Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз



Біз сайтымызды пайдаланушылармен өзара әріптестіктің сапасын жақсартып, оның мазмұнын дербес ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Біздің веб-сайттың баптауларын өзгеріссіз пайдалана отырып, Сіз біздің cookie файлдарын пайдалануымызға келісім бересіз. Осы cookie файлдарын біз қалай пайдаланатынымыз туралы қосымша ақпаратты мына жерден табасыз.

«Шұбаркөл көмір» АҚ көлік паркі жаңа экскаватормен толықтырылды

27.03.2019
«Шұбаркөл көмір» АҚ көлік паркі жаңа экскаватормен  толықтырылды

Бұл кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге және өндірістің өсуіне жасалған тағы бір қадам.

Hitachi компаниясының жоғары қуатты EX1900-6 (LD) гидравликалық экскаваторы  өндірістік карьерлерде жұмыс істеуге және көп көлемді қарқынды жер жұмыстарын орындауға арналған Оператор жұмысының қолайлылығы және өте жақсы жұмыс көрсеткіштері – барлығы осы модельде соңғы инженерлік зерттемелердің арқасында іске асырылған. Техника жоғары қуат, зор жұмыс көлемдерімен қатар өндіру мен тиеудің ең жоғары өнімділігін қамтамасыз етеді. 

Жаңа экскаватор ЭКГ маркалы ескі машиналарының орнына келді. Оның бірнеше артықшылығы бар. Ішіндегі негізгісі  пайдалану қолайлылығы мен екі есе өнімділік көлемінде. Бұдан басқа, экскаваторға тек қана машинист қызмет көрсетеді Сөйтіп, жаңа техника екі ескі техниканың орнына жұмыс істей алады.  

– Бұл экскаватор пайдалану жылдары ішінде өзін жақсы көрсеткен және сынаудан өткен модельдердің негізінде жасалған, – деді «Шұбаркөл көмір» АҚ тау-кен өндірісі басқармасының бастығы Булат Жакенов. – Бұлар қозғалыс қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы барлық заманауи талаптарға және ERG техникалық талаптарына сәйкес келеді. Бұл жоспарламызды іске асыруға көмектесетін сенімді жабдық.

Жаңа техниканы сатып алу «Шұбаркөл көмір» АҚ инвестициялық бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылған. 2019 жылдың аяғына дейін тағы бір EX1900-6 (LD) экскаваторын сатып алу жоспарлануда. 

Жаңалықтармен бөлісіңіз: