — http://erg-innovation.kz/ ашты
Сбербанк пен Eurasian Resources Group әріптестік аясын кеңіту ниетін білдіретін меморандумға қол қойды
Ақсу ферроқорытпа зауытының 35 қызметкері жаңа пәтердің кілтіне ие болды
Желтоқсан
ERG өз қызметкерлерін барынша қолдау мақсатында қалыптасқан дәстүр бойынша желтоқсан айында 13-ші айлық берумен шектелмей, барлық өндірістік кәсіпорын қызметкерлеріне пандемия тұсындағы ерекше күрделі жағдайлардағы еселі еңбегі үшін арнайы ынталандыру ретінде қосымша ақы төледі
Eurasian Resources Group Қостанай облысындағы COVID-19 індетіне тосқауыл шараларына қосымша 107 млн теңге бөледі
Eurasian Resources Group-тің 2019 жылғы Орнықты даму жөніндегі есебі Қазақстандағы үздік деп танылды
Қазақстан мен Еуропадағы сұраныстың артуына орай ҚЭЗ алюминий өндірісінің көлемін ұлғайтты
ERG Service мамандары Қазақстандағы алғашқы қайта тиеу кранын құрастырып шықты
ERG Педра-де-Ферро темір кені кәсіпорнын коммерциялық пайдалануды бастады және Порто Сул портының құрылысына кірісті
ERG Supplier Award байқауы қорытындыланып, беделді халықаралық өнеркәсіп тобының марапаттары қазақстандық және шетелдік өнеркәсіп жабдығын өндірушілер, қызмет ұсынушылар мен қаржылық серіктестеріне бұйырды
Қаңтар
Eurasian Resources Group сатылым порталын – sales.erg.kz іске қосты
Ақпан
ERG мен «Жаңа кәсіптер атласы» және BTS Digital «Қазақстандағы жаңа кәсіптер атласын» әзірлеудегі әріптестік туралы Меморандумға қол қойды.
Наурыз
Eurasian Resources Group шахматтан командалық әлем чемпионатының бас демеушісі атанды
Еуразиялық Топ пен Халық банк ERG-дің тұрғын үй бағдарламасы аясындағы әріптестік туралы меморандум жасасты
Ақсу энергетиктері станцияны іске қосқаннан бері қуаттың мерейтойлық 600 млрд квт-сағатын өндірді
Сәуір
ERG биіктікте жұмыс істеуге арналған Қазақстанда теңдесі жоқ оқу-жаттығу алаңын орнатты.
Eurasian Resources Group БҰҰ-ның Ғаламдық келісіміне қосылды
Елдегі бірқатар оқу орындарында алғаш рет «ERG күні» өтті
Мамыр
Люксембургте Eurasian Resources Group бас кеңсесінің 5 жылдығына орай салтанатты қабылдау ұйымдастырылып, Ұлы Герцогтігіндегі Қазақстан Республикасының Құрметті Консулдығы ашылды
ERG-дің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақстан электролиз зауыты 2,5 миллион тонна бастапқы алюминий тотығын өндірді
«Студенттер кәсіпкерлігінің экожүйесі» жобасының нәтижесі Мемлекет басшысына таныстырылды
ERG Бразилиядағы BAMIN жобасы аясында Порто Сул құрылысына қатысты келісім шарт жасасты
Ақтөбе феррорқорытпа зауытында Мемлекет басшысына «Халықтық бақылау» жобасы таныстырылды
Елордада алғаш рет қазақстандық жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған ERG-дің ғылыми-техникалық конференциясы өтті
Маусым
Қазақстанда алғаш рет шағын қалаға белгілі мүсінші Эдуард Казарянның арт-нысаны орнатылды
ERG Қазақстандағы өнеркәсіп компанияларының арасынан алғашқы болып халықаралық «Жасыл кеңсе» жобасын қолдады
Eurasian Resources Group Мәскеудің несие банкімен әріптес болды
«Қазақстан Алюминийі» АҚ кеншілері әктастың 95 миллионыншы тоннасын өндірді
Шілде
«Қазақстан алюминийі» АҚ-ында электрсүзгілерін алмастырудың теңдессіз бағдарламасы ісе асырыла бастады
ERG, ARC ADVISORY GROUP пен ONER MIND ERG кәсіпорындарына технологиялық аудит жүргізетінін хабарлады
ERG мен SAP 4.0 Индустриясы қағидалары негізінде Еуразиялық Топ компанияларындағы цифрлық трансформацияның екінші кезеңі жайлы мәлімдеді
Еуразиялық Топ әскери бөлім аумағындағы жарыстардан зардап шеккен Арыс қаласын қалпына келтіруге 400 млн теңге аударды
Еуразиялық Топ job.erg.kz бос жұмыс орындары порталын іске қосты
ERG-дің 2,5 мың қызметкері #Birge #TazaQazaqstan акциясына шығып, сенбілікке қатысты
Тамыз
ERG Capital Projects құрылды
Еуразиялық Топтың 25 жылдығы қарсаңында шұбаркөл көмірінің 170 миллионыншы тоннасы өндірілді
ERG-дің жөндеу және машина жасау активтерін орталықтандырудың екінші кезеңі басталды
Ақсу ферроқорытпа зауытындағы қайта қалпына келтіру бағдарламасы аясында жаңғыртылған пештен алғашқы металл алынды
Metalkol RTR кәсіпорны «Таза кобальт» бағдарламасы аясындағы қызметінің нәтижелері туралы алғашқы Есебін жариялады
«Қазмарганец» кен басқармасы 15 жылдық мерейтойын атап өтті
Қыркүйек
ERG кәсіпорындары Өндірістік жүйені енгізе бастады
ERG-дің BTS компаниясы он жылдық меретойын атап өтті.
Eurasian Resources Group Люксембургтегі қазақстандық диаспораның алғашқы ресми кездесуін ұйымдастыруға септесті
Eurasian Resources Group Конго Демократиялық Республикасының Колвези өңірінде «Қайырымды әкейдің қарындастары» қорымен бірлесіп балаларды қорғау орталығын ашты.
ERG-дің қолдауымен аккумуляторлы батареялар нарығы секторына арналған Бүкіләлемдік Альянстің McKinsey және SYSTEMIQ-пен бірлескен есебі әзірленіп, жарияланды
Қазан
Eurasian Resources Group Люксембургте ғарышта минералды ресурстарды өндіру жөніндегі саммитке қолдау көрсетті Eurasian Resources Group 2018 жылғы Орнықты даму жөніндегі есебін жария етті
Eurasian Resources Group – Дүниежүзілік экономикалық форуммен бірлесіп, жаңа жобаны іске қосқан әлемдегі жетекші 7 тау-кен өндіру компаниясының бірі
Eurasian Resources Group Франциядағы қазақстандық кино фестивалін қолдады
Қараша
Eurasian Resources Group 2020 жылғы қаңтардың 1-інен өндірістік құрылым қызметкерлерінің еңбекақысын ұлғайтатынын хабарлады
ERG құрамасы WorldSkills Hi-Tech- 2019 чемпионатында үш медаль жеңіп алды
№8 энергоблогы күрделі жөнделіп Ақсу электр станциясының қуаты артты
Eurasian Resources Group Люксембургте ғарышта минералды ресурстарды өндіру жөніндегі Mining Space Summit және New Space Europe 2019 саммиттеріне қолдау көрсетті
Желтоқсан
Нұр-Сұлтанда алғашқы ERG Supplier Award марапатын табыстау салтанаты өтті
«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауының Бас жүлдесін ERG тағы бір мәрте жеңіп алды
Еуразиялық Топ Қазақстандағы қызметінің 25 жылдығын атап өтті
Қызметін биыл бастаған Қазақстанның Люксембургтегі Мәртебелі консулдығы тұңғыш рет Тәуелсіздік күнін атап өтті
Қаңтар
Кәсіпорынның 75 жылдық мерейтойына орай «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытында мерейтойлық балқыту жасалды.
«Қазхром» ТҰК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының 50 жылдық мерейтойы аталып өтті.
Ақсу ферроқорытпа зауытына вагондарды жіпсітетін айрықша жабдық орнатылды.
«Қазақстан алюминийі» АҚ Краснооктябрь боксит кен басқармасы жаңа карьерді игере бастады.
Ақпан
Қазақстан электролиз зауыты сұйық алюминийдің алғашқы легін «Гисенхаус» ЖШС-іне жөнелтті.
«Баянтау» спорт кешенінде ERG-дің Қазақстандағы барлық кәсіпорындары қызметкерлері арасындағы қазақ күресінен кезекті «ERG Барысы-2018» турнирі өтті.
Павлодарда ERG тарихындағы алғашқы Бригадирлер слеті өтті.
Наурыз
ERG мен ПАО Сбербанк несиелік борыштың үстемақын төмендету туралы Келісім шарт жасасты.
«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ Өндірістік жөндеу құрылымының ұжымы өнімнің жаңа түрі – суландыру ыдысын жасай бастады.
ERG-дің қолдауымен Павлодарда «IZDEU-2018» атты іздестіру жасақтарының І Халықаралық форумы өтті.
Сәуір
ССКӨБ базасында ERG жабдықтарының I сенімділік конференциясы өтті.
ERG «Әлемді өзгертер инженер» атты жаңа әлеуметтік жобаны қолға алды.
«Қазхром» ТҰК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауыты қорытпаның мерейлі 35 миллионыншы тоннасын балқытты.
ERG «3-Энергоорталық» АҚ акцияларын сатып алды.
Мамыр
«Қазхром» ТҰК» АҚ 2017 жылы хром кені мен ферроқорытпалардың рекордтық көлемін өндіргенін хабарлады.
Маусым
ССКӨБ-тің «Ақылды кеніш» жобасы салалық «Алтын Гефест» байқауында үздік деп танылды.
Кеншілер күні қарсаңында «Шығыс-2» алабынан көмірдің алғашқы миллионыншы тоннасы өндірілді.
ERG Астанада өткен 25-інші Дүниежүзілік Тау-Кен Конгресінің бас серіктесі атанды.
Еуразиялық Топ (ERG) пен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мен қолдау ісіндегі әріптестік пен өзара түсіністік туралы меморандум жасасты.
Шілде
Eurasian Resources Group қызметі нәтижелерінің жақсаруына байланысты S&P оның рейтингін «B» деңгейіне көтеріп, «оң» деген болжам жасады.
Астананың 20-жылдығы мен Ақсу электр станциясының 50-жылдығына орай Ақсу қаласында Еуразиялық Топтың тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде салынған бес қабатты көп пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.
Astana Finance Days шеңберінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы Әкімшілігі» АҚ мен Еуразиялық Топ (ERG) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Магнитогор металлургия комбинаты (ММК) 2017 жылдың қорытындысы бойынша ERG-ді «Темір кені шикізаты» аталымында «Үздік жеткізуші» деп танып, арнайы Құрмет дипломын табыс етті.
Қазақстан қара металургиясының тұңғышы – «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақтөбе ферроқортпа зауыты 75 жылдық мерейтойын атап өтті.
Тамыз
Moody's рейтинг агенттігі Eurasian Resources Group-тің несиелік рейтингін жоғарылату жағына қайта қарады, болжам оң.
ERG Конго Демократиялық Республикасындағы Metalkol мыс-кобальт жобасын электр энергиямен 10 жылға қамтамасыз етті.
Рудныйда ERG-дің ІІ Спартакиадасы өз мәресіне жетті.
Астанада Еуразиялық Топтың қаржылай қолдауымен салынған «Бейбітшілік қабырғасы» мемориалы ашылды.
Қыркүйек
Қазақстан мектептерінде ERG-дің қолдауымен 10 STEM-зертхана ашылды. Алматыда Еуразиялық Топтың «Шеберлер елі» байқауының аясындағы ERG Арт-фестивалі өтті.
«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ «Шығыс» кенішінде жобалық қуаты жылына 10 миллион текше метр аршылым жасауға мүмкіндік беретін жаңа кешен өнеркәсіптік пайдалануға берілді. Ақтөбеде өткізілген «Анаға тағзым» атты бірінші республикалық әйелдер Слеті аясында «Қазхром»ТҰК» АҚ-ы «Жұмыс істейтін аналар үшін ең үздік кәсіпорын» байқауының жеңімпазы атанды.
Рудный, Хромтау мен Ақсу қалаларында тұңғыш рет бір мезетте ERG Run Fest өтті.
Қазақстан даму банкі «ЕЭК» АҚ-ына 8 жылға жалпы көлемі 360 млн АҚШ доллары көлеміндегі несие желісін ашты.
«Қазақстан Алюминийі» АҚ металлургтері глиноземның мерейлі 60-миллионыншы тоннасын шығарды.
Қазан
Eurasian Resources Group Нью-Йоркте өткен орнықты даму жөніндегі қос ірі конференцияда кобальттің жауапты жеткізілімдері стратегиясын таныстырды.
SAP ERP тұғырнамасында ERG Тобы кәсіпорындарына арналған ERP жүйесін құру» жобасы SAP Value Award 2018 бизнес-марапатының «Цифрлы трансформация көшбасшысы» аталымында жеңіске жетті.
Honeywell мен ERG компаниялары халықаралық қызметі ауқымында тиімділікті арттыру үшін сандық технологиялар саласында өзара әріптестікті дамытуға ниетті екені туралы келісімге қол қойды.
Еуразиялық Топтың құрама командасы WorldSkills стандарттары бойынша Екатеринбург (РФ) қаласында өткен ашық Еуразия чемпионатында үш күміс жүлдені олжалады. Айтулы сын алғаш рет WordSkills Hi-Tech ұлттық чемпионаты аясында ұйымдастырылған болатын.
Қараша
Астанада ERG-дің жыл сайынғы III Инноваторлар Форумы өтті. Форум тақырыбы мен онда талқыланған басты пікірталас – «Цифрлы дәуірдегі үнемді өндіріс».
ERG-дің алюминий дивизионының қос кәсіпорны – «Қазақстан алюминийі» АҚ мен «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ қызметкерлерінен жасақталған «Майдан жолы» іздеу зерттеу жасағы 10 жылдық мерейтойын атап өтті.
Eurasian Resources Group КДР-да мыс өндіретін Frontier Mine кәсіпорнын кепілдендірілген электр қуаты жеткізілімдерімен қамтамасыз етті.
Еуразиялық Топтың жөндеу және машина жасау активтерін орталықтандырудың алғашқы кезеңі басталды.
Желтоқсан
Кен өндіру саласының Токиода өткен ауқымды саммитінде Eurasian Resources Group төртінші өнеркәсіптік төңкерістегі металдардың рөлі туралы толымды ақпарат ұсынды.
ССКӨБ-тің әлеуметтік жобалары «Жомарт жүрек» мемлекеттік марапатына лайық деп танылды.
Қазақстан энергетикасының көшбасшысы – Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «ЕЭК» АҚ Ақсу электр станциясы 50 жылдық мерейтойын атап өтті.
«Қазақстан алюминий» АҚ атмосфералық ауа мониторингін іске қосты.
Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «Қазхром»ТҰК» АҚ бүгін «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауының аталымында жеңімпаз атанды. 19 мыңнан астам адам жұмыс жасайтын компанияға «Үздік ұжымдық шарт» аталымындағы жоғары марапатты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев табыстады.
Eurasian Resources Group КДР тау-кен өндіру саласында балалар еңбегін болдырмауға бағытталған “Children out of Mining” Pact бағдарламасын қолдайды.
ERG Ақтөбе мен Павлодар облыстарында жел мониторингіне кірісті.
ERG «Таза кобальт» бағдарламасын Metalkol RTR кәсіпорнында бастады.
"Еуроазиаттық энергетикалық корпорация" АҚ "Шығыс" кенішінің кеншілері "Шығыс-2" жаңа алаңынан сегіз ай ішінде жеті миллион тонна көмір өндірді.
Қаңтар
ERG Bon Pasteur Alternative Livelihood – күнкөріс қаражатының баламалы көздерін қамтамасыз ету бағдарламасын қолдау жөніндегі «Қайырымды пастор қарындастарының» серіктесі атанды.
Ақпан
«ТрансКом» көлік тобы Қазақстанның көлік-экспедиторлық бизнесінде ең табысты компания деп танылды.
Павлодар өңіріндегі Еуразиялық Топтың кәсіпорындары арасында қазақ күресінен тұңғыш «ERG Барысы» турнирі өтті.
Наурыз
Eurasian Resources Group студенттік ортада жастар кәсіпкерлігінің эко-жүйесін құру жобасын іске қосты.
«Қазақстан алюминийі» және «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-да «Стрела» бағдарламасының бизнес-шешімдері іске асырылды.
Сәуір
Еуразиялық Топ (ERG) KIOSH-2017 аясында жұмыс орындарында қауіпсіздікті арттыру бағдарламасын ұсынды.
Мамыр
«Қазхром»ТҰК» АҚ Хромтау қаласында жаңа кен орнын игере бастады. Қазақстан электролиз зауыты екі миллион тонна алюминий өндірді.
Маусым
Еуразиялық Топ (ERG) кәсіпорындарының қызметкерлері Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай «ERG экологиялық десанты» атты алғашқы корпоративтік акция ұйымдастарды.
Eurasian Resources Group компаниясы мен ВТБ банк ынтымақтастық туралы жаңа меморандумға қол қойды.
Eurasian Resources Group Астана ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Люксембург Ұлы Герцогтігі ұлттық павильонының серіктесі атанды.
Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды және Павлодар облыстарындағы Еуразиялық Топ кәсіпорындарының 6 500 қызметкері Астанада ERG Академиясының «Командалық жаз-2017» атты жобасы шеңберінде оқуларын бастап кетті.
Шілде
Қазақстанның төрт өңірінде ERG мердігер ұйымдарының I Форумы өтті.
Тамыз
S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі Eurasian Resources Group (ERG) S.a r.l қазақcтандық тау-кен өндіру компаниясының ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді корпоративтік несие рейтингін «CCC+/C»-ден «B-/B-ге» дейін жоғарылатты. Рейтингтер болжамы тұрақты.
Павлодар қаласында ERG-дің бірінші корпоративтік КТК өтті.
Қыркүйек
ERG мен Bahia Mineração жылына 20 млн тонна темір кенін өндіру кешенді жобасын әзірлеу бойынша Баия штатымен және қытайлық консорциуммен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойғандары туралы жариялады.
ERG және басқа да жетекші компаниялар мен халықаралық ұйымдар этикалық бизнес-тәжірибелерді пайдалана отырып аккумуляторлы батареялар секторына жауапты жеткізу тізбегін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық альянсының құрылғанын жария етті.
Қазан
«Шұбаркөл көмір» АҚ-да «Стрела» бағдарламасының бизнес-шешімдері іске қосылды.
Eurasian Resources Group (ERG) пен Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) ERG-дің жетекші кәсіпорнынан темір кені шикізаты жеткізілімдерін экспорт алды қаржыландыруды қамтамасыз ететін 95 млн АҚШ доллар көлеміндегі жаңғыртымды несие желісіне қатысты маңызды қосымша келісім жасасты.
Қараша
Астанада ERG инноваторларының екінші Форумы өтті.
ERG жұмыс берушінің есебінен 2018-2019 жылдарға «ССКӨБ» АҚ, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ және Павлодар машина жасау зауыты қызметкерлерінің медициналық қамтамасыз ету төлемдерін арттырдыЕуразиялық Топ Қазақстанның үздік инновациялық компаниясы деп танылды.
Желтоқсан
ССКӨБ-де 4.0 индустрия элементтерін енгізу аясында «Ақылды карьер» іске қосылды.
Қазақстан электролиз зауыты өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтті.
220 кВ-тық ашық таратушы құрылғыны қайта қалпына келтіру
«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ Ақсу электр станциясы қайта қалпына келтірілген 220 кВт-тық ашық таратушы құрылғыны іске қосты.
Рудный ауруханасын жабдықтау
ERG-дің қаржылай қолдауымен Рудный қаласындағы балалар ауруханасының емделушілеріне заман талабына сай жабдықтар кешені сатып алынды.
Жаңа локомотив
«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ электр станциясының техникалық паркін жаңа отарба толықтырды.
Қазақстандық 100 мыңыншы анод
Қазақстан электролиз зауыты отандық анодтың 100 мың тонналық данасын өндіріп, миллионыншы анодты монтаждады.
Технологиялық үрдістерді автоматтандырылған басқару жүйесі
«ЕЭК» АҚ Ақсу электр станциясында технологиялық үрдістерді автоматты басқарудың Қазақстанда теңдесі жоқ жүйесі енгізілді.
Жергілікті әкімдіктер және кәсіподақ ұйымдарымен жасалған меморандумдар
ERG Павлодар облысы әкімдігімен және кәсіподақ ұйымдарымен өндірістік үрдістерді тұрақтандыру, еңбекпен қамту және жұмысшылардың құқын қорғау мәселелерін қамтитын үшжақты меморандум жасасты.
«ЕВРАЗ ЗСМК» АҚ-на арналған кран
«ERG Service»АҚ филиалы – Павлодар машина жасау зауыты «ЕВРАЗ Западно-Сибирский металлургический комбинат»АҚ-на қос арқалығы бар көпірлі магнитті-грейферлік кран жеткізу туралы келісім шарт жасасты.
Жаңа өнімдер
Өнімнің «өзіндік құнын 10% төмендету» жобасы аясында «Қазақстан алюминийі» АҚ мен «ССКӨБ» АҚ құйма қалыптар мен блюмстар өндірісін меңгерді.
Ерекше балаларға жаңа көлік
ERG-дің қаржылай қолдауымен Қарағандыдағы тірек қозғалыс аппаратында ауытқуы бар балаларға арналған мектеп-интернаттың тәрбиеленушілеріне жаңа автокөлік сатып алынды.
Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жөніндегі меморандумдар
ERG мен Еуразиялық Топ кәсіпорындары орналасқан өңірлердің әкімдіктері арасында өзара әріптестік пен 2016 жылы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жөніндегі меморандумдарға қол қойылды.
ҰКП және Қостанай облысы әкімдігімен арада жасалған меморандум
ERG, «Атамекен» ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қостанай облысының әкімдігі Рудный халқын шағын несиелендіруді дамыту туралы уағдаласып, өзара әріптестік туралы меморандум жасасты.
Қазақстандық кокстан алынған алғашқы анод
Алғашқы зертханалық анод павлодарлық кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен кездесу барысында Мемлекет басшысына табыс етілді.
ССКӨБ кен дайындау және байыту фабрикасының кептіру легін жаңғырту
ССКӨБ-де кен дайындау және байыту фабрикасының кептіру желісін жаңғыртқан ауқымды жоба аяқталды.
Ресей бизнесі апталығының серіктесі
ERG Ресейдің өнеркәсіп және кәсіпкерлер одағы жыл сайын ұйымдастыратын Ресей бизнесі апталығы халықаралық форумының әріптесі мәртебесін алды.
XV-ші мерейтойлық Боао форума қатысу
ҚХР-ның Премьер-министрімен кездесуде ERG қытайлық әріптестерімен бірлесе іске асырылатын металлургиялық және инфрақұрылымдық жобаларын таныстырды.
ССКӨБ-де «Стрела» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады
«ССКӨБ» АҚ қойма шаруашылығы учаскесінің аға қоймашысы Елена Мұқашева SAP жүйесінде алғашқы символдық транзакцияны жүзеге асырды.
ПМЗ құрастырған кран «ВИЗ – Сталь» ЖШҚ іске қосылды
Суық илемдеу цехының өңдеу бөліміндегі агрегатқа қызмет көрсетуге арналған көпірлі кран ресейдің ірі кәсіпорындарының бірінде табысты жұмыс істеп тұр.
«ИТП» АКҚ-мен меморандум
VII-ші МАЙНЕКС Орталық Азия тау-кен өнеркәсібі форумы аясында ERG мен «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қоры арасында өзара түсіністік пен әріптестік туралы Меморандумға қол қойылды.
Қазақстандық үлесті дамыту туралы меморандум
ERG отандық тауар өндірушілермен әріптестік туралы меморандумдарға қол қойды.
KIOSH конференциясының серіктесі
Алтыншы KIOSH 2016 еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік халықаралық форумы аясында ERG қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласында жинақтаған тәжірибесімен бөлісті.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау акциясы
ERG-дің Қазақстандағы кәсіпорындарында «Қауіпсіздік ережелерін бес саусағыңдай біл» атты ауқымды акция ұйымдастырылып, ол компанияның 61-мыңдық еңбек ұжымдарын қамтыды.
«Батырлар жолымен» жобасы
Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Волоколамск қаласынның мемориалдық жауынгерлер қорымында аты аңызға айналған И.В. Панфилов атындағы дивизияға ескерткіш орнатылды.
«Қазақстандықтар – Ұлы Жеңіс сарбаздары» атты кітап
ERG-дің демеушілігімен ұйымдастырылған «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында Астанада басылымның қос томының тұсауы кесілді.
Алюминий дивизионындағы «Стрела» бағдарламасы
«Қазақстан алюминийі» және «Қазақстан электролиз зауыты» акционерлік қоғамдарында «Стрела» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады.
ЕЭК сапа жүйесі аудитінен сәтті өтті
«ЕЭК» АҚ бөлімшелерінде халықаралық ISO 50001, ISO14001, OHSAS 18001 стандарттары талаптарына сәйестік және ISO 9001 ресертификациялық сыртқы қадағалау аудиті аяқталды.
Люсксембургтің Қытайдағы экономикалық миссиясына қатысу
Люксембургтің Қытайдағы экономикалық миссиясына ERG атынан бизнесті дамыту департаментінің директоры Шухрат Ибрагимов, Қытайдағы ERG өкілдігінің жетекшісі Юн Ван қатысты.
АЭФ-ке қатысу
ERG Бүкіләлемдік экономикалық форум және Боао Азиялық форумымен бірлесе отырып, Қазақстандағы Астана экономикалық форумының жұмысына қатысты.
Октябрьский кентінде спорт зал ашылды
ERG-дің қаржылай қолдауымен аталған кентте «Қазақстан алюминийі» АҚ КБКБ кеншілері мен тұрғындарға арналған жаңа нысан бой көтерді.
China Nonferrous пен келісім шарт жасалды
ERG мен China Nonferrous Metal Industry's Foreign Engineering and Construction Co., Ltd арасында Frontier кенішінен алынатын концентратты жеткізу туралы ұзақмерзімді стратегиялық келісім шартқа қол қойылды.
АММ-2016 қатысу
ERG дәстүрлі серіктес мәртебісінде VIII-ші халықаралық «Astana Mining & Metallurgy» конгресі мен көрмесіне қатысты.
ПХЭФ-2016 қатысу
ERG ХХ-шы Петербург халықаралық экономикалық форумының жұмысына белсенді ат салысты.
ҚР Ұлттық мұражайына тарту
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ERG ҚР Ұлттық мұражайына «ҚР Ұлттық экономикасының негізі» атты көрмені сыйға тартты.
Рио-2016 Олимпиадасына қатысудың демеушісі
ERG-дің демеушілік қаражаты есебінен Риода қазақстандық баспасөз орталығы ұйымдастырылып, олимпиада ойындарына қатысып жатқан ұлттық құрамаға ақпараттық қолдау көрсетілді.
ВТБ мен Сбербанккеберешекті қайта қаржыландыру
ERG ВТБ және Сбербанкке берешегін 2020 жылға дейін әрі одан ары қайта қаржыландыру жөнінде келісім шарт жасасты.
«Керегетас» кенішінің мерейтойы
«Қазақстан алюминийі» АҚ Кергетас әктас кенішінің қызметкерлері кәсіпорынның 50 жылдық мерейтойын барынша сән-салтанымен атап өтті.
ВТБ мен келісім шарт жасалды
ERG мен ВТБ Тобы алюминий жеткізілімдерін жалпы мөлшері 300 млн. еуро көлемінде 6 жылдық қаржыландыру туралы стратегиялық келісім шатқа қол қойылды.
«Қазақстан алюминийі» АҚ-ның жаңа өнімі
«Қазақстан алюминий» АҚ Павлодар алюминий «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қажеттіге жарайтын екі жақты қалыптар өндірісін меңгерді.
«Шұбаркөл көмір» АҚ қызметкерлеріне арналған баспана
Батыс вахталық кентінде 120 орындық екі қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді
ERG-дің алғашқы Спартакиадасы
ERG тарихындағы алғашқы корпоративтік Спартакиада ауқымды спорт мерекесі ретінде Ақсу қаласы тұрғындарына ұмытылмас әсер сыйлады.
ССКӨБ жаңа өнімі
«ССКӨБ» жөндеу-механикалық зауыты жаңа өнім – «құйма қалақтарды» шығаруға көшті.
ПМЗ жаңа өнімі
«ERG Service» АҚ филиалы – Павлодар машина жасау зауыты өнімнің жаңа түрі – қос ілмегі бар V=2,3м3 шөміштерін шығара бастады.
«Спешиал Олимпикс» ҚБ қолдау
ERG «Спешиал Олимпикс» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған үстел теннисінен Республикалық турнирдің бас демеушісі болды.
ЕҚДБ мен келісім шарт жасалды
ERG мен ЕҚДБ жалпы көлемі 95 млн. долларға темір кенін жеткізуге қатысты 4 жылдық қаржыландыру жөнінде келісім шарт жасасты.
«Шұбаркөл көмір» АҚ-да «Стрела» бағдарламасы басталды
«Шұбаркөл көмір» АҚ-да «Стрела» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады.
Сбербанк ЖАҚ мен жаңа келісім шарт жасалды
Қос елдің мемлекет басшылары қатысқан XIII Қазақстан мен Ресей шекаралық әріптестік Форумы аясында ERG мен Сбербанк ЖАҚ берешекке қызмет көрсету шарттарын жақсартатын келісім шартқа қол қойды.
«Алтын қор» байқауы
Қазақстанның он қаласында орналасқан ERG-дің 8 кәсіпорнында еңбек етіп жүрген шеберлер арасынан өз кәсібінің үздіктері Павлодар қаласында анықталды.
«Фламинго» фестивалі
Демеуші ретінде ERG жыл сайын Қорғалжын қорығы ұйымдастырған «Фламинго-2016» фестиваліне қолдау көрсетті.
BAMIN жобасы
Рио-де-Жанейро қаласында өткен 24-ші Бүкіләлемдік тау-кен конгресінде ERG BAMIN жобасын игерудің жоспарын таныстырды.
ERG Коммерциялық орталығы
ERG-дің транформациясы аясында Қазақстандағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, маркетинг пен сатып алулар саласындағы қызметінің тиімділігін арттыра түспек. Ол үшін компанияда жаңа құрылым – «ERG Коммерциялық орталығы» ЖШС құрылды.
ДТКБК оқпандары
«Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» шахтасындағы «Клетьевой» және «Вентиляционный» оқпандары түйісті.
«Қазхром» сертификаттау
«Қазхром»ТҰК» Қазақстанда бірінші болып контейнерлерді өлшеу мен сертификат беру құқығына ие болды.
ERG-дің Инноваторлар форумы
Еуразиялық Топтың алғашқы Инноваторлар форумы өтіп, оған IT-мамандары мен менеджерлерден құралған 200-ге тарта озық ойлы қызметкер қатысты.
Жаңа ӘТК
«Қазақстан алюминийі» АҚ құрылымындағы Краснооктябрь боксит кен басқармасының Аят кенішінде заман талабына сай әкімшілік-тұрмыстық кешен ашылды.
«Алтын сапа» марапаты
ҚЭЗ ҚР Президентінің «Алтын сапа» – «Сапа көшбасшысы» арнайы марапатының иегері атанды.
Екібастұздағы балабақша
ERG-дің қаржылай қолдауымен Екібастұзда жаңа балабақша ашылды.
Ақсуға жаңа корт
Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ERG Ақсу қаласы тұрғындарына жаңа жабық хоккей кортын сыйға тартты.
ЕЭК мерейтойы
«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтті.
Шеберлер елі
Еңбек адамы туралы жазылған үздік ән мен сериалға арналған үздік әңгіме авторлары Астанада марапатталды. «Шеберлер елі» байқауы Қазақстан жазушылар Одағымен бірлесіп, осымен төртінші мәрте ұйымдастырылды.
ММК-мен уағдаластық
ERG мен ММК темір кенін жеткізу туралы стратегиялық келісім шарт жасасты.
«Шұбаркөл көмір» АҚ жұмысшыларына арналған үй
«Шұбаркөл көмір» АҚ «Центральный» вахталық поселкісінде вахтааралық демалыс үшін 60 орындық жаңа үй пайдалануға берілді.
Жұмыс орындарын сақтау жөніндегі меморандумдар
Жергілікті атқарушы органдар және кәсіподақтармен жұмыс орындарын сақтау және өндірістік процестерді тұрақтандыру жөніндегі үш жақты меморандумдарға қол қойылды.
Жергілікті үлес жөніндегі меморандумдар
7 облыс әкімдігімен жергілікті үлес жөніндегі меморандумдарға қол қойылды.
Президентпен телекөпір
«Қазақстан Алюминийі» АҚ, Қазақстан электролиз зауыты және «Еуроазияттық энергетикалық корпорациясы» АҚ мен Ақсу ферроқорытпа зауытының екі мыңнан астам жұмысшысы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевпен болған телекөпірге қатысты.
GOSH жобасы
Астанада Еуразиялық Топтың лондондық Great Ormond Street Hospital (GOSH) госпиталімен бірлесіп ұйымдастырған бес жылдық тағылымдама бағдарламасы аясында іріктеу комиссиясының отырысы өтті.
Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек
Қарағанды облысындағы су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетілді.
«Қазақстандықтар – Кеңес Одағы батырлары» видеоантологиясы
Астанада Кеңес Одағының батырлары болған қазақстандықтар туралы «Нұр Отан» партиясы мен Еуразиялық Топтың қолдауымен жарыққа шыққан видеоантологияның таныстырылымы өтті.
«Батырлар жолымен» – «Дорогой славы» жобасы
Жеңістің 70 жылдығында РФ Псков облысының аумағында «Майдан жолы» іздестіру отрядының сарбаздары Ұлы Отан соғысының қаһармандарына арнап Жеңістің әрбір он жылына орай жеті ескерткіш орнатты.
Қазақстан тарихындағы ең биік торт
Астанадағы SOS Балалар қалашығының тәрбиеленушілері Халықаралық балаларды қорғау күніне орай биіктігі 30 метрлік тортты сыйға алды.
Тұрғын үй бағдарламасы
Кәсіпорындар жұмысшыларына арналған Тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыру мақсатында аймақ әкімдіктерімен тиісті меморандумдарға қол қойылды.
Мерейтойлы жыл
Шұбаркөл разрезіне – 30 жыл
Краснооктябрь боксит кен басқармасына – 65 жыл
«Восточный» разрезіне – 30 жыл
«Қазхром ТҰК» АҚ-на – 20 жыл
Назарбаев Университетімен меморандум
Назарбаев Университетімен ынтымақтастық жөніндегі екі жақты меморандумға қол қойылды.
«Шебермен кездесу» шахмат жобасы
Хромтау, Павлодар, Қарағанды, Рудный және Астана қалаларында қазақстандық танымал гроссмейстерлермен бір мезгілдегі ойын сеанстары ұйымдастырылды.
Жаңа оқу орталығы
«Қазақстан алюминийі» АҚ базасында Металлург күнінің қарсаңында заманауи оқу орталығы ашылды.
Борыш міндеттемелерін қайта қарау
Еуразиялық Топ ВТБ мен Ресей Жинақ банкі алдындағы міндеттемелерді қайта қарауға қатысты стратегиялық маңызды келісімдерге қол жеткізді.
Жаңа шіркеу
Қостанай облысы Қашар ауылында «ССКӨБ» АҚ-ның қаржыландыруымен жаңа православ шіркеуі ашылды.
АқсФЗ-да пештің іске қосылуы
Ақсу ферроқорытпа зауытында №27 пеш күрделі жөндеуден кейін қайта іске қосылды.
Шеберлер елі
«Шеберлер елі: бір отбасында» атты жоба аясында Топ кәсіпорындарының жұмысшылары арасында өткен әдеби байқаудың лауреаттары мен дипломанттары анықталды.
«Ертіс Инвест-2015» келісім-шарты
«Ертіс Инвест-2015» форумы аясында Еуразиялық Топ ұзақ мерзімдік жоспарларды жүзеге асыруға бағытталған бірнеше маңызды келісім-шарттарға қол қойды.
«Жоспарды асыра орындау
«ЕЭК» АҚ энергетиктері 2015 жылы электр-қуатын өндіріп шығару жөнінен жоспарды асыра орындады.
Жаңа обсерватория
ERG мен Павлодар облыстық әкімдігінің арасындағы әріптестік жөніндегі Меморандум аясында Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Айымбетовтің қатысуымен облыстық М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында жеке обсерватория ашылды.
«Алаш тарихының ақиқаты» байқауы
Еуразиялық Топтың қолдауымен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Алаш тарихының ақиқаты» атты әдеби байқау өтті.
Экологиялық әріптестік
Еуразиялық Топтың Павлодардағы кәсіпорындары «Экология жөніндегі құзырет орталығы» корпоративтік қоры арасында өзара әріптестік жөніндегі Келісім-шартқа қол қойды.
Инновациялар байқауындағы жеңіс
Ұлттық инновациялар байқауында республика бойынша «Қазақстан алюминийі» АҚ-дағы жаңашыл идеяларды қолдау жүйесі мен Ақсу ферроқорытпа зауыты металлургтерінің жаңашыл шешімдері үздік деп танылды.
Ферроқорытпаның миллионыншы тоннасы
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Ақсу ферроқорытпа зауытында ферроқорытпаның миллионыншы тоннасы балқытылды.
Энергоблокты іске қосу
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «ЕЭК» АҚ-ның электр станциясында күрделі жөндеуден кейін №4 энергоблок іске қосылды.
Қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау
ERG отандық тауар өндірушілермен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.
«Алтын қор – 2015»
ССКӨБ базасында Еуразиялық Топ тарихында тұңғыш рет ERG-дің Қазақстандағы кәсіпорындарының қызметкерлері арасында «Алтын қор» кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Активтерді сату
Еуразиялық Топ Серов ферроқорытпа зауытының акцияларын сатты.
Көлік тобы
Алматылық «ENRC Logistics», «МЭК Транссистема» ЖШС мен «ТрансКом» ЖШС-лары бірегей «ТрансКом» компаниясы болып қайта құрылды. Бұдан бөлек, оның басқаруына «Трансремвагон» және «Береке 2004» вагон жөндеу кәсіпорындары берілді.
Алғашқы пеш
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбедегі жаңа ферроқорытпа зауытының алғашқы пешін іске қосты, бір айдан соң бірінші металл алынды.
Мерейлі жыл
«ССКӨБ» АҚ 60 жылдық мерейтойы , «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның жылдығы, Еуразиялық Топтың 20 жылдығы.
EUROPEAN CHELLENGE TOUR
«Kazakhstan open 2014 – EUROPEAN CHELLENGE TOUR» гольфінің 10-шы мерейтойлы кәсіби турнирін өткізуге көмек көрсетілді.
Жеңімпаз
Ақсу ферроқорытпа зауыты «Энергия үнемдеу саласындағы үздік шешім» номинациясы бойынша «Алтын Гефест» бесінші ұлттық салалық конкурсының жеңімпазы атанды.
Пржеваль жылқысы
Бір жарым ғасыр бұрын жоғалып кеткен Пржеваль жылқысын Қазақстанға қайтару бағдарламасына көмек көрсетілді.
Активтерді сату
Еуразиялық Топ Жәйрем тау-кен байыту комбинатының ацияларын сатты.
Қорық
Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының сулы-батпақты жерлерін сақтау жөніндегі іс-шараларға қолдау көрсетілді.
ERG
ENRC-дің ERG-ға (Еуразиялық Топқа) қайта құрылуы.
Еуразиялық Медиа-форум
Компания Еуразиялық Медиа-форумға демеушілік етті.
«Алтын сапа»
«Қазхром»ТҰК» АҚ «Жылдың үздік инновациялық жобасы» номинациясы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атанды.
1 000 000 тонна
Қазақстан электролиз зауыты алюминийдің бірінші миллион тоннасын қорытып алды.
«Парыз»
«ССКӨБ» АҚ «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясы бойынша әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды.
Дене шынықтыру-сауықтыру кешені
«Качарец» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды.
Анодтар өндірісі
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев күйдірілген анодтар өндіру зауытының іске қосу-реттеу жұмыстарын іске қосты.
Шұбаркөл көмір
«Шұбаркөл көмір» АҚ – Қазақстандағы ірі энергетикалық көмір өндіруші – Еуразиялық Топтың құрамына кірді.
GOSH жобасы
Қазақстан медицина қызметкерлерін Ұлыбританияда Еуразиялық Топтың қаражаты есебінен оқыту бойынша GOSH бесжылдық қайырымдылық жобасының жүзеге асырылуы басталды.
Олимпиада құрамасы
Лондон Ойындарындағы еліміздің мақтаныштарына - Қазақстанның ауыр атлетика олимпиада құрамасына демеушілік көмек көрсетілді.
Трансбордерлер өндірісі
«Тұлпар – Тальго» зауытына қажетті теңдессіз трансбордерлерді Қазақстанда алғаш Павлодар машина жасау зауыты жасап шықты.
Тәрбиеленушілер үшін билеттер
«SOS балалар ауылдарының» тәрбиеленушілері үшін VII қысқы Азия ойындарына билеттер алынды.
1,7 миллион тонна
«Қазақстан алюминийі» АҚ жылына өндірістік қуаттылығы 1,7 миллион тонна құрайтын алюминий тотығы өндірісіне шықты.
Алтын Журек
Еуразиялық Топ «Жыл меценаты» номинациясында «Алтын Жүрек» сыйлығына ие болды.
Жыл жобасы
«Қазром»ТҰК» АҚ KIOSH-2011 еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі жөніндегі бірінші Қазақстандық халықаралық конференциясы және көрмесінің «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша жыл жобасы» номинациясы бойынша жеңімпазы атанды.
Қауіпсіз кәсіпорын
Қазақстан электролиз зауыты KIOSH-2011 еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі жөніндегі бірінші Қазақстандық халықаралық конференциясы және көрмесі шеңберінде «Сенім» ұлттық салалық конкурсының қорытындысы бойынша «Үздік қауіпсіз кәсіпорын» деп танылды.
17-ші технологиялық секция
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ССКӨБ-нің фабрика кешенінде 17-ші технологиялық секцияны іске қосты.
Стадион
Рудный қаласында «Горняк» ЖСК стадионының қайта құрылуы аяқталды..
Электр станция
«Шұбаркөл көмір» АҚ-да пайдаға жаратылған кокс газында қуаттылығы 2 МВт құрайтын электр станциясы іске қосылды.
Екінші энергоблок
«ЕЭК» АҚ Ақсу электр станциясының екінші энергоблогы іске қосылды.
Үздік рационализаторлар
Қазақстан электролиз зауыты рационализаторлық қосымшалардың республикалық «РАЦИОНАЛИЗАТОР.KZ» байқауының, «Жылдың үздік рационализаторлық шешімі» аталымында жеңіске жетті.
Толық қуаттылық
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан электролиз зауыты толық жобалық қуаттылыққа шықты.
Аршу кешені
«Шығыс» разрезінде циклдік-ағымды аршу кешені қолданысқа енгізілді.
Астана Опера
«Астана Опера» Ұлттық театры ғимаратының құрылысына демеушілік көмек көрсетілді.
«Алтын сапа»
«Қазхром»ТҰК» АҚ «Жылдың үздік инновациялық жобасы» номинациясы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атанды.
Chambishi Metals PLC
ENRC Замбиядағы өңдеуші кәсіпорын Chambishi Metals PLC (Chambishi) акцияларының 90% сатып алды.
Northam Platinum Limited
Топ Оңтүстік Африкадағы негізгі платина өндіруші кәсіпорын Northam Platinum Limited компаниясы акцияларының 12,2% сатып алу арқылы өндірісті әртараптандыру стратегиясын жалғастырып келеді.
Зардап шеккендерге көмек
Еуразиялық Топтың ұжымы мен қайырымдылық қоры 160 000 000 теңге аударды.
«Батырлар жолымен» жобасы
Еуразиялық Топтың Ұлы Отан соғысының батырларына арналған «Батырлар жолымен» «Дорогой славы» халықаралық жобасының жүзеге асырылуы басталды.
Балабақша
Павлодар қаласына балабақша сыйлық ретінде табысталды.
«Жыл жобасы» жеңімпазы
Қазақстан электролиз зауыты «Алтын Гефест» бірінші салалық конкурсының «Жыл жобасы» номинациясы бойынша жеңімпазы атанды.
Ойсылқара ө.
Дөң КБК Ойсылқара өзенінде су қоймасының бірінші кезегін тапсырды.
«Үздік эко бағдарлама»
«Қазхром»ТҰК» АҚ «Алтын Гефест» бірінші салалық конкурсының «Үздік экологиялық бағдарлама» номинациясы бойынша жеңімпазы атанды.
Ферроқорытпа зауыты
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе ферроқорытпа зауыты базасындағы жаңа ферроқорытпа зауытының құрылысын іске қосты.
Camrose
Топ Camrose Resources Limited (Camrose) компаниясы акцияларының 50,5% сатып алды. Компанияның активтері арасында Конго Демократиялық Республикасындағы жоғарысапалы мыс пен кобалт кен орындарын игеруге берілген лицензия бар.
Металл илектеу зауыты
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен республикалық телекөпір барысында ССКӨБ-нің металл илектеу зауыты іске қосылды.
Bahia Minerals BV
Топ Bahia Minerals BV. акцияларының қалған 50%-ын сатып алды.
Фламинго фестивалі
Қорғалжын мемлекеттік қорығында «Фламинго -2010 фестивалінің» өткізілуіне демеушілік көмек көрсетілді.
Металдар биржасы
Қазақстан электролиз зауытының алюминийі Лондон металдар биржасында (ЛМБ) тіркелді.
Бірінші форум
Қазақстан электролиз зауыты базасында отандық тауар өндірушілердің «Қазақстандық қамту: инновациялар арқылы өсу» атты бірінші форумы өтті.
Үздік кәсіпорын
«Қазхром»ТҰК» АҚ «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты болды.
Хромды шекемтастар
Дөң КБК-да жылына қуаттылығы 700 мың тонна хромды шекемтастар өндіретін екінші цех іске қосылды.
Анодты өндіріс
Қазақстан электролиз зауытында анод өндірісінің құрылысы басталды.
Мешіт
Рудный қаласында «ССКӨБ» АҚ-мен салынған мешіт есігін айқара ашты.
Алтыншы энергоблок
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рудный қаласында ЖЭС алтыншы энергоблогын іске қосты.
СAMEC
Группа приобрела развивающуюся горнорудную компанию в Африке – Central African Mining and Exploration Company (CAMEC). Ее активы включают медь, кобальт, уголь, бокситы, платину, перевозки и логистику и флюориты.
FTSE 100
ENRC FTSE 100 тізіміне енді.
Энергоблок №1
Ақсу электр станциясында қуаттылығы 325 МВт құрайтын №1 энергоблок салтанатты түрде іске қосылды.
Заманауи пеш
Ақтөбе ферроқорытпа зауытында әктас күйдіру бойынша заманауи айналмалы пеш қолданысқа енгізілді.
Серов ферроқорытпа зауыты
Топты аймақтық дамыту стратегиясы аясында Ресейдің шығысында орналасқан Серов ферроқорытпа зауыты мен оған ілеспе бірнеше активтер сатып алынды.
Bahia Minerals BV
Топ бразилиялық танымал Bahia Minerals BV (Bahia Mineracao Limitada немесе BML атауларымен танылған) компаниясы акцияларының 50% сатып алды. Кәсіпорын Бахия (Бразилия) штатында орналасқан темір кенішін игерумен айналысады.
Үздік жүк жөнелтуші
Ақтөбе ферроқорытпа зауыты «Жылдың үздік жүк жөнелтушісі» республикалық конкурсының экспорттық қатынастар бойынша жеңімпазы атанды.
Үздік экспорттаушы
«Қазхром»ТҰК» АҚ «Жылдың үздік экспорттаушысы» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды.
Металл илектеу зауыты
«ССКӨБ» АҚ-ның металл илектеу зауытының құрылысы басталды.
Экспорттық тасымалдарды оңтайландыру
Ферроқорытпалар мен алюминий тасымалдарын контейнеризациялау бойынша жоба жүзеге асырылды.
Қор биржасы
IPO ENRC Лондон қор биржасында. Орналастырған сәтте нарықтық капиталдандыру 6,8 миллиардқа жуық фунт стерлингін құрады. Орналастыру көлемі жағынан 2007 жылы биржада екінші және тау-кен өндіру өнеркәсібінде аса ірісі болды.
Электролиз зауыты
Жылына бастапқы қуаттылығы 62 500 тонна бастапқы алюминий өндіретін Қазақстан электролиз зауыты іске қосылды.
Дайын өнімдер цехы
Ақтөбе ферроқорытпа зауытында жаңа заманауи дайын өнімдер цехы мен теңіз контейнерлерін тиеу алаңы іске қосылды.
ENRC Logistics
ENRC Logistics Көлік тобы құрылды.
ENRC
ENRC холдингтік компаниясы құрылды.Барлық актвитер қайта құрылымдалып, бірыңғай Топқа шоғырландырылды.
Тұрғын үй бағдарламасы
Еуразиялық Топ кәсіпорындарының қызметкерлері үшін тұрғын үй бағдарламасының жүзеге асырылуы басталды. 3000 отбасы жеңілдікті шарттарда баспаналы болды.
Тасымалдауды контейнерлеу
Ферроқорытпалар тасымалдауды контейнерлеу және меншікті контейнерлер мен платформалар паркін құру бойынша кең ауқымды жобаның жүзеге асырылуы басталды.
Спецкокс
Қазақстан ферроқорытпа өнеркәсібі үшін қалпына келтіретін – спецкокс өндіру бойынша «Сары-Арқа спецкокс» ЖШС зауыты іске қосылды.
Президент
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан электролиз зауытының құрылыс алаңына ат басын тіреді.
1,5 миллион тонна
«Қазақстан алюминийі» АҚ-да 1,5 миллион тонна алюминий тотығы өндірілді.
Кен байыту бөлімі
Дөң КБК-да ұсақ сыныпты кендерді байыту бөлімі, шекемтастар өндіру цехы және байыту қондырғысы қолданысқа берілді.
Дүниежүзілік рекорд
Дөң КБК-да дүниежүзілік жаңа рекордтарға қол жеткізілді: ҰБФ-2 863 000 тонна кесек концентрат және 4 660 000 тонна ұсатылған кен өндірді.
Сыйлықтар
Дөң КБК Хромтау қаласына мешіт, православие шіркеуін және «Балдәурен» демалыс саяжайын сыйлық ретінде тарту етті.
Меморандумдар
Еуразиялық Топтың кәсіпорындары орналасқан - Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарының әкімдіктерімен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда ынтымақтастық туралы алғаш меморандумдарға қол қойылды.
Жәйрем КБК
Жәйрем КБК марганец өндіру бойынша активтерін толықтыра отырып Еуразиялық Топтың құрамына енді.
Қалдықсыз өндіріс
Ақтөбе ферроқорытпа зауытында екі оқшаулау кешені және қождарды қайта өңдеу бойынша ұсату-сұрыптау кешені іске қосылды, қалдықсыз өндіріске тағы да бір батыл әрекет жасалды.
Темір жол вагондарының паркі
Темір жол вагондарының меншікті паркі құрылды. Достық-Алашанькоу темір жол өткелдері мен қытай порттары арқылы транзитпен Тынық мұхит өңірлері бағытында ферроқортпалар тасымалдаудың жаңа маршруты ашылды.
Дүниежүзілік рекорд
Дөң КБК-ның «Молодежная» шахтасы дүниежүзіндегі барлық хром шахталары арасында – 1 802 000 тонна кен өндіру бойынша жаңа рекорд қойды.
№4 энергоблок
Ақсу электр станциясының №4 энергоблогының қайта құрылуы аяқталды.
Шығыс Қамыс
«Қазхром»ТҰК» АҚ «Шығыс Қамыс» марганецті кен орнын қазуға кірісті.
Жетістіктер
Дөң КБК Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» дипломымен марапатталды.
Президент
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан алюминийі» АҚ-на сапармен барып, гидрометаллургиялық цехының кальциндеу учаскесінде ұжыммен кездесті.
Бу айдау қондырғысы
Ақтөбе ферроқорытпа зауытында 37 МВт бу айдау қондырғысы және пайдаға жарату-қазандығы іске қосылды.
Энергоблоктарды қайта құру
Ақсу электр станциясы энергоблоктарының ауқымды кезең-кезеңді қайта құрылуы басталды.
Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастығы
Қазақстанның ең ірі тау-кен, металлургиялық, энергетикалық және көмір өндіруші кәсіпорындарын біріктірген коммерциялық емес ұйым – Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастығы құрылды.
Президент
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дөң КБК-на ат басын тіреді.
Сауықтыру орталығы
Ақтөбе облысында өңірдегі ең ірі дене шынықтыру-сауықтыру орталықтарының бірі қолданысқа берілді.
Шахта
«Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» атауы берілген «Центральная» шахтасы толық қуатқа шықты.
Үздік салық төлеуші
Мемлекеттік кіріс министрілігі Дөң КБК-на «Қазақстан Республикасының үздік салық төлеушісі» атағын берді.
Жаңғырту
«ССКӨБ» АҚ-ның ауқымды өндірістік жаңғыртылуы басталды.
Логистика
Еуразиялық Топтың логистика бөлімшесі құрылды. Ферроқорытпалар мен басқа жүктерді экспорттық тасымалдаудың оңтайландырылуы басталды.
Президент
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жылына қуаттылығы 100 000 тонна хром кені өндірілетін Дөң КБК-на қарасты «Центральная» шахтасының іске қосу кешенінің бірінші кезегін іске қосты.
Сауықтыру кешені
Хромтауда емдеу-профилактикалық сауықтыру кешені пайдалануға берілді.
Жөндеу құрылымы
«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ құрамына Павлодарда орналасқан өндірістік жөндеу құрылымы (ӨЖҚ) енді. Кейіннен ол жөндеу базасы деп аталды.
Ақсу зауыты
Ақсу ферроқорытпа зауыты жанданды, ұзақ тоқтап тұрудан кейін 12 пеш іске қосылды.
Президент
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев электролиз зауытының құрылысы орнында символикалық іргетасын қалады.
Марганец
«Қазхром»ТҰК» АҚ-мы «Тур» марганецті кен орнын қазуға кірісті.
50 млн тонна
«ССКӨБ» АҚ-ның Қашар карьерінде өндіріс жүргізілгеннен бастап 50 000 000 тонна темір кені өндірілді.
ССКӨБ
Еуразиялық Топтың құрамына теміркен бөлімшесінің негізі – «ССКӨБ» АҚ кірді.
Қазақстан алюминийі
Ашық үлгідегі «Қазақстан алюминийі» акционерлік қоғамы құрылды. Қоғамның құрамына Павлодар алюминий зауыты, ТБКБ, КБКБ, «Керегетас» әктас кеніші, «Элитеп» ЖШС мен «ЦМГО» ЖШС кірді.
Ақсу электр станциясы
«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» акционерлік қоғамы құрылды. Оның құрамына Ақсу электр станциясы мен Екібастұздағы «Шығыс» кеніші енді.
Президент
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЖЭС күл-қойыртпақ қалдықтарын қайта өңдеу зауыты мен алюминий өндірісін іске қосты.
Премьер-министр
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақтурбо» зауыттық газ-турбина станциясын іске қосты.
Президент
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дөң КБК-да бас сұқты. Комбинаттың агрофирмасы құрылды. Сүт зауыты қолданысқа енгізілді.
«Қазхром» ТҰК АҚ
Жер қойнауын барлаудан бастап, пайдалы қазбаларды өндіру мен байытуды, оны металлургиялық өңдеп, қосымша құны жоғары дайын өнім шығаруға дейінгі ферроқорытпа өндірісінің барлық сатыларын түгел қамтитын «Қазхром» компаниясы құрылды.
Президент
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар алюминий зауыты мен ССКӨБ-де сапармен болып, ұжымдармен кездесті және кәсіпорындардағы өндірістермен танысты.
Алюминий тотығының миллионды тоннасы
Павлодар алюминий зауыты жаңа экономикалық жағдайларда жұмыс жасағаннан бастап алюминий тотығының алғашқы миллион тоннасы алынды.
Алюминиевый зауыты
Павлодар алюминий зауыты, Краснооктябрь және Торғай боксит кен басқармалары инвесторлар – Еуразиялық Топтың негізін қалаушылардың басқаруына берілді.