Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз



Біз сайтымызды пайдаланушылармен өзара әріптестіктің сапасын жақсартып, оның мазмұнын дербес ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Біздің веб-сайттың баптауларын өзгеріссіз пайдалана отырып, Сіз біздің cookie файлдарын пайдалануымызға келісім бересіз. Осы cookie файлдарын біз қалай пайдаланатынымыз туралы қосымша ақпаратты мына жерден табасыз.

ERG мен Халық банк тұрғын үй бағдарламасы аясындағы әріптестік туралы меморандум жасасты

11.03.2019
ERG мен Халық банк тұрғын үй бағдарламасы аясындағы әріптестік туралы меморандум жасасты

Еуразиялық Топ Халық банкімен бірлесіп, кәсіпорын қызметкерлеріне мемлекеттік ипотекалық «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы негізінде жаңа тұрғын үй бағдарламасын ұсынды.

Қол қойылған Меморандум шарттарына сәйкес, Еуразиялық Топ пен Қазақстанның Халық банкі (Халық банк) Мемлекет басшысының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Қазақстан халқына үндеуі аясында айтылған бірінші бастама «Әр отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндігін ұсыну» тапсырмасын орындауда серіктесе қызмет етпек.  

Жаңа тұрғын үй бағдарламасы Еуразиялық Топ кәсіпорындарының қызметкерлерін баспанамен қамтуға бағытталған. Меморандум кәсіпорын қызметкерлеріне «7-20-20» бағдарламасымен ипотека беруде, жұмыс беруші – Еуразиялық Топ тарапынан қаржылық міндеттемелер бойынша кепілдеме негізінде Қазақстанның Халық банкі тарапынан септесуді көздейді. ERG-дің жаңа тұрғын үй бағдарламасы басталатыны туралы жыл басында хабарлаған болатын.

– Қазақстанда Еуразиялық Топтың 25 жылдығы қарсаңында жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосқанымызға қуаныштымыз. Біз бұл бағдарламаны Қазақстанның халық банкімен бірлесе әзірледік. Ендігі жерде біздің қызметкерімізге алғысы келген баспананың тек 10% көлеміндегі бастапқы жарнаны жинауы қажет болады. Қалған 10%-ына біз 5 жылға жылына 0,1% өсіммен займ береміз, – деді Eurasian Resources Group директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич.

Қызметкерден түскен қаржыландыру туралы өтінішті Халық банк тек Еуразиялық Топ берген борышкердің Келісім бойынша банк алдындағы міндеттемелерін орындайтынын кепілдендіретін жеке хат негізінде ғана қарастырады. Халық банктің кең филиалдар желісі ипотекаға берілген өтінімдердің жедел қарастырылуына сеп болмақ.

– Өз қызметкерлерінің займды қайтаруға қатысты тәуекелдерін жұмыс беруші мойнына алу сынды әріптестіктің осындай форматы бизнестің копоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің жарқын мысалы деп білеміз. Әрі оны қазақстандық өзге де табысты компанияларға таратуға болады. ERG мен бірлескен жобамызды жүзеге асыру нәтижесінде мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының әзіресе аймақтарда белсенділігі артады деген үіметтеміз, - деді Халық банкінің басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.

ERG кәсіпорындары орналасқан өңірлердегі қызметкерлер ипотека алудағы кепілдіктер мен 10% көлеміндегі жеңілдетілген шартпен берілетін займға Астана, Алматы мен Шымкент қаласынан өзге өңірлердегі ERG кәсіпорындарының қызметкерлері өтінім бере алады. Банк оң шешім қабылдаған жағдайда, Еуразиялық Топ борышкердің қаржылық міндеттемелерінің орындалуының кепілі болады. Бұл механизм арқасында барлық қызметкерлер, соның ішінде Хромтау, Ақсу мен өзге де моноқалалардағы қызметкерлер тиімді шартпен баспаналы бола алады.

Қызметкерлерді жеке баспанамен қамтамасыз ету  Еуразиялық Топтың әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі. 2018 жылдың желтоқсан айында ERG мен «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ-ның бірлескен тұрғын үй бағдарламасы мәресіне жеткен болатын. Оның аясында ERG кәсіпорындары орналасқан өңірлерде 9 тұрғын үй салынып, жалпы саны 700 пәтер сатылған.

2006 жылдан бері тұрғын үй бағдарламасының арқасында Топ кәсіпорындарында еңбек ететін Ақтөбе (Ақтөбе, Хромтау), Қарағанды (Қарағанды), Қостанай (Рудный) және Павлодар (Павлодар, Ақсу, Екібастұз) облыстарындағы 3 000 қызметкер өзінің тұрғын үй жағдайын жақсарта алды.

2018 жылдың күзінен бері жалпы сомасы 4 млрд теңге* ипотекалық займ берген Халық банкі қазіргі таңда мемлекеттік «7-20-25» және «Баспана хит» бағдарламасын жүзеге асырушы үздік үштікке енген. Ипотекалық бағдарламаны оператор – «Баспана» ипотекалық ұйымы банк берген несиені сатып алу арқылы қорландырады.

Жаңалықтармен бөлісіңіз: