Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз



Біз сайтымызды пайдаланушылармен өзара әріптестіктің сапасын жақсартып, оның мазмұнын дербес ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Біздің веб-сайттың баптауларын өзгеріссіз пайдалана отырып, Сіз біздің cookie файлдарын пайдалануымызға келісім бересіз. Осы cookie файлдарын біз қалай пайдаланатынымыз туралы қосымша ақпаратты мына жерден табасыз.

Eurasian Resources Group Қостанай облысындағы әлеуметтік маңызды жобаларды қаржыландыру көлемін ұлғайтады

07.03.2019
Eurasian Resources Group Қостанай облысындағы әлеуметтік маңызды жобаларды қаржыландыру көлемін ұлғайтады

Меморандум аясында ERG тарапынан қаржыландырылатын жобалар саны артып, жалпы сомасы 3,7 млрд теңгеге жуықтады. 2018 жылы әлеуметтік жобаларға 2,9 млрд теңге инвестиция құйылған болатын.

Құжатқа ERG Бас атқарушы директорының бірінші орынбасары Алдияр Қазтаев пен Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қол қойды.

Еуразиялық Топ ERG кәсіпорындары орналасқан моноқалаларда кешенді әлеуметтік зерттеулер жүргізген. Компания қызметкерлері мен осы елді мекен тұрғындары арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі ерекше назар аударуды қажет ететін өзекті мәселелерді айқындап берді. Осы әлеуметтік зерттеу негізінде ҚР Үкіметі бекіткен аймақтарды дамытудың үш жылдық бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын маңызды әлеуметтік жобалар әзірленіп, оларды жүзеге асыру жолдары ұсынылған. Олар республикалық және жергілікті бюджетпен қатар Eurasian Resources Group тарапынан да қаржыландырылмақ. Бүгін қол қойылған Меморандум да осы әлеуметтік зерттеулер нәтижесі мен үшжылдық бағдарлама негізінде әзірленген.

Қалыптасқан дәстүрге сәйкес қаражат Қостанай облысындағы әлеуметтік маңызды жобаларға, аймақты әлеуметтік-экономикалық дамытуға, оның инфрақұрылымын, соның ішінде Eurasian Resources Group-тің «Туған жер – Родные города» бағдарламасы аясында дамытуды көздейді.

Былтырғыдай Меморандумға ERG кәсіпорындарының қызметкерлері ұсынған нысандар да енгізілген. Олардың қатарында Арқалық қаласында балалар ойын алаңдарын орнату, Лисаковск қалалық жағажайын абаттандыру сынды ERG Инноваторларының ІІІ форумында жеңіске жеткен жобалар бар.

2019 жылы Топ кәсіпорындары орналасқан Қашар мен Октябрь сынды шағын елді мекендерге ерекше көңіл бөлінбек. Ауылішілік жолдар мен мәдениет үйлері жөнделіп, спорт алаңдары орнатылады.

– Қазан айындағы жолдауы мен NUR OTAN партиясының съезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ел тұрғындарының өмір сапасын арттыру кезектігін баса айтты. Президент елдің тұруға жайлылығы – қолжетімді баспана, қауіпсіз аула, тұруға қолайлы әрі жайлы инфрақұрылым екенін ұдайы айтып келеді, – деді ERG Директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич. – ERG Қазақстанда жұмыс істеп келе жатқан 25 жыл ішінде өз миссиясын бұлжытпай сақтап, тек компания қызметкерлері ғана емес, кәсіпорын орналасқан өңірлердің тұрғындарына да қамқорлық жасап келеді. Топ қаржыландырған әрбір жоба қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған.

Қаражат Рудный қаласының жылу желілерін күрделі жөндеуге, сондай-ақ, қаладағы жолаушылар тасымалын жақсарту үшін 7 автобус сатып алуға жұмсалмақ.

Лисаковск қалалық стадионы қайта қалпына келтіріліп, Қашар кентінің ауруханасына 2 жедел жәрдем көлігі сатып алынады. Рудныйдың қалалық ауруханасын да жабдықтау көзделген. Осы қаладағы балабақшалар мен мектептердің шатырын жөндеу жоспарда бар.

ERG балаларға сапалы білім беру – инвестицияның ең озық тәсілі екенін ескере отырып, Рудный индустриалды институты мен Рудныйдағы тау-кен технология колледжі,  құрылыс және көлік колледждерін, Лисаковск қаласындағы техникалық колледждің  материалды-техникалық базасын нығайту жобаларын да қаржыландырмақ.

Осы орайда, Еуразиялық Топ 15 жыл бойы ERG кәсіпорындары орналасқан Ақтөбе, Қостанай мен Павлодар облысының әкімдіктерімен аймақтағы әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру жөнінде Меморандумдар жасасып келе жатқанын айта кеткен жөн. Соңғы 5 жылда (2014-2018ж) Еуразиялық Топ Қазақстанда қайырымдылық пен демеушілікке 107 млрд теңгеден астам қаражат жұмсаған.

 

Жаңалықтармен бөлісіңіз: