Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз



Біз сайтымызды пайдаланушылармен өзара әріптестіктің сапасын жақсартып, оның мазмұнын дербес ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Біздің веб-сайттың баптауларын өзгеріссіз пайдалана отырып, Сіз біздің cookie файлдарын пайдалануымызға келісім бересіз. Осы cookie файлдарын біз қалай пайдаланатынымыз туралы қосымша ақпаратты мына жерден табасыз.

Кен өндіру саласының Токиода өткен ауқымды саммитінде Eurasian Resources Group төртінші өнеркәсіптік төңкерістегі металдардың рөлі туралы толымды ақпарат ұсынды

06.12.2018
Кен өндіру саласының Токиода өткен ауқымды саммитінде Eurasian Resources Group төртінші өнеркәсіптік төңкерістегі металдардың рөлі туралы толымды ақпарат ұсынды

Табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу саласындағы әлемдегі жетекші әртараптандырылған компания Eurasian Resources Group (бұдан ары – «ERG» немесе «Топ»), Nikkei ақпарат агенттігінің қолдауымен Токиода Financial Times өткізген салалық «Энергетика саласындағы құрылымдық өзгерістерге дайындық» атты ауқымды кен өндірушілер самиттіне: https://live.ft.com/Sponsors/FT-Commodities-Tokyo-Summit қатысты. Rio Tinto, Trafigura, JOGMEC және METI сынды әлемдік жетекші компаниялар қатарында ERG де баяндама жасап, металмен қамдаушылардың төртінші өнеркәсіптік төңкерістегі жеткізуші ретіндегі маңызды рөліне кеңінен тоқталды. Баяндамада Топтың аймақтағы позицияларын одан ары нығайту жоспарлары мен Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея елдеріндегі әріптестермен серіктестіктің коммерциялық қатынасын дамыту жайына ерекше көңіл бөлінген.

Негізгі баяндама жасаған ERG-дің Бас атқарушы директоры Бенедикт Соботка әлемдік аккумуляторлық батареялар нарығына кобальт пен мыс сынды негізгі материалдардың жауапты жеткізілім тізбегін құру бағытында Топ атқарып жатқан ауқымды жұмыстар туралы айтып берді.

ERG электромобильдер өндірісінің өсімін толық қолдайды. Баяндамада оған қажетті аккумулятор өндірушілерге бірқатар күрделі міндеттер жүктеліп отырғаны атап айтылған. Мәселен, қоршаған ортаның ластануымен күрес, әлеуметтік міндеттемелер мен табиғатты қорғау нормаларын сақтауға қатысты заңнамалық талаптарды мүлткісіз сақтау, және шағын әуесқой қауымдастықтар арасында бүгінде кеңінен таралған балаларды еңбекке жегу арқылы алынған шикізатты сатып алуды тоқтату. Анығында, осындай әуесқой өндірушілер бүгінде әлемдік нарыққа шығарылатын кобальттің төрттен бірін өндіріп отыр. 

ERG-дің саммиттегі есебінде айтылғандай, Metalkol RTR жобасы аясында Топ «Таза Кобальт» бастамасын жүзеге асыруда. Бастаманың мақсаты – кобальттің жауапты әрі кепілдендірілген жеткізілімдерін қамтамасыз ету. Конго Демократиялық Республикасындағы Metalkol RTR жобасының мәні осы өлкеде пайдалы қазбаларды өндіру саласында ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген өзге кәсіпорындардан қалып, қордаланған кобальт пен мыс үйінділерін қайта өңдейтін кәсіпорын салу. Толық қуатында шыққан соң Metalkol RTR зауыты нарыққа жыл сайын 120 мың тонна мыс пен 24 мың тонна кобальт жеткізе алады. Бұл жылына 3 млн дана электромобиль өндірісін қамтамасыз етуге жеткілікті.

ERG өндірген кобальт жапондық аккумуляторлы батарея өндіруші кәсіпорындарға жеткізіледі. Өз кезегінде олар аккумуляторларға қажетті материалдар, электроника мен болаттың арнайы сорттарын өндірушілер, катализаторлар мен өзге де химиялық заттар, сондай-ақ, магнит өндірушілерге жөнелтіледі. Осы өнімнің басым бөлігі түптеп келгенде автокөлік жасауға жұмсалады. Бұдан бөлек, ERG ұзақ жылдар бойы жапониялық тот баспайтын болат пен азқоспалы хромды болат өндірушілерге шикізат жеткізіп келеді. Топ – жапон нарығына жоғарыкөміртекті феррохром экспорттаушы алпауыттардың бірі.

 ERG Директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич Топтың Токиода өткен саммитке қатысуы жайлы: «Жапония технологиялық инновациялар саласындағы озық әрі жетекші экономикалық держава. Сондықтан жапон компаниялары ұдайы Топ өнімдерінің ең сенімді сатып алушыларының қатарында. Осы орайда, ERG атынан біздің бизнес стратегиямыздың негізін қалыптастырып отырған металдар – ферроқорытпалар мен кобальт жеткізілімдерінің халықаралық тізбегін нығайтуға сүбелі үлес қосып, тұрақты қолдау көрсеткені үшін жапон әріптестерімізге алғыс айтқым келеді»,- деп пікір білдірді. 

Өз кезегінде Бенедикт Соботка: «Кобальт – электромобильдер нарығы өсімінің негізгі факторы. Алайда, сенімді жеткізілімдерді қамтамасыз ету ұзақмерзімді жоспарлау мен миллиардтаған инвестицияларды қажет етеді. Міне, сол себепті электромобиль өндірушілер сатып алуларын ERG иелігіндегі Metalkol RTR кәсіпорны сынды бизнес жүргізудің барлық этикалық талаптарын бұлжытпай сақтайтын өндірушілермен қамтамасыз етуі керек. Біз жапон әріптестерімізбен арадағы серіктестікті одан ары дамытып, 2019 жылы Metalkol RTR жобасынан кобальт жеткізілімдері бастау жоспарын ескере отырып, азия нарығынан біздің компанияға қосымша қызығушылық болады деген үміттеміз»,- деп атап айтты.

ERG-дің Қазақстандағы ферроқорытпа өндірісі – «Қазхром» 20 жыл бойы жапон нарығының жоғары сапалы ірі стратегиялық жеткізушісі болып табылады»,– деп түйіндеді сөзін Соботка мырза.

Жаңалықтармен бөлісіңіз: