Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз



Біз сайтымызды пайдаланушылармен өзара әріптестіктің сапасын жақсартып, оның мазмұнын дербес ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Біздің веб-сайттың баптауларын өзгеріссіз пайдалана отырып, Сіз біздің cookie файлдарын пайдалануымызға келісім бересіз. Осы cookie файлдарын біз қалай пайдаланатынымыз туралы қосымша ақпаратты мына жерден табасыз.

ERG «Таза кобальт» бағдарламасын Metalkol RTR кәсіпорнында бастады

20.12.2018
ERG «Таза кобальт» бағдарламасын Metalkol RTR кәсіпорнында бастады

Metalkol RTR ERG-дің Конго Демократиялық Республикасындағы («КДР») бизнесінің дамуында ерекше роль атқарып, Топтың 2019 жылы кобальт өндірісін төрт есе өсіру бойынша жоспарларының орындалуын қамтамасыз етеді.

 Eurasian Resources Group («ERG» немесе «Топ»), табиғи ресурстарды қазып алу мен байыту саласындағы жетекші әртараптанған компания, Metalkol RTR жобасының аясында «Таза кобальт» бағдарламасын жүзеге асыруды бастағандығы туралы қуанышпен хабарлайды. Бұл бағдарлама ERG-дің кобальт өндірісін орнықты дамытуға бағытталған істерінің бір бөлігі болып табылады.

«Таза кобальт» бағдарламасы өндірістік жұмыстардың тиімділігін арттырып, олардың корпоративтік жауапкершілік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді, сонымен қатар кобальт өндірісінде құн қалыптастырудың барлық сатыларында және әріптестіктер аясында орнықты даму мүмкіндіктерін қалыптастырады. Бағдарлама әлемдегі таза кобальт өндірісі көздерінің біріне айналатын ERG Metalkol RTR жобасының шеңберінде жасалады. Жоба бизнес моделінің негізінде ескі өндіріс қалдықтары үйінділерін қайта өңдеп, тауарлы өнімді қалыптастыру жатыр. Топ жыл сайын Metalkol RTR жобасындағы бағдарламаның жүзеге асырылуы туралы есеп беріп, тәуелсіз тексерістер ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

ERG кобальтқа деген сұраныстың ұдайы өсімімен байланысты КДР-дегі өзекті мәселелерді шешуге бағытталған жұмыс стратегиясын Бағдарламаның негізін қалайтын қағидалармен сипаттайды. «Таза кобальт» бағдарламасы келесідей жеті міндеттерді орындау арқылы КДР халқы мен әлемдік қауымдастық үшін артықшылықтар қалыптастырады:

        Біз ЭӘДҰ аясында жасалған Пайдалы қазбаларды жеткізу тізбегін жауапты басқару мен қажетті абайлықтың басты қағадаларын ұстанамыз

        Кобальт өндіруде біз балалар еңбегін қолданбаймыз

        Біз өндірген кобальттың қозғалысын бақылаймыз

        Кобальт өндірісінде біз майдагерлік және шағын көлемді өндірісті қолданбаймыз

        Біз қоршаған ортаны қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргіземіз

        Біз жергілікті қауымдастықтың орнықты дамуы бойынша қарым-қатынас жасаймыз

        Біз кобальт өндірісінде құн қалыптастырудың тізбегінің орнықтылығын арттыруға септігімізді тигіземіз.

Аталған бағдарламаның басталғандығы туралы ERG Бас атқарушы директоры Бенедикт Соботка былай деді: «Дүниежүзілік экономикалық форумның бастамасымен құрылған Халықаралық аккумуляторлық батареялар альянсының негізін қалаушылардың бірі бола отырып, ERG таза кобальтты өндіру мен жеткізудегі және жоғары халықаралық салалық стандартарды сақтаудағы жауапкершілігін растайды. Біз құн қалыптастырудың әлемдік тізбегіне қатысушылар бізді үлгі тұтып, кобальтқа деген сұранысқа жауап берудегі пайда болатын мәселерді шешу мен қажетті құжаттарды жасауды қамтамасыз етеді деп сенеміз.

«Таза кобальт» бағдарламасының негізіндегі қағидалар туралы келесі сілтеме арқылы оқи аласыз (ағылшын тілінде): https://eurasianresources.lu/uploads/1/files/ERG%20Clean%20Cobalt%20Framework.pdf

 

Таза кобальттың маңызы:

Кобальт қалпына келетін энергетикада колданылатын энергияны сақтау жүйелері мен электромобильдерде қолданылатын литий-иондық аккумуляторлардың негізгі компоненті болып табылады. Осылайша, ол Төртінші өндірістік революцияда және әлемдік деңгейде төмен көміртекті экономиканы қалыптастыруда негізгі роль атқарады. Болжам бойынша,  әлемде 2017 жылы 3,2 млн болған электромобильдердің саны 2030 жылы 130 млн-ға жетеді. Нәтижесінде кобальта деген сұраныс 47 есе өседі.

КДР әлемдік нарыққа кобальттың 65% жеткізеді және болашақта бұл көрсеткіш өседі. Елдегі кең ауқымдағы кен қорлары экономикалық өсімге ерекше жағдай жасайды. Алайда бұл бірнеше маңызды мәселелермен байланысты. Олардың ішінде адам құқықтарының бұзылуы мен бизнесті жүргізудің этикалық емес жолдарын қолдану да бар. Ерекше мәселе – ол балалар еңбегін пайдалану мен майдагерлік пен шағын көлемдегі өндірістерде адам құқықтарының бұзылуы. Әлемдік деңгейдегі кобальттың 20-25% майдагерлік пен шағын көлемдегі өндірістерде өндіріледі. ERG кобальтты қазып алу мен жеткізуде металлургиялық компаниялардың орнықты даму мен корпоративтік жауапкершіліктің талаптарының сақталуын қамтамасын ету керектігін түсінеді және компания клиенттері жүргізетін жұмысты қолдайды.

 

«Таза кобальт» бағдарламасының жүзеге асырылуына септігін тигізген әріптестіктер туралы ақпарат:

Eurasian Resources Group Metalkol RTR жобасын қоса алғанда өзі қызметін жүргізетін өңірлердің дамуына белсенді көмек көрсетеді. Былтыр Топ 1 млн АҚШ долларын Колвези өңіріндегі «Қайырымды әкей» халықаралық қорымен үш жылдық әріптестікке жұмсады. Нәтижесінде, әлеуметтік мұқтаж отбасылардан 1 000 бала білім алу мен өзге де қызметтер алуға мүмкіндік алды (психологтың кеңесі, денсаулықты сақтау мен зорлық туралы хабарламалар беруге арналған жүйелер).

Осы айда ERG «Children Out of Mining-Northern Kolwezi» бастамасын қолдайтындығы туралы хабарлады. Бұл бастаманы Pact халықаралық үкіметтік емес ұйым жүзеге асыруда. Бастама балаларды қорғау стандарттарын жаңартып, қоғамның назарын осы мәселеге аудару. Бұл үшін балаларды майдагерлік пен шағын көлемді өндірісте жұмысқа тарту кезінде пайда болатын тәуекелдерді төмендетуге бағытталған жұмыстар жүзеге асырылып жатыр.

Жаңалықтармен бөлісіңіз: