Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз



Біз сайтымызды пайдаланушылармен өзара әріптестіктің сапасын жақсартып, оның мазмұнын дербес ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Біздің веб-сайттың баптауларын өзгеріссіз пайдалана отырып, Сіз біздің cookie файлдарын пайдалануымызға келісім бересіз. Осы cookie файлдарын біз қалай пайдаланатынымыз туралы қосымша ақпаратты мына жерден табасыз.

ERG «Таза кобальт» бастамасы аясында Конго Демократиялық Республикасындағы Metalkol RTR кәсіпорнында IBM Blockchain Platform технологиялары негізіндегі шешімдерді пайдаланатын болады

22.01.2019
ERG «Таза кобальт» бастамасы аясында Конго Демократиялық Республикасындағы Metalkol RTR кәсіпорнында IBM Blockchain Platform технологиялары негізіндегі  шешімдерді пайдаланатын болады

Бүкіләлемдік экономикалық форум жанынан құрылған аккумуляторлы батареялар секторына арналған Халықаралық альянстың құрылтайшыларының бірі – табиғи ресурстарды өндіру алу мен байыту саласындағы жетекші әртараптанған компания Eurasian Resources Group («ERG» немесе «Топ»)  IBM Blockchain Platform технологиялары негізіндегі шешімдерді сынама түрде пайдалана бастағанын жариялады. Бастапқыда бұл шешім Конго Демократиялық Республикасындағы Metalkol RTR кәсіпорнында қолданылады. Ол шикізаттың қайдан алынғанын әр түрлі өңдеу кезеңдерінде қалай және қайда жылжығанын бақылап отыруға мүмкіндік бермек.

Кобальт, мыс, никель мен литий сынды бірқатар металдар әлемдік аккумулятор өнеркәсібінің қарқынды дамуына септеседі. Алайда, оларды өндіру барысында балалар еңбегі пайдаланылып, немесе қоршаған орта ластанған, тіпті кейде жергілікті эко жүйеге айтарлықтай залал келтірілген болуы мүмкін. Оның үстіне қазіргі таңда өндіріс қалдықтары мен кобальтті қайта пайдаланудың тиімді жүйелері жоқтың қасы. Блокчейн технологиялары негізінде әзірленген шешімдер шикізаттың тасымалдау тізбегін бақылап, ондайдың алдын алып отыруға мүмкіндік береді.

Блокчейн негізінде әзірленген шешім Metalkol RTR кәсіпорнында ERG-дің «таза кобальт» бастамасын жүзеге асыруға қосылған сүбелі үлес. Өндірістің қордаланып жатқан ескі қалдықтарынан мыс пен кобальт өндіретін кәсіпорын таяуда іске қосылмақ. Ол жоспарлы өндірістік қуатына шыққан соң әлемдік нарыққа жыл сайын 24 мың тонна кобальт жеткізіп тұрады. Бұл жылына 3 млн данадан астам электромобиль құрастыруға қажетті аккумуляторлар өндіруге жеткілікті.

IBM құрылымының жаһандық бизнес-қызметтер жөніндегі атқарушы серіктесі Нильс де Йонг: «ERG-дің блокчейн технологиясы негізіндегі шешімді енгізе бастауы кобальт жеткізілімдері нарығы мен тізбегіне қатысушыларды біріктіріп, өндіру саласындағы барлық операциондық процестерді түбегейлі өзгертіп, сенімнің жаңа деңгейіне көтерілуге сеп болады. Сандық технологиялар саласындағы IBM-нің мүмкіндіктері шешімді әзірлеуде интерактивті жүйені қолданып, бизнес алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етеді» деген пайымда.

Eurasian Resources Group Бас атқарушы директоры әрі аккумуляторлы батареялар секторына арналған Халықаралық альянстың тең тең төрағаларының бірі Бенедикт Соботка: «Біз жобамыз жайлы Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс тақырыбына арналған Давостағы жыл сайынғы кездесу қарсаңында жария еткенімізге қуаныштымыз. Өйткені кобальт – Төртінші өнеркәсіптік төңкеріске сүбелі үлес қосатын маңызды метал, тіпті болашақтың материалы десек те болар. Сондықтан оның жауапты сатып алулар тізбегін қалыптастыру да ерекше маңызды. Блокчейн негізіндегі шешімдер өндірушілерге шикізатқа қатысты қажетті ақпараттарды жинастыруға, әрі олар пайдаланып отырған кобальттің Metalkol RTR кәсіпорынан жеткізілгенін біліп отыруға сеп болады» деп ой бөлісті.

Компанияның аталған саладағы мол тәжірибесінің арқасында IBM әзірлеген шешім блокчейн тұрғырнамасына сүйене отырып, жеткізілім тізбегі мен нақты өндірістің кез келген сатысында пайдаланылатын кобальттің қайдан алынғанын анықтауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда бұл процес қымбат әрі көп жұмысты қажет етеді. Алайда түптеп келгенде ол кобальттің қайдан алынғанын тіпті балқытылып, араластырылған соң да анықтап беруге жол ашады.

«Бүкіләлемдік экономикалық форум жанындағы аккумуляторлы батареялар секторына арналған Халықаралық альянстың тең төрағаларының бірі ретінде ERG жаңа салалық стандарттарды әзірлеуге тырысады. Сондықтан біз IBM  тұғырнамасы негізінде блокчейн технологиясын пайдаланатын инновациялық шешіміміздің тәжірибелік сынағы басталғанын қуана хабарлаймыз. Оның арқасында біз барлық тұтынушыларымызға олар пайдаланатын шикізат өндірістің жауапты тізбегі арқылы өндірілгеніне кепілдік бере аламыз»,- деп сөзін түйіндеді Соботка мырза.

Жаңалықтармен бөлісіңіз: