Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз



Біз сайтымызды пайдаланушылармен өзара әріптестіктің сапасын жақсартып, оның мазмұнын дербес ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Біздің веб-сайттың баптауларын өзгеріссіз пайдалана отырып, Сіз біздің cookie файлдарын пайдалануымызға келісім бересіз. Осы cookie файлдарын біз қалай пайдаланатынымыз туралы қосымша ақпаратты мына жерден табасыз.

ERG Ақтөбе мен Павлодар облыстарында жел мониторингіне кірісті

20.12.2018
ERG Ақтөбе мен Павлодар облыстарында жел мониторингіне кірісті

Еуразиялық Топ (ERG) Ақтөбе мен Павлодар облыстарында жаңғыртымды көздерден қуат алатын жеке нысан салу мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. Жаңғыртымды қуатқа негізделген жобаны әзірлеудің алғашқы қадамы потенциалды қуат көздерін бағалау басталды.

  Екібастұз бен Хромтау қалалары маңындағы алаңдарда жел мониторинг науқаны басталды. Желдің энергетикалық мүмкіндіктерін өлшеу 12 ай қатарынан үздіксіз жүргізілмек. Жүргізілген зерттеу жұмыстары мен жел параметрлерінің талдау нәтижесіне қарай жел энергетика жабдықтарының (жел турбиналары) тиімді модельдері таңдалатын болды. 

Желдің энергетикалық потенциалын бағалау жобаның бастапқы кезеңдегі тиімділігін айқындайды. Бұдан бөлек, ол жобаға сырттан инвестициялар тартуға қажеттң қадам.

– Әр алаңдағы жел қуатын өлшеуші жабдықтар кешені көптеген компонентттерден тұрады. Атап айтқанда, желкен, датчиктер, мәліметттерді тіркеуші, әрі ERG-дің ғылыми-зерттеу және инжиниринг орталығы мамандарының қолдауымен әзірленген қуат жеру жүйесінен тұрады, – Еуразиялық Топтың бизнесті дамыту Директоратының жобалық менеджері Екатерина Дидок. – Қос желкеннің де биіктігі 100 метр. Желдің жылдамдығы анемометрлермен өлшенеді. Желдің бағытын флюгерлер анықтайды. Бір жел турбинасы өзгелердің жұмысына кедергі келтірмеуі үшін де желдің бағыты айқындалуы тиіс. Жел мониторингін жүргізетін жабдық желдің бағыты мен жылдамдығынан бөлек, ауанығ қысымы мен ылғалдылығын зерттеп, ауа ағынының тығыздығын анықтап беруі тиіс. Желкендердегі 7 метр биіктікте электр жабдықтарына қызмет көрсетуге арналған алаңша бар. Тіркеу жүйесі датчиктерден түскен бар мәліметтерді жинақтап, оны эфирге қосады. Ақпарат әр он минут сайын жаңартылып тұрады. Осылайша қос метеожелкендегі жұмысқа жұмылдырылған мердігер мәліметтерді on-line бақылай алады деуге болды.

Толымды ақпаратты келесі сілтемеден таба аласыз: https://www.youtube.com/watch?v=RBS_f-JclS0&feature=youtu.be 

Мониторингтің алғашқы нәтижелері жұмыстың бастапқы алты айынан соң алынады деп күтілуде. Жел потенциалын алдын ала өлшеу жел энергетика жабдығы салынатын орынды таңдауда дұрыс шешім қабылдауға сеп болмақ.

Ақтөбе мен Павлодар облыстарынандағы алаңдар Еуразиялық Топтың өндірістік қажеттіліктері мен 2017 жылы жүргізілген арнайы техникалық-экономикалық зерттеулер негізінде таңдалып алынған.сараптама нәтижесінде «Қазхром»ТҰК» АҚ Дөң тау-кен байыту комбинаты мен «Еуроазиаттық эенергетикалық корпорациясы» АҚ «Шығыс» көмір кеніші маңындағы алаңдар таңдалған.

Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшу Тұжырымдамасына сәйкес 2030 жылға қарай баламалы қуат көздерінен алынған электр қуаты жалпы өндірілген электр қуатының 30%, ал 2050 жылға қарай тіптен 50% жетуі тиіс. Өндіріс қажеттіліктерін өтейтін жеке жаңғыртымды қуат көздерін салу ERG-дің экология мен елдегі «Жасыл энергетиканы» дамытуға бағытталған бастамаларының бірі.

 

Жаңалықтармен бөлісіңіз: