Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз



Біз сайтымызды пайдаланушылармен өзара әріптестіктің сапасын жақсартып, оның мазмұнын дербес ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Біздің веб-сайттың баптауларын өзгеріссіз пайдалана отырып, Сіз біздің cookie файлдарын пайдалануымызға келісім бересіз. Осы cookie файлдарын біз қалай пайдаланатынымыз туралы қосымша ақпаратты мына жерден табасыз.

Люксембургте алғаш рет Наурыз А.Жұбанов атындағы қазақ халықтық аспаптары оркестрі мен «Аққу» би ансамблінің концертімен атап өтілді

26.03.2019
Люксембургте алғаш рет Наурыз А.Жұбанов атындағы қазақ халықтық аспаптары оркестрі мен «Аққу» би ансамблінің концертімен атап өтілді

Шараға Бельгия Корольдығы мен Люксембург Ұлы Герцогтығындағы Қазақстан Республикасының Елшісі Айгүл Құспан мен ERG-дың Бас атқарушы директоры, Люксембургтегі Қазақстан Республикасының Құрметті Консулы Бенедикт Соботка, сондай-ақ компания мен елшіліктің қызметкерлері мен серіктестері қатысты.

– Қазақстан мен Люксембург арасындағы барлық дипломатиялық қарым-қатынастар тарихында біздің ел тұңғыш рет Шығыстың ежелгі мерекесі – «Наурыз мейрамын» Қазақстанның Еуропалық Одақтағы маңызды саяси және сауда-экономикалық серіктесі саналатын ЮНЕСКО-ның әлемдік мұрасының керемет қаласы – Люксембургте атап өтуде. Біз ынтымақтастықты барлық бағыттарда одан әрі нығайта беруді жоспарлап отырмыз, – деді Қазақстан Елшісі Айгүл Құспан.

Қазақстан Елшісі Айгүл Құспан сонымен қатар Қазақстан Республикасының Құрметті Консулы Бенедикт Соботкаға бірлесіп ұйымдастырған іс-шара үшін өз алғысын білдірді.

– Біз Қазақстанда бизнесімізді 25 жылдан бері жүргізіп келеміз және осы жылдар ішінде Наурыз біз үшін ерекше мәнге ие болды. Біз осы концерт халықты қазақ мәдениетіне жақындастырып, Наурыз мерекесін шын мәнінде сезінуге мүмкіндік береді деген үміттеміз. Сондай-ақ бұл шара екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға сүбелі үлесін қосатындығына сенімдеміз, – деді Бенедикт Соботка өз сөзінде.

Халық аспаптары оркестрі «Аққу» ансамблінің сүйемелдеуімен қазақ композиторлары Құрманғазы, Дәулеткерей, Нұрғиса Тілендиев пен Моцарт, Эдуард ди Капуаның танымал шығармаларын нақышына келтіріп орындады. Концерт көрермендер тарапынан жоғары бағасын алды.

Люксембург қаласына келместен бұрын Ақтөбенің шығармашыл ұжымдары Бельгияның астанасы – Брюссель қаласында концерт қойды.

Жаңалықтармен бөлісіңіз: