Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз



Біз сайтымызды пайдаланушылармен өзара әріптестіктің сапасын жақсартып, оның мазмұнын дербес ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Біздің веб-сайттың баптауларын өзгеріссіз пайдалана отырып, Сіз біздің cookie файлдарын пайдалануымызға келісім бересіз. Осы cookie файлдарын біз қалай пайдаланатынымыз туралы қосымша ақпаратты мына жерден табасыз.

Eurasian Resources Group (ERG) шахматтан командалық әлем чемпионатының бас демеушісі атанды

04.03.2019
Eurasian Resources Group (ERG) шахматтан командалық әлем чемпионатының бас демеушісі атанды

Шахматтан командалық әлем чемпионаты алғаш рет Қазақстанда өткелі отыр. Бүгін Астанада жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтпек. Алғашқы кезең ойындары ертең, наурыздың 5-і күні басталады.

Елордадағы чемпионатта әлемнің 14 елінің үздік шахматшылары бақ сынайды. Шаршы тақтада Қытай, Әзербайжан, Иран, АҚШ, Мысыр, Ресей, Швеция, Англия, Үндістан мен Украина, Грузия, Мажарстан мен Арменияның үздіктері жарыс көрігін қыздырмақ. Олардың арасында әлем мен әр құрлықтың чемпионы атанған мықтылар да аз емес. 

Қазақстан құрамасы сапында Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Бибісара Асаубаева, Гүлісхан Нахбаева, Гүлмира Дәулетова, Ринат Жұмабаев, Муртас Кажгалиев, Ануар Исмагамбетов, Денис Махнев пен Петр Костенколар өнер көрсетеді. 

– Қазіргі таңда шахматтың бұқаралығы шарықтау шегіне жетті,- деп атап айтты  Eurasian Resources Group директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич. – Спорттық өнердің осы түрін дамытуға Қазақстанда лайықты көңіл бөлініп келеді. Тіптен, елдегі көптеген мектептерде шахмат ойынын үйрететін үйірмелер тұрақты жұмыс істейді. Бұл көреген қадам. Өйткені шахмат логикалық ойлау мен стратегиялық көзқарас қалыптастыруға сеп болады. Биыл өзінің 25 жылдығын атап өткелі отырған Еуразиялық Топта біз қызметкерлеріміздің шахматқа деген қызығушылығын ұдайы ынталандырып отырамыз. Сол себептен де біз Қазақстанда алғаш рет өткелі отырған әлем чемпионатының бас демеушісі атануды ұйғардық.

Аталған чемпионаттың турнирлерімен қатар, бірмезеттегі ойын сеансы өтпек. Ойын Еуразиялық Топ кәсіпорындарының қызметкрелері (зауыт, кәсіпорынішілік ойындардың жеңімпаздары) мен халықаралық турнирлердің жеңімпазы, Қазақстанның бес дүркін чемпионы Дәрмен Сәдуақасов арасында өтеді. Бұл ERG-дің қызметкерлеріне деген қамқорлығының бір парасындай.

  Әлем чемпионаты айналым жүйесімен өтіп, 9 кезеңнен тұрмақ. Бәсекелер наурыздың 14-і күні аяқталып, жарыстың салтанатты  жабылу рәсімі өтеді.

Осы орайда, ERG әлеуметтік жауапты компания ретінде әлеуметтік маңызды жобаларға қомақты қаражат құйып келе жатқанын баса айтқан жөн. Тек соңғы бес жылда (2014-2018ж) Топ Қазақстанда қайырымдылық пен демеушілікке 107 млрд теңгеден астам қаражат жұмсаған.

Жаңалықтармен бөлісіңіз: