Қауіпсіздік және еңбекті қорғау

ERG-дің стратегиялық мақсаты – Топтың барлық кәсіпорындарында өндірістегі жарақат алу деректері мен апаттарды мүлдем болдырмау мақсатына қол жеткізу үшін біз бизнес-моделімізді трансформациялап, өнеркәсіп қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды басқару жүйесін жетілдіріп, кіріктірілген өндірістік бақылау мен заманауи жеке қорғаныш құралдарын, оқыту әдістері мен бақылау құралдарын енгізіп келеміз. Біз біртіндеп негізгі тірек тұжырымдары барлық деңгейдегі басқарушылардың көшбасшылығы мен берік ұстамы, әр қызметкердің қауіпсіздік мәселелеріне барынша әділ де байсалды көзқарас орнату болып табылатын еңбекті қорғаудың жоғары мәдениетін қалыптастыруға күш салып келеміз.