Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз



Біз сайтымызды пайдаланушылармен өзара әріптестіктің сапасын жақсартып, оның мазмұнын дербес ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Біздің веб-сайттың баптауларын өзгеріссіз пайдалана отырып, Сіз біздің cookie файлдарын пайдалануымызға келісім бересіз. Осы cookie файлдарын біз қалай пайдаланатынымыз туралы қосымша ақпаратты мына жерден табасыз.

pavlodarnews.kz 22.01 2019 - Ақсу қара түсті металлургия колледжінде жаңа мамандық ашылады

24.01.2019
pavlodarnews.kz 22.01 2019 - Ақсу қара түсті металлургия колледжінде жаңа мамандық ашылады

Ақсу қара түсті металлургия колледжінде 2019 жылы «Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығы енгізіледі, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. - Бұл мамандық бойынша білім алған жастар шарқ ұрып жұмыс іздемейтін болады, - дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы Бақытгүл Еселбаева.

- Өйткені, олар жуықта ғана іске қосылған «Mineral Industry Groups» ЖШС-нің қалдықтарды қайта өңдеу цехына жолдама алады. Білім алу барысында студенттер кәсіпорында тәжірибеден өтеді. Оқу орнында бұрын-соңды болмаған факультетті іске қосу арқылы осы салаға қажет мамандарға деген сұраныс шешімін табады. Білім ордасы 1967 жылы іргетасы қаланған Ақсу ферроқорытпа зауыты үшін білікті жұмыс күшін дайындайды. Өзара ынтымақтастық 1989 жылы басталған. 2017 жылы зауыт 50 жылдық мерейтойын атап өткен болатын. Арнайы білім беру орнында металлургия саласы үшін «Қара түсті металл металлургиясы», «Дәнекерлеу ісі», «Өнеркәсіптегі электрмеханикалық жабдық», «Өнеркісіпте жабдықтар мен машиналарды пайдалану», «Жону ісі және металл өңдеу», «Темір жолдардың жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсету және жөндеу, пайдалану» мамандары дайындалады. Ауылдық аймақтардан келіп оқығысы келетін жастар үшін жалпы аумағы 4152,7 шарыш метр, бес қабатты, 200 орынға арналған жатақхана салынады.

Басты жобалаушы - «КазАртСтрой» ЖШС. Жобаның құны - 716,343 млн теңге. Биыл облыстық бюджеттен бұл мақсатта 200 млн теңге бөлінеді. Бүгінгі таңда мұнда 423 студент білім алуда. Колледжің негізгі бағыты – металлургиялық индустрия саласына заманауи технологиялар мен халықаралық стандарттарға сай білікті мамандарды дайындау. Колледждің тәжірибелік сабақтарды өткізуге арналған материалдық-техникалық базасы, оқу залы мен электронды кітапхана бар. Тәжірибелі оқытушылар құрамы заманауи әдістерді қолдану арқылы жаңа құралдармен жабдықталған өндірістік шеберханаларда жұмыс істейді.

Жаңалықтармен бөлісіңіз: