Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз



Біз сайтымызды пайдаланушылармен өзара әріптестіктің сапасын жақсартып, оның мазмұнын дербес ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Біздің веб-сайттың баптауларын өзгеріссіз пайдалана отырып, Сіз біздің cookie файлдарын пайдалануымызға келісім бересіз. Осы cookie файлдарын біз қалай пайдаланатынымыз туралы қосымша ақпаратты мына жерден табасыз.

«Қазақстан алюминий» АҚ атмосфералық ауа мониторингін іске қосты

11.12.2018
«Қазақстан алюминий» АҚ атмосфералық ауа мониторингін іске қосты

Павлодарлықтар ауа сапасын енді заманауи жүйемен бақылайтын болды. Тың жабдық Еуразиялық Топ құрамындағы «Қазақстан алюминий» АҚ Павлодар алюминий зауытының санитарлық-қорғау аумағы шекарасындағы Зеленстрой ауданына орнатылған. Ол атмосферадағы заттардың құрылымын нақты уақыт режимінде көрсетеді.

Атмосфералық ауадағы өзгерісті бірден айқындап беретін заманауи технологиямен жабдықталған құрылғының құны шамамен 120 млн теңгені. Ақпанда Павлодар облысының мемлекеттік органдары мен «Қазақстан алюминийі» АҚ арасында жасалған «Экологиялық мәселелер бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум» шеңберінде осы экологиялық мониторинг жүйесін орнату көзделген болатын.

– Бізге Павлодар тұрғындарының қала ішіндегі атмосфералық ауаның айқын бейнесін көргені қажет,– деді Павлодар облысы бойынша жер қойнауын пайдалану және қоршаған орта, су ресурстары басқармасының басшысы Қадылжан Сатиев. – Сонымен қатар, «Қазақстан алюминийі» АҚ өңіріміздің ірі кәсіпорын бола тұра, ұсынысымызды жауапсыз қалдырмай,  санитарлық-қорғау шекарасына экологиялық бекет орнатқан алғашқы өндіріс ошағы. Қондырғы атмосфералық жүйеге тәулік бойы бақылау жүргізеді және қажет жағдайда оперативті түрде жауап береді. 2022 жылға дейін өңіріміздің ең ірі кәсіпорындарына санитарлық-экологиялық бекеттер орнату жоспарда бар.

Құрылғы маманның көмегін қажет етпейді. Ауадағы күкірт қышқылы мен көміртегі, сутегі сульфиді және шаңның мөшлерін айнықтайды. «Ақылды» технология атмосфералық ауадағы өзгерісті онлайн режимінде айқындап береді.

– OPSIS – Швецияда өндірілген экологиялық мониторинг жасайтын заман құрылғы, – деді «Қазақстан алюминийі» АҚ қоршаған ортаны қорғау департаментінің басшысы Ринат Сарлыбаев. Ол жарық сәулесінің мүмкіндігіне негізделген DOAS технологиясымен жұмыс істейді. Газталдағыштағы жарық сәулесінің көмегімен бірнеше газдардың шоғырлануын анықтайды. Анализатордағы жарық сәулесін пайдалану бірнеше түрлі газдардың концентрациясы бір мезгілде анықтап бермек.

Павлодар алюминий зауытының мамандары ақпаратты онлайн режимінде алады. Деректерді  өндірістік экологиялық мониторинг жүргізу үшін пайдаланады, сондай-ақ сұраныс бойынша мүдделі тұлғаларға жолдап тұрмақ.

Қазіргі уақытта станция сынақ режимінде жұмыс істеп, жергілікті шарттарға бейімделу үстінде.

Сонымен қатар, стационарлы қосыннан бөлек, Павлодар алюминий зауытында арнайы мобильді зертхана да жұмыс істеп тұр. Ол жел қалаға қарай соққан жағдайда, рейдке шығып, атмосфералық ауаны метеорологиялық жағдайлар кезінде өлшейді.

Жаңалықтармен бөлісіңіз: