Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз



Біз сайтымызды пайдаланушылармен өзара әріптестіктің сапасын жақсартып, оның мазмұнын дербес ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Біздің веб-сайттың баптауларын өзгеріссіз пайдалана отырып, Сіз біздің cookie файлдарын пайдалануымызға келісім бересіз. Осы cookie файлдарын біз қалай пайдаланатынымыз туралы қосымша ақпаратты мына жерден табасыз.

ССКӨБ-тің әлеуметтік жобалары «Жомарт жүрек» мемлекеттік марапатына лайық деп танылды

07.12.2018
ССКӨБ-тің әлеуметтік жобалары «Жомарт жүрек»  мемлекеттік марапатына лайық деп танылды

Еуразиялық Топ құрамындағы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі «Жомарт жүрек» республикалық жобасының лауреаты атанды. Қорытынды 6-желтоқсан күні Астанада шығарылды.

Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі биыл тұңғыш рет «Жомарт жүрек» мемлекеттік сыйлығын тағайындады. Жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұйымдастырылған. Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі «Жылдың үздік ұйымы» аталымында жеңімпаз атанды. Марапат әлеуметтік маңызды жобаларды тиімді жүзеге асырып, қайырымдылық қызметтің жаңа формаларын енгізгені үшін берілген.

ССКӨБ-тың 2018 жылы қолға алған әлеуметтік акцияларының арасында ең ірі үшеуін атап айтуға болады. Біріншісі – Рудный қаласы мен Қашар кентін орталықтандырылған жылумен қамту. Бұл жобаға бірлестік 800 млн теңге жұмсады. 2017-2018 жж. жылу маусымында температуралық режим қатаң сақталып, жабдықтардың жұмысында ақау, жоспардан тыс тоқтап қалулар болған жоқ.

Маңыздылығы жөнінен екіншісі – скейт-аттракциондар. Ауданы 800 шаршы метр және құны 30 млн. теңгелік жаңа құрылысқа памп-трек пен скейт саябағы кіреді. Енді рудныйлық BMX райдерлерінің, скейтерлер мен роликте сырғанаудың фанаттары үшін уақытын тиімді өткізетін жер бар.

Кеншілер іске асырған тағы бір жоба – Рудныйлық №2 гимназия мен №1 Қашар орта мектебіндегі STEM-зертханалар. ERG мен Қостанай облысы әкімдігі арасында жасалған әлеуметтік маңызы зор жобаларды жүзеге асыру бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумның аясында техникалық жаңашылдықты сатып алуға 7,5 миллион теңге жұмсалды. Жабдықтардың тізімінде роботтардың бірнеше жинағы, ЛЕГО конструкторлары, 3D-принтер, құралдар мен 10 ноутбук бар.

– Рудныйды тұрғындар үшін тартымды және заманауи қала ету бізге маңызды, – деді ССКӨБ президенті Береке Мұхаметқалиев. – Біз кіші осы мекендегі барлық бастамаларын қолдап, алдағы уақытта да Еуразиялық Топтың «Туған жер – Родный города» жобасының аясында аймақтың әлеуметтік саласының дамуына барынша көмектесе беретін боламыз. Жақын күндері жаңа кинотеатрдың құрылысы аяқталды. Екі залдың әрқайсысына 107 адам сыйып, 2D және 3D форматтарында фильм тамашалауға мүмкіндік бар. Бұл ССКӨБ-тің Рудныйдың дамуына қосып келе жатқан сүбелі үлесінің тек бір парасы.

«Жомарт жүрек» мемлекеттік сыйлығын тағайындау жөніндегі  сарапшылар комиссиясына Қостанай облысы меценаттарынан 55 өтініш келіп түскен. Нәтижесінде аймақтың дамуына үлес қосып келе жатқан 5 үздік лауреат таңдап алынды.

Жаңалықтармен бөлісіңіз: