Cookie файлдарына қатысты саясат
Сookie файлдары дегеніміз не?
Cookie — әріптер мен сандардан құралып, браузер Сіздің компьютеріңіздің немесе мобильдік қондырғыңыздың қатқыл жадысында сақтайтын ықшам файлдар. Біздің сайт мәліметтерді жинап, оны Сіздің компьютеріңіздің қатқыл жадысында cookie форматындағы файлдар ретінде сақтайды. Cookie файлдарын пайдаланушы қайта оралған жағдайда оны танып, тиісінше жауап қатуға мүмкіндік беретін сайттың «жадысы» деп атауға болады.
ERG cookie файлдарын қалай пайдаланады?
Біз cookie файлдарының келесі түрлерін пайдаланамыз:
- Қатаң міндетті cookie файлдары. Бұл cookie файлдары Сізге біздің веб-сайтты пайдалана алуыңыз үшін қажет.
- Сараптамалық/пайдаланушылық cookie файлдары. Аталған файлдар бізге сайтты пайдаланушылар саны мен оны қалай пайдаланғаны туралы ақпарат алу үшін қажет. Өз кезегінде ол біздің веб-сайттың жұмысын жақсартуға, мәселен ақпаратты іздеуді жеңілдетуге сеп болады.
- Функциональдық cookie файлдары. Ол пайдаланушы сайтқа қайта оралған жағдайда оны тану үшін керек. Бұл өз кезегінде сайтымызды Сізге дербес етуге мүмкіндік береді. Мәселен атыңызды атап қарсы алу, Сізге қажетті ақпаратты топтастыру (мысалы, Сіз таңдаған тіл мен өңірді шығару). Сөйте тұра, аталған cookie файлдарын пайдалану қолданушының өзге сайттар бойынша ауысымдары мен әрекеттері туралы ақпаратты бақылауға мүмкіндік бермейді.
- Cookie мақсатты файлдары. Аталған cookie файлдары біздің веб-сайттың қай айдарларын оқығаныңызды, Сіз енген парақшалар, Сіз пайдаланған сілтемелер туралы ақпараттарды жазып сақтайды. Біз аталған мәліметтерді пайдалана отырып, Сіздің мүддеңізге сай келетін ақпараттарды өзіміздің веб сайтымызда орналастыруға тырысамыз. Сондай-ақ, біз бұл ақпараттарды үшінші тарапқа (мәселен жарнама берушілерге) беруіміз мүмкін.
Біздің веб-сайтта Laravel және Google Analytics тұрғырнамалары пайдаланылады. Олар жоғарыда аталған cookie файлдарының барлық тұрлерін қолданады.
Біз жинастыратын cookie файлдары пайдаланушының нақты тұлғасын анықтайтын ақпараттарды қамтымайды.
Cookie файлдарының жұмысын қалай тоқтатуға болады?
Cookie файлдарын бұғаттау үшін браузердің бірқатар немесе барлық cookie файлдарына тыйым салатын тиісті баптауларын орнату керек. Алайда егер Сіз барлық cookie файлдарын өшіріп тастайтын болсаңыз, браузердің баптауларында (соның ішінде cookie файлдарын ), біздің веб-сайт пен оның бірқатар айдарларын қарай алмай қалуыңыз мүмкін.
Міндетті файлдардан басқа cookie файлдары 120 минут сақталады.