Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз



Біз сайтымызды пайдаланушылармен өзара әріптестіктің сапасын жақсартып, оның мазмұнын дербес ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Біздің веб-сайттың баптауларын өзгеріссіз пайдалана отырып, Сіз біздің cookie файлдарын пайдалануымызға келісім бересіз. Осы cookie файлдарын біз қалай пайдаланатынымыз туралы қосымша ақпаратты мына жерден табасыз.

Еуразиялық Топ тауар жеткізуші, жұмыс пен қызмет көрсетушілер арасында «ERG Supplier Award» байқауын жариялады

26.03.2019
Еуразиялық Топ тауар жеткізуші, жұмыс пен қызмет көрсетушілер арасында  «ERG Supplier Award» байқауын жариялады

Байқау туралы бастама көтеріп, оны ұйымдастырушы – Топтағы тауарлар мен қызмет түрлерін сатып алушы орталықтандырылған оператор – «ERG-дің Коммерциялық орталығы» ЖШС.

Еуразиялық Топ кәсіпорындары жыл сайын жалпы сомасы 830 млрд теңгенің тауар-материалдық құндылықтары, жұмыс пен қызметтерін сатып алады. Олардың қатарында шикізат, жанар-жағармай, техника мен көлік, жабдық, арнайы киім, қосалқы бөлшектер, құрылыс-монтаж жұмыстары, техникалық қызмет көрсету мен қаржы және заңгерлік қызметтері тағы сол сияқтылар бар. Жалпы алғанда Топ кәсіпорындарының қажеттіліктерін  3 500 жеткізуші өтейді.

Еуразиялық Топ өзінің сатып алуларындағы жергілікті үлесті арттыру мақсатында жүйелі жұмыс істеп келеді. Нәтижесінде жыл сайын шағын және орта бизнес өкілдері – 2 мың қазақстандық жеткізушіден жалпы сомасы 150 млрд теңгенің тауар, жұмыс пен қызметін сатып алады. Жеткізуші таңдауда алдымен сапа, тиімді баға мен үздіксіз жеткізумен қамдай алатындарға басымдық беріледі. Серіктестікті нығайта түсу үшін компания барынша икемді, инновациялы әрі тұтынушыға бағытталған болуға талпынады.

«ERG Supplier Award» жүлдесі жеткізушінің өзінің жұмысын ұдайы жетілдіруге деген ұмтылысын ынталдандыруға бағытталған. Сондай-ақ, байқаудың мақсаты қазақстандық тауарөндірушілерді қолдап, атап өту.

– Біз серіктестерімізбен әріптестіктің тиімділігін арттыру бағытындағы жұмысты тұрақты жалғастырып келеміз. Бұл байқау өзінің мінсіз қызмет, жеткізетін тауарының жоғары сапасымен Еуразиялық Топтың өз бизнесін дамытуға сүбелі үлес қосып келе жатқан үздіктердің үздігін атап өтеуге мүмкіндік береді, – деді «ERG Коммерциялық орталығы» ЖШС Бас директоры Ильмир Масгутов. – Байқауды жыл сайын тұрақты өткізіп, нәтижесін Топтың жылдық қорытынды шарасында жариялап тұру ұйғарылды. Биыл ол ерекшеленіп, Еуразиялық Топтың 25 жылдығына орайластырылмақ.

Байқау бірнеше аталымды біріктіретін 3 секциядан тұрады. «Тауар-материалдық құндылық» секциясында шикізат, арнайы киім, техника мен көлік, қосалқы бөлшектер жеткізушілер қатыса алады.  «Жұмыс пен қызмет» секциясында кәсіби қызмет, құрылыс-монтаж жұмыстары, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарына жұмылатындар бақ сынай алады. Қазақстандық тауарөндірушілер мен жекелеген шарттары арқылы Еуразиялық Топтың жеткізілім тізбегін оңтайландыруға септескен жеткізушілер жеке секцияға шығарылған.

Байқауға қатысу үшін жеткізуші Коммерциялық орталық өткізетін кез келген сауданың бірінде жеңіске жетуі керек. Үміткерлер туралы ақпарат қазан айының 1-іне дейін жиналады. Ал әділ қазылар алқасы жұмысын 2019 жылдың 1 қарашасына дейін аяқтамақ.

«ERG Supplier Award» жеңімпаздары өз брендін нарықта ілгерілетуде қолдау тауып, Еуразиялық Топ өткізетін тендерлерге қатысуда қосымша артықшылақтарға ие болмақ.

Ереже ERG Supplier Award

Жаңалықтармен бөлісіңіз: