ERG кәсіпорындары орналасқан аймақтарды дамыту
2010-2017 жылдар аралығында Еуразиялық Топтың барлық кәсіпорындарымен Қазақстанда жұмыскерлерді әлеуметтік қорғауға және әлеуметтік саланы қамтамасыз етуге, сондай-ақ қайырымдылық пен демеушілікке жұмсалған шығындары 194 млрд теңгені құрады. Олардың ішіндегі таза қайырымдылық пен демеушілікке – 120 млрд теңге.
Өндіріс ошақтары орналасқан өңірлерді дамыту бағытындағы жетістіктерінің бірі — Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарының әкімдіктерімен өзара ынтымақтастық туралы жыл сайын Меморандумдарға қол қою болып табылады. 2017 жылы Еуразиялық Топ жалпы құны 7 млрд теңге құрайтын Меморандумдарға қол қойды.
2018 жылы Меморандумдар аясында жалпы сомасы 8,6 млрд. тенге, ал 2019 жылы – шамамен 9 млрд. теңгенің жобалары тиянақты жүзеге асырылды. 2020 жылы ERG кәсіпорындары орналасқан өңірлерді дамытуға 10 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсалмақ.
Компания өзінің кәсіпорындары орналасқан, еліміздің төрт өңіріндегі әлеуметтік-экономикалық аса маңызды жобаларды жүзеге асыруға жыл сайын қатысып отырады.
Топ әлеуметтік саясаты аясында Ақтөбе, Қостанай мен Павлодар облыстарында «ERG mektepke» бастамасын жүзеге асырып жатыр. Жобаның мақсаты – жоғарыда аталған облыстарда білім беруде жаңа орта қалыптастыру. Ол 175 мектептегі педагогтердің кәсіби біліктілігін дамыту, білім беру ұйымдарының жетекшілерін шыңдау, инженерлік мамандықтардың тартымдылығын арттырып, білім беру ісінде цифрлық технологияларды пайдалану ауқымын кеңейту. Мектеп басшыларын қайта даярлау бағдарламасы жетекшілердің басқару дағдылары мен құзіреттерін шыңдауды көздейді. Оқыту барысында интерактивті презентациялар, топтық жұмыс, тюторлық сүйемелдеу, қатысушылардың кейстерін таныстыру, Қазақстан ТМД аумағындағы озық деп танылған мектеп басшыларының қонақ дәрістерін де қамтиды.