Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз



Біз сайтымызды пайдаланушылармен өзара әріптестіктің сапасын жақсартып, оның мазмұнын дербес ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Біздің веб-сайттың баптауларын өзгеріссіз пайдалана отырып, Сіз біздің cookie файлдарын пайдалануымызға келісім бересіз. Осы cookie файлдарын біз қалай пайдаланатынымыз туралы қосымша ақпаратты мына жерден табасыз.

«ЕЭК» АҚ Ақсу электр станциясының мерейтойына орай энергетиктерге салалық наградалар мен автокөлік кілттері табысталды

13.12.2018
«ЕЭК» АҚ Ақсу электр станциясының мерейтойына орай энергетиктерге салалық наградалар мен автокөлік кілттері табысталды

Қазақстан энергетикасының көшбасшысы – Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «ЕЭК» АҚ Ақсу электр станциясы 50 жылдық мерейтойын атап өтті.

Қуаты 300 мегават бірінші энергоблок сонау 1968 жылы іске қосылған. Бұл көптеген қиындықтарды еңсеріп, нағыз табандылықпен табысқа бастаған жол болды. Бірақ қатаң климаттық жағдай, жабдықтау проблемалары, білікті кадрлардың тапшылығы, күрделі технологиялық міндеттер кәсіпорынның іргесін қалаған адамдарды тоқтата алған. Энергетика алыбы уақыт өте келе Ертіс өңірінің зауыттары мен елді мекендерінің тыныс-тіршілігін электр қуатымен қамтамасыз ете отырып, өнеркәсіптік орталықтың маңызды буыны ретінде танылды.

Содан бері Ақсу станциясы 587 млрд. кВтс электр энергиясын өндірді! Бұл шағын бір қаланы 6 000 жыл бойы энергиямен жабдықтауға жеткілікті.

Бүгінгі күні Ақсу электр станциясы – энергетика саласы көшбасшыларының бірі. Станция Еуразиялық Топтың барлық кәсіпорындарын қуатпен қамтып отыр.

Энергетиктер мерекесі Ақсу қаласындағы С. Дөнентаев атындағы мәдениет үйінде өтті. Станцияда алғашқы болып еңбек еткен, олардың ісін жалғастырған және осы күнде де табысты еңбек етушілерге құрмет көрсетілді. Бұл бірінші энергоблокты іске қосуға қатысушылар, даңқты еңбек әулеттерінің өкілдері, еңбек сіңірген және құрметті энергетиктер, станцияның бұрынғы директорлары және «ЕЭК» АҚ қызметкерлері.

Жеті ардагерге алғыс ретінде Алматы қаласындағы «Оқжетпес» шипажайына сауықтыру жолдамасы берілді. Сондай-ақ, Ақсу электр станциясының үздік қызметкерлері грамоталармен, корпоративтік наградалармен, салалық ерекше белгілермен марапатталды. Мерейтой аясында кәсіпорынның 100-ге жуық қызметкері марапатталды. Олардың бесеуі автокөлік кілтіне ие болды. Іс-шараның ресми бөлігіне ҚР Халық әртісі Әлібек Дінішевтің өнер көрсетуі күтпеген тосынсый болды.

– Электр станциясының мерейтойы – біз үшін маңызды күн, - деді Ақсу электр станциясының директоры Владимир Фенев. – Бұл станцияның елу жылдық тарихы ғана емес, сонымен қатар өмірі кәсіпорынмен қатар өрілген  мыңдаған адамның тағдырымен тығыз байланысты. Бұл кіршіксіз махаббат алаулап, жаңа отбасылар пайда болды. Балалар ата-анасының ізін жалғап, тамыры терең еңбек әулеттерінің негізі қаланды. Станцияға жаны ашитын адамдардың арқасында компания болашаққа сеніммен қарайды, жаңа жабдықтарды игеріп, қайырымдылық акцияларын өткізіп, қаланың әлеуметтік-мәдени саласына инвестиция құйып отыр.

Мен станцияда 38 жыл бойы релелік қорғаныс пен автоматика жөндеу жөніндегі электр монтері болып жұмыс істеп келемін, - деді    Светлана Махмудова     – Бұл күн жадымызда ұзақ қалады: бүгін маған автокөлік кілтін сыйға тартты. Басшылық менің еңбегімді жоғары бағалайтынына қуаныштымын. Мен қарапайым адамдардың еңбегін бағалайтын осы кәсіпорында жұмыс істеймін деп мақтанамын.

Салтанатты шара қазақстандық эстрада жұлдыздарының мерекелік концертіне ұласып, қызылды-жасыл отшашумен түйінделді.

Жаңалықтармен бөлісіңіз: