Тұрақты даму

Әлеуметтік жобалар

Әлеуметтік жоба:

75,9

млрд
теңге

Қайырымдылық және демеушілік

Өндіріс ошақтары орналасқан өңірлерді дамыту

Қайырымдылық

75,9

млрд
теңге

2011-2016 жылдар аралығында Еуразиялық Топтың барлық кәсіпорындарымен Қазақстанда жұмыскерлерді әлеуметтік қорғауға және әлеуметтік саланы қамтамасыз етуге, сондай-ақ қайырымдылық пен демеушілікке жұмсалған шығындары 130,8 млрд теңгені құрады. Олардың ішіндегі таза қайырымдылық пен демеушілікке – 75,9 млрд теңге.

МЕМОРАНДУМДАР

5,1

млрд
теңге

Өндіріс ошақтары орналасқан өңірлерді дамыту бағытындағы жетістіктерінің бірі — Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарының әкімдіктерімен өзара ынтымақтастық туралы жыл сайын Меморандумдарға қол қою болып табылады. 2016 жылы Еуразиялық Топ жалпы құны 5,1 млрд теңге құрайтын Меморандумдарға қол қойды.

Компания өзінің кәсіпорындары орналасқан, еліміздің төрт өңіріндегі әлеуметтік-экономикалық аса маңызды жобаларды жүзеге асыруға жыл сайын қатысып отырады.

Ақтөбе және Хромтау қалаларын көркейту, балабақша үшін ғимарат бөлу, кәсіптік колледжге көмек көрсету, жергілікті кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерін қолдау, діни мекемелерге көмек көрсету.
Жолдарды жөндеу, балалар ойын алаңдарының құрылысы, аулаларды көркейту, жол техникасын алу, мектептерді, аудандық мәдениет Үйлерін күрделі жөндеу, діни мекемелер мен өңірлік әртістерді қолдау, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына көмек көрсету.Қарқаралы қ. мүгедектерге арналған оңалту орталығының ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстарын қаржыландыру.
Облыс бойынша дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, сондай-ақ Қашар кентінде балабақша құрылысы, инженерлік-коммуникациялық желілерін жөндеу, Рудныйда мешіт және шіркеу салу жобалары жүзеге асырылды.Қостанай облысындағы медициналық мекемелерді қаржыландыру (2014 жылы МҚК «Рудный перзентханасы» үшін жабдықтарды сатып алу үшін 100 млн теңге, 2013 жылы КМҚК «Рудный қаласының ауруханасына» 100 млн теңге бағытталды). Тұрақты негізде колледждер мен университеттерге қолдау көрсетіледі.
Павлодар қаласында тұрғын үй, Екібастұзда – балалар музыка мектебі, Ақсуда– Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы спорт Сарайы, балалар ойын алаңдары салынды, жергілікті кәсіптік-техникалық білім беру мекемелеріне қолдау, зейнеткерлерге көмек көрсету жүзеге асырылады.