Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз



Біз сайтымызды пайдаланушылармен өзара әріптестіктің сапасын жақсартып, оның мазмұнын дербес ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Біздің веб-сайттың баптауларын өзгеріссіз пайдалана отырып, Сіз біздің cookie файлдарын пайдалануымызға келісім бересіз. Осы cookie файлдарын біз қалай пайдаланатынымыз туралы қосымша ақпаратты мына жерден табасыз.

"3-Энергоорталық" АҚ басшылығындағы өзгеріс

15.02.2019
 "3-Энергоорталық" АҚ басшылығындағы өзгеріс

Еуразиялық Топ құрамындағы "3-Энергоорталық" АҚ Директорлары кеңесінің шешімімен Қайрош Құсайынұлы Оңғарбаев компанияның бас директоры болып тағайындалды.

Қ. Оңғарбаев Қарағанды политехникалық институтын "дәнекерлеу өндірісінің жабдықтары мен технологиясы" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын «Екібастұзэнергоремонт» ЭРК-де дәнекерлеу жөніндегі инженер-технолог лауазымында бастаған. 1998 жылы "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС металл және дәнекерлеу орталық зертханасының бастығы болып тағайындалды. Ал 2011 жылдың қыркүйегінен бастап Қайрош Оңғарбаев "Иртыш Пауер энд Лайт"ЖШС техникалық диагностика зертханасының бастығы болып жұмыс істеген. 2015 жылдың ақпан айында Қ. Оңғарбаев "Bassel Group LLS" ЖШС Кар ГРЭС-1 техникалық директорының жөндеу жөніндегі орынбасары қызметіне кірісті. 2016 жылдың тамыз айында компанияның техникалық директоры болып тағайындалды. 2018 жылы 1 ақпаннан бастап "Согринская  ЖЭО" ЖШС техникалық мәселелер жөніндегі атқарушы директоры болып жұмыс істеген. Еуразиялық Топқа келгенге дейін «SixSigmaWay»ЖШС техникалық сарапшылар тобын басқарды.

Бұған дейін "3-Энергоорталық" АҚ бас директоры қызметін Жақып Ғалиұлы Хайрушев атқарып келген болатын. Оның басшылығымен кәсіпорында ескірген жабдықтарды жаңартуға бағытталған ұзақ мерзімді бағдарлама басталып, рационализаторлық кеңес құрылды. Инвестициялық бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 2018 жылдың қорытындысында «3-Энергоорталық» АҚ-да жылу мен электр энергиясын өндіру көлемін арттырды. Өткен жылмен салыстырғанда еңбек өнімділігі жақсарды.

Еуразиялық Топ "3-Энергоорталық" АҚ акцияларының бақылау пакетін сатып алғаннан кейін, Топ компанияны дамыту бағдарламасын әзірлеп, іске асыра бастады. Еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін жақсарту арқасында барлық қызметкерлерге жалақы айтарлықтай ұлғайтылды және қоғам құрылған сәттен бастап бірінші рет он үшінші жалақы төленді. Станция аумағы абаттандырылып, қызметкерлердің еңбек жағдайлары мен тұрмысын жақсартуға бағытталған жұмыстар атқарылып, экологиялық   мәселелер шешілді.

Жаңалықтармен бөлісіңіз: