Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз



Біз сайтымызды пайдаланушылармен өзара әріптестіктің сапасын жақсартып, оның мазмұнын дербес ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Біздің веб-сайттың баптауларын өзгеріссіз пайдалана отырып, Сіз біздің cookie файлдарын пайдалануымызға келісім бересіз. Осы cookie файлдарын біз қалай пайдаланатынымыз туралы қосымша ақпаратты мына жерден табасыз.

Еуразиялық Топ Қазақстандағы жалғыз оқу-жаттығу полигонын Павлодар қаласында орнатты

05.04.2019
Еуразиялық Топ Қазақстандағы жалғыз оқу-жаттығу полигонын  Павлодар қаласында орнатты

Оның пайдалануға берілуі Еуразиялық Топтың «Биіктіктен құлауды қорғау» жаңартылған ауқымды бағдарламасын жүзеге асырудағы алғашқы қадамы болды.

 

Павлодар алюминий зауытының орталықтандырылған жөндеулер цехында биіктікте жұмыс істеуге арналған модульдік үлгідегі ерекше оқу-жаттығу полигоны таныстырылды. Полигонның конструкциясы мен оның жаттығуға арналған элементтері өндірістік жағдайларға мейлінше жақындастырылған. Жаттығуда қызметкерлердің күн сайынғы биіктіктегі жұмысының барлық түрлері, сонымен қатар құтқару-көшіру іс-шаралары қарастырылатын болады.

– Бұл кәсіпорынның кез келген биіктік жағдайындағы жұмыстарын қайта жүргізуге мүмкіндік беретін оқу-жаттығу полигонының түрі. Нысан өндіріс қауіпсіздігін арттыру жүйесіндегі маңызды маңызды буынына айналмақ, – деп түсіндірді Еуразиялық Топтың жеке қорғану құралдары жөніндегі менеджері Игорь Кнестяпин.

Оқу-жаттығу полигоны негізгі және бірнеше арнайы алаңдардан тұрады: оның бірі еңіс бетті, қалғандары жартылай вагон мен цистернаны ұқсатады. Онда қазіргі таңда әлемде белгілі құлаудан қорғайтын барлық жүйелердің түрлері көрсетілген. Бұл жерде жұмсақ сақтандырғышпен және де тростық жүйелермен жұмыс жасалынады. Оқыту барысында осылар биіктіктегі дәнекерлеу, электрмонтаждау, монтаждау жұмыстарын жүргізудің практикалық дағдыларын алуға мүмкінбік бермек.

– Бұл әрбір нақты кәсіпорынның биіктіктегі бейінді жұмыстарын модельдеуге мүмкіндік ашатын алғашқы алаң шығар, – деп санайды «АльпКонтракт» ЖШС биіктіктегі жұмыстарды жүргізу ережелері бойынша нұсқаушысы Тимур Ахметханов. – Оның әмбебаптылығында үлкен артықтылықтар бар – оны өзгертуге, құрылысын жалғастыруға, модульдерді алмастыруға болады. Сақтандыру компоненттерінің сапасы ТМД үшін өзекті.

Алғашқы 60 адам жаңа полигонды іс жүзінде байқап көрді. Жедел курсты олар үшін кәсіби тренерлер өткізді. Практикалық сабақта нұсқаушылар биіктіктегі қауіпсіз орын ауыстыру, тік және көлденең анкерлі сызықтарды, құдыққа түсуге және минустық биіктіктегі шектелген кеңістікке түсуге арналған үштағанды пайдалану жолдарын көрсетті. Сондай-ақ мамандар биіктікте жұмыс істейтін қызметкерлерге арналған құтқару-көшіру операцияларымен таныстырды.

Павлодар алюминий зауытында орнатылған модульдік үлгідегі оқу-жаттығу полигонының әзірге Қазақстанда теңдесі жоқ. Жақын уақытта осындай алты жаттығу базасы Еуразиялық Топтың басқа кәсіпорындарында да пайда болады. Мұнда биіктікте жұмыс атқаратын қызметкерлер тек кәсіби шеберліктерін шыңдап қана қоймай, біліктілік деңгейін де арттырмақ.

Жаңалықтармен бөлісіңіз: