Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз



Біз сайтымызды пайдаланушылармен өзара әріптестіктің сапасын жақсартып, оның мазмұнын дербес ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Біздің веб-сайттың баптауларын өзгеріссіз пайдалана отырып, Сіз біздің cookie файлдарын пайдалануымызға келісім бересіз. Осы cookie файлдарын біз қалай пайдаланатынымыз туралы қосымша ақпаратты мына жерден табасыз.

Ақтөбе қалалық автопаркі «Қазхром» компаниясы табыс еткен 8 жаңа автобуспен толықты

04.02.2019
Ақтөбе қалалық автопаркі   «Қазхром»  компаниясы табыс еткен  8 жаңа автобуспен толықты

«ANKAI» маркалы жаңа автобустар газбен жүретін қозғалтқыштармен жабдықталған. Ол еуро-5 стандарттарына сәйкес келеді, яғни экологиялық тұрғыдан алғанда қауіпсіз.

Сыйымдылығы жоғары, жылы әрі жайлы көлік мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдауға арналған көтергіштермен және бейнебақылау жүйесімен жарақталған.  Бұл жолаушылардың қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қызғылт сары және сұр корпоративтік түстерде безендірілген жайлы автобустар қаланың екі бөлігін байланыстырып, жолаушылар ағыны ең жоғары бағыттармен қатынайтын болады.

Жаңа көлік №40 бағытпен жүрмек. Сәйкесінше жолаушылар арасында Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қызметкерлері де бар.

– Еуразиялық Топ тек өз қызметкерлерінің ғана емес, сонымен қатар өз кәсіпорындары орналасқан аймақ тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған көптеген жобаларды жүзеге асырып келеді. Біз облыс және қала басшылығының қоғамдық көлікті жаңартумен белсенді айналысып жатқандығынан хабардармыз. Сондықтан осы маңызды әлеуметтік мәселеден тыс қалмауды жөн санадық. Сонымен қатар, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының төрт мың қызметкерінің басым бөлігі осы қоғамдық көлікті пайдаланады. Сондықтан да біз әріптестеріміздің жұмысқа дейін және үйге барынша қолайлы қатынауына мүдделіміз. Ол үшін Еуразиялық Топтың құрамындағы «ТрансКом» компаниясымен бірлесіп, «Жолаушылар тасымалы» жобасы аясында жаңа автобустар сатып алынды, – деп атап өтті «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының директоры Жалғас Мұсабеков.

Жаңа автобустарды қала басшылығына тапсыру салтанатына қатысқан Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қызметкерлері соңғы жылдары қала және кәсіпорын басшылығы  жолаушыларды тасымалдау мәселесін айтарлықтай жақсартқанын атап өтті.

– Бұрын біз ескі Лиаздармен жұмысқа қатынайтын едік, содан кейін жаңа ПАЗдар пайда болды, бірақ олар да уақыт өте ескірді. Жолаушылар сыймай, қарбалас шақтарда адам тіпті толып кететін. Енді міне «Батыс-2» мөлтек ауданынан жұмысқа кең, жаңа автобустармен қатынайтын боламыз. Аралығы 8-10 минут, жайлы отырып баруға болады. Бір ойлап қарасақ, қалалық көлік тасымалы жағдайының компанияға еш қатысы жоқ тәрізді. Бірақ, компания басшылығы өз қызметкерлерінің қауіпсіздігіне алаңдайды. Шынымды айтсам, қуаныштымын. Біз қалада болып жатқан өзгерістерді көріп отырмыз, адамдарға қажетті жағдай барынша жасалып жатыр, – дейді Ақтөбе ферроқорытпа зауыты өндірістік-техникалық бөлімінің инженер-технологы Асхат Бегарыстанов.  

 2018 жылы компанияның әлеуметтік қамқорлығы жоғары деңгейде бағаланып, «Қазхром» «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауының «Үздік ұжымдық келісім-шарт» аталымында жеңімпаз атанған болатын. Соңғы бес жылда «Қазхром» ТҰК» АҚ қызметкерлерді әлеуметтік қорғауға және әлеуметтік салаға 26 млрд теңгеден астам қаржыны жұмсады. 2018 жылы бұл сома 6,5 млрд теңгеге жетті.

Еуразиялық Топ кәсіпорындары орналасқан қалалардың ірі әлеуметтік инвесторы болып табылады. Жыл сайын өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоя отырып, ERG және Ақтөбе облысының әкімдігімен бірлесіп өңірдің әлеуметтік маңызды жобаларын қаржыландыруды және іске асыруды қамтамасыз етеді. 2018 жылы ERG, «Қазхром» тарапынан қаржыландыру көлемі 2 млрд теңгеден асты.

Еуразиялық Топтың «Жолаушылар тасымалы» жобасын «ТрансКом» ЖШС үйлестіріледі. Жоба компания қызметкерлерін жұмысқа дейін және жұмыстан үйлеріне қауіпсіз, уақытылы және жайлы жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Жаңалықтармен бөлісіңіз: