Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз



Біз сайтымызды пайдаланушылармен өзара әріптестіктің сапасын жақсартып, оның мазмұнын дербес ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Біздің веб-сайттың баптауларын өзгеріссіз пайдалана отырып, Сіз біздің cookie файлдарын пайдалануымызға келісім бересіз. Осы cookie файлдарын біз қалай пайдаланатынымыз туралы қосымша ақпаратты мына жерден табасыз.

2018 жылы Еуразиялық Топ отандық өндірушілерден жалпы сомасы 537 млрд теңгенің тауары, жұмыс пен қызметтерін сатып алған.

28.02.2019
2018 жылы Еуразиялық Топ отандық өндірушілерден жалпы сомасы 537 млрд теңгенің тауары, жұмыс пен қызметтерін сатып алған.

Өткен жылы Еуразиялық Топ (ERG) кәсіпорындары қазақстандық тауар өндірушілерден жалпы сомасы 537 млрд теңгенің тауары, жұмыс пен қызметтерін сатып алған. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 39% жоғары.  

Еуразиялық Топ тапсырыс берген кезде отандық өнім өндірушілерді қолдауға ерекше мән береді. Нәтижесінде қазіргі таңда Қазақстандағы ERG сатып алуларының 60% жуығы отандық өндірушілер еншісінде.

Атап айтқанда, 2018 жылы Топтың Қазақстандағы кәсіпорындары жалпы сомасы 890 млрд теңгенің тауары, жұмысы мен қызметін сатып алған. Соның 537 млрд теңгесі немесе 60% отандық өндірушілер[1] үлесінде.

Жыл сайын Топ Қазақстанда өндірілетін тауарлардың кең ауқымын сатып алады. Олардың қатарында: каустикалық сода, аммиак селитрасы, қышқылдар, жанар-жағармай сынды шикізат материалдары мен құбыр, қышқылдар, жайма болат, жылжымалы темір жол құрамына қажетті қосалқы бөлшектер, биг-бэгтер, арнайы киім мен арнайы етік және т.б. сынды дайын өнімдер де бар. Бұл тізім өнімнің 8 000 түрі мен 700 ден астам өндірушіні қамтиды.

Топ отандық шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге баса көңіл бөледі. Жылдық сатып алулар көлемінің 150 млрд теңгесі 2 000-нан астам қазақстандық жеткізушілер – шағын және орта бизнес өкілдері еншісінде.

Отандық өндірушілерді кепілдендірілген ұзақмерзімді тапсырыстармен қамтамасыз ету үшін 2014 жылдан бері сатып алулардың санаттық стратегиясы қолға алынды. Оның аясында жыл сайын отандық тауар өндірушілерден жалпы сомасы 50 млрд теңгеден астам қаражатқа тауар сатып алынады. 

– Біз өзіміздің өндірісімізге негізгі шикізат жеткізушілерді қолдаймыз, – деді Еуразиялық Топтың әдістеме мен коммерциялық контроллинг департаментінің директоры Анатолий Демидов. – Соңғы жылдары бірнеше жоба жүзеге асырылды. Мұнай коксын жеткізу үшін «УПНК-ПВ» ЖШС-мен келісім шарт жасалған.Тараз металлургия зауытынан алынатын электрод массасының көлемін екі есеге ұлғайту көзделген. Бұл өндірушінің қуатын 100% жүктеп, толық қуатында жұмыс істеуіне сеп болады.

Сондай-ақ, ERG арнайы киім мен аяқ киім жеткізуші отандық өндірушілермен ұзақмерзімді келісім шарттар жасаса отырып, жеңіл өнеркәсіпке де қолдау көрсетеді. Топ «ГлобалСпецодежда» ЖШС (5 жылдық келісім шарт жасалған) және «ТаразКожОбувь» ЖШС-мен (5 жылдық серіктестік туралы меморандум жасалған) сенімді серіктестік орнатқан.  

 ERG әлеуметтік жауапкершілігін айқын сезініп, Топ кәсіпорындары орналасқан өңірлерде Қазақстан зағиптар қоғамы және Қазақстан саңыраулар қоғамдарынан қолғап сатып алады. Нәтижесінде жеткізушілер Топтың қолғапқа деген қажеттілігін толық қамтамасыз етіп отыр. Ал, 2019 жылы «ССКӨБ» АҚ-ның журнал-бланк өнімдеріне қажеттілігін өтеу Рудный зағиптар қоғамына тапсырмылмақ.

Қазақстандық өндірушілерден сатып алынатын өнім көлемін ұлғайту үшін импортты алмастыруға бағытталған бастамалар әзірленген. 2017 жылы Еуразиялық Топ, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында үшжақты келісім жасалды. Құжат отандық кәсіпорындардың жаңа өнім түрлерін меңгеруін көздейді. Сонымен қатар, «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, қажетті өндірісті Қазақстан Республикасының аумағында жандандыру жұмысы қолға алынған. Шеттен алынатын тауар түрлерінің арасынан жергілікті жерде өндірісін жолға қоюды қажет ететін тауарлар іріктеліп алынған. Олардың қатарынан кальцийленген сода, шамот кірпіш, жеке қорғаныш құралдары, сырғу мен тербелiс мойынтіректері, болатарқандар, ұнтақ саз, сұйық шыны, салқындататын сұйықтық, А маркалы аммиак селитрасы бар.

2018 жылы конвейерлік роликтерді осында өндіретін «Ремонтник» ЖШС-мен әріптестік орнатылды.

Өткен жылы «ЗМО» ЖШС-мен бірлесіп ERG кәсіпорындарында қазақстанда өндірілген бұрғылау колонкаларын пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды. Өнім сыналды. Пайдалану барысында бұрғылау жабдықтарының беріктігі анықталды. 2019 жылы «ССКӨБ» АҚ осындай қондырғыларды сатып алуды жоспарлап отыр.

[1] 537 млрд теңгенің: 150,3 – Топ ішіндегі сатып алулар; 39,8 – жанар-жағармай май (мазут, дизель отыны, бензин); 6,4 – үшінші тараптан сатып алынатын электр қуаты.

Жаңалықтармен бөлісіңіз: