Бақылаушы кеңес

Шухрат Алиджанұлы Ибрагимов

Бақылаушы кеңестің Төрағасы – ERG S.a.r.l. Директорлар кеңесінің мүшесі

Лондондағы Еуропа бизнес мектебі мен Бейжің тіл және мәдениет университетін тәмамдаған. Шухрат Ибрагимов он жыл бойы өндірістің әртүрлі учаскелерінде және ERG тобының басқа да бизнес салаларында жұмыс істеді. Бұл әлемдегі ең ірі тау-кен компанияларының бірінде айтарлықтай тәжірибе жинауға және технологиялық процестерді, қаржы ағындары мен стратегиялық дамуды басқару бойынша терең білім алуға мүмкіндік берді.

2015-2021 жылдар аралығында ERG-дің бизнесті дамыту департаментіне басшылық ете отырып, Шухрат Алиджанұлы Ибрагимов өндірісті жоспарлауға және клиенттермен қарым қатынасты дамытуға жауапты болды. Ол Қытаймен ынтымақтастықты қоса алғанда, Топтың бірқатар қазақстандық және халықаралық жобаларын әзірлеу мен іске қосуда аса маңызды рөл атқарды. Осындай жобалардың бірі болып кобальт өндірісі бойынша әлемде екінші орында тұрған және мыс өндірушілердің бірі болып табылатын Metalkol RTR жобасы және ERG-дің Бразилиядағы интеграцияланған теміркенді және логистикалық BAMIN жобасы болды.

2021 жылдан бері Шухрат Ибрагимов Eurasian Resources Group Директорлары кеңесінің, Аудит комитетінің, Сыйақылар комитеті және Орнықты даму, қосылу мен жұтылу комитетінің мүшесі болып табылады.

Дмитрий Игоревич Мельников

Бақылаушы кеңестің мүшесі – Топтың құқықтық мәселелері жөніндегі бас директоры

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінің заң факультетін «Құқықтану» мамандығы бойынша (Азаматтық құқық кафедрасы) аяқтады, сондай-ақ Вирджиния Университетінде (University of Virginia, АҚШ) құқық магистрі дәрежесін (LL.M.) алып, соңынан РМЗМИ-да диссертацияны қорғап, заң ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие болды.

Қосылу мен жұтылу, қаржыландыру және бизнесті кешенді сүйемелдеу мәмілелері саласында мамандандырылған Дмитрий Мельниковтың негізгі кәсіби қызметі Cleary Gottlieb халықаралық заң компаниясындағы жұмыспен байланысты.

2014 жылдан бастап Дмитрий Мельников ERG Тобында &ndsah; алғашқыда Халықаралық құқық және M&A жөніндегі атқарушы директор ретінде, ал 2016 жылдан бастап – Топтың құқықтық мәселелері жөніндегі бас директоры (Chief Legal Officer) қызметін атқарып келеді.

Сондай-ақ, 2016 жылдан бастап ERG Тобының Атқарушы комитетінің мүшесі болып табылады.