Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз



Біз сайтымызды пайдаланушылармен өзара әріптестіктің сапасын жақсартып, оның мазмұнын дербес ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Біздің веб-сайттың баптауларын өзгеріссіз пайдалана отырып, Сіз біздің cookie файлдарын пайдалануымызға келісім бересіз. Осы cookie файлдарын біз қалай пайдаланатынымыз туралы қосымша ақпаратты мына жерден табасыз.

Eurasian Resources Group сатылым порталын іске қосты

08.01.2019
Eurasian Resources Group сатылым порталын іске қосты

ERG-дің сатылым порталы – https://sales.erg.kz/ ресейдегі электронды сауда жүйелерін әзірлейтін жетекші тұрғырнамалардың бірінің негізінде ашылған (сатылым порталына компанияның негізі сайтындағы https://erg.kz/kk Сатылым портады айдары арқылы да өтуге болады). 

. Ол ERG Тобы кәсіпорындары тауарларын электронды аукциондар арқылы онлайн режимінде сататын қуатты құралдарды қамтиды. Порталдың өзгелерден басты ерекшелігі де осында. Сатып алушы өзін қызықтырған тауардың тиісті көлеміне өтінім беру арқылы сатып ала алады. Осылайша, бәсекелі сауда сатылымдардың экономикалық тиімділігін айтарлықтай арттырады.

Сауда тұғырнамасы порталдағы электронды сатылымдарды баршаға барынша оңай да түсінікті етіп ұсынады. Барлық қолданушы интерфейстері түбегейлі ойластырылып, түсінікті етіп жасалған.

Портал әуел бастан трансшекаралық жүйе ретінде ойластырылған. Өз кезегінде бұл Қазақстан резиденттерімен қатар, резидент еместерді де молынан тартуға сеп болды. Жүйе саудаға қатысушы қандай ақша белгісімен ұсыныс жасаса да оны қабыл алуға қауқарлы. Осылайша, саудаға тек Қазақстан ғана емес ТМД, Қытай сатып алушылары да қатыса алады. Жүйе аясында сатып алушылар саудадағы өзін қызықтырған тауарлардың сатылымдарына жазылып, уақытылы хабарлама алып отыруына мүмкіндік береді.

Интерактивті талдау құралдарының көмегімен ERG коммерциялық орталығының мамандары өткізілетін электронды саудалардың тиімділігін нақты онлайн режимінде бақылап, саралап отырады. Аукционмен сатылатын өнімдерден бөлек, тауарлардың кейбір түрлері порталда белгіленген бағада сатылмақ. Оларды порталдың интернет витринасы – «дүкен» арқылы сатып алуға болады. Онда тауарлар топтастырылып, фотосуреттері мен бағасы да көрсетілген. Бұдан бөлек, «Анықтамалық ақпарат» айдарынан сатып алушы аукциондарды өткізу регламенттері мен келісім шарттардың типтік үлгілерін, өздеріне қажетті толымды нұсқаулықты таба алады.

Түйткілді сауал туындаған жағдайда сатып алушы кері байланыс арқылы өзіне хабарласуды өтіне алады. Немесе мессенджердегі топқа жазып, ERG коммерциялық орталығы сатылым басқармасы мамандарынан жедел әрі толымды жауап алу мүмкіндігі бар.

– ERG-дің сатылым порталын іске қосу өтімсіз тауарларды, бейінді емес активтер мен Топ кәсіпорындарының өндірістік қалдықтарын сатуды дамытудағы зор қадам, – деді ERG  Коммерциялық орталығының бас директоры Ильмир Масгутов. Сатылым порталы сату көлемін ұлғайтып, потенциалды сатып алушылардың мейілінше кең ауқымын қамтып, сыртқы аудиторияның назарын аудармақ. Әрі компанияның танымалдығын қамтамасыз етіп, өтімсіз тауарлар, бейінді емес активтер мен өндірістік қалдықтарды сату процесін мен процедураларын қысқартуды көздейді.

Жаңалықтармен бөлісіңіз: