Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз



Біз сайтымызды пайдаланушылармен өзара әріптестіктің сапасын жақсартып, оның мазмұнын дербес ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Біздің веб-сайттың баптауларын өзгеріссіз пайдалана отырып, Сіз біздің cookie файлдарын пайдалануымызға келісім бересіз. Осы cookie файлдарын біз қалай пайдаланатынымыз туралы қосымша ақпаратты мына жерден табасыз.

Қазақстанның шахмат федерациясы балалар үйлеріне ноутбуктер мен принтерлер сыйлады

18.04.2019
Қазақстанның шахмат федерациясы балалар үйлеріне ноутбуктер мен принтерлер сыйлады

Биыл Нұр-Сұлтан қаласында өткен классикалық шахматтан командалық әлем чемпионатына сатып алынған 50 ноутбук, 4 принтер мен 2 көпфункциялы қондырғы Қазақстанның әр тарабындағы 11 балалар ұйымына үлестірілді. Жоба балалардың шахмат ойынына қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Жоғарыда аталған техника әлем чемпионатынан хабар таратқан журналистердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін сатып алынған болатын. Он күн бойы ол діттеген міндетті толық атқарды. БАҚ белсенділігінің арқасында әлем чемпионатын дүниенің әр қиырындағы миллиондаған адам қызықтап, спорттың аталған түрін жанына серік еткен жүздеген мың ойыншы оны онлайн тамашалады.  

 Чемпионаттың баспасөз орталығына қажетті 40 ноутбук шараның бас демеушісі – Еуразиялық Топтың қаражатына сатып алынған болатын.

– Еуразиялық Топ жұмыс істеп келе жатқан 25 жыл бойы Елбасының Қазақстанда спортты, соның ішінде бұқаралық спорт түрлерін дамыту туралы үндеуін тұрақты қолдап келеді. Біздің компанияда саламатты өмір салты және спорт орталығы құрылған, шахмат клубтары тұрақты жұмыс істеп, әр кәсіпорында дәстүрлі турнирлер ұйымдастырылады, – деді ERG Бас атқарушы директорының бірінші орынбасары Алдияр Қазтаев. – Біз бүгінде қатары мыңға жуықтаған өз шахматшыларымызды бірыңғай онлайн кеңістікке жинадық. Командалық әлем чемпионатына демеушілік көмек көрсетерде біз сатып алынған барлық техника кейін балалар үйлеріне берілуі керек деп талап қойдық. Осылайша келешек буының шахматқа қызығушылығы артса дейміз. Шахмат балалардың оқу үлгерімін жақсартып, логикалық әрі сараптамалық ойлау жүйесін дамытарына сенімдіміз.

Чемпионаттың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» АҚ қаражатына 10 ноутбук, 4 принтер мен 2 көпсалалы қондырғы сатып алынған болатын. Өз кезегінде Федерацияның әлеуметтік серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры осы жабдықтарды балалар ұйымдарына үлестіруге септесті.

  Ноутбуктер Еуразиялық Топтың туған қалалары – Павлодар, Ақтөбе, Қостанай мен Қарағанды өңірлеріндегі балалар үйлеріне таратылған. Бұдан бөлек, Нұр-Сұлтан, Атырау, Қызылорда, Тараз, Қарағанды, Семей мен Орал қалаларындағы балалар үйлеріне де техникалар жеткізілді.

– Шахмат ойынының бұқаралығы қарқынды түрде артып келеді. Оның үстіне ойынға қызығушылар жыл санап жасарып барады, – деді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко. – Қазіргі таңда оқытудың басым бөлігі арнайы компьютерлік бағдарламаларға негізделген. Сол себепті қызығушылық танытқанның бәрінің бірдей бұған қолы жете бермейді. Сондықтан ноутбуктерді балаларға беру ең ұрымтал шешім деп білеміз. 

Жаңалықтармен бөлісіңіз: