Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз



Біз сайтымызды пайдаланушылармен өзара әріптестіктің сапасын жақсартып, оның мазмұнын дербес ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Біздің веб-сайттың баптауларын өзгеріссіз пайдалана отырып, Сіз біздің cookie файлдарын пайдалануымызға келісім бересіз. Осы cookie файлдарын біз қалай пайдаланатынымыз туралы қосымша ақпаратты мына жерден табасыз.

Орнықты даму

Экологиялық бастамалар

Еуразиялық Топ өзінің өндірістік қызметінің қоршаған ортаға кез келген теріс ықпалын төмендету және ресурстарды тиімді пайдалану жолын ұстанады, 2003 жылы Қазақстанда ферроқорытпа, темір кені, алюминий тотығы және алюминий, энергетика өндірістерінде қоршаған ортаны қорғауды басқарудың формалды жүйесін алғаш енгізгендердің бірі болды.

2009 жылы елімізде барлық өндірістік кәсіпорындар халықаралық сәйкес келу сертификаттарын алды. Бұдан бөлек, Топ Қазақстанда химиялық қалдықтарды басқару жүйесін енгізу арқылы қауіпті қалдықтардың ықпалын төмендетуге бағытталған, алғаш болып химиялық заттектер жөніндегі Саясатты қабылдады. Топтың қоршаған ортаға ықпалды төмендету бойынша қолданған шаралары арасында мыналар ерекшеленеді:

Жаңа технологияларға
инвестициялар

Электр энергия мен
су тұтынудың
көлемін қысқарту

Ландшафт пен биологиялық алуан
түрлілікке ықпалды
барынша азайту бағдарламалары

Барлық шығарылымдарға
және олардың қоршаған аумаққа
ықпал етулерін қатаң бақылау