Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз



Біз сайтымызды пайдаланушылармен өзара әріптестіктің сапасын жақсартып, оның мазмұнын дербес ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Біздің веб-сайттың баптауларын өзгеріссіз пайдалана отырып, Сіз біздің cookie файлдарын пайдалануымызға келісім бересіз. Осы cookie файлдарын біз қалай пайдаланатынымыз туралы қосымша ақпаратты мына жерден табасыз.

Бірқатар оқу орындарында алғаш рет «ERG күні» өтті

22.04.2019
Бірқатар оқу орындарында алғаш рет «ERG күні» өтті

Бүгін, 22 сәуір күні Еуразиялық Топ (ERG) өз кәсіпорындары орналасқан «Туған қалаларындағы» 23 жоғарғы оқу орны мен колледждерде бірыңғай науқан өткізді. Мақсат – дарынды жастарды сұранысқа ие өндірістік мамандықтарға тарту.   

Түлектердің үздіктерін компанияға тартудың жолы қандай? Биыл 25 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған Еуразиялық Топтың қалыптасқан бірнеше әдістемелері бар. Атап айтар болсақ, ERG ондаған компаниялармен бірлесіп, жыл сайын жоғарғы оқу орындары өздерінің түлектеріне арнап өткізетін бос орындар жәрмеңкелеріне ұдайы қатысады. Сондай-ақ, компания халықаралық World Skills чемпионаты мен қазақстандық Хакатон – бизнес-кейстерді шешу жолындағы үздік идеялар байқауына атсалысып келеді. Оларда үздік шыққан түлектер Топ кәсіпорындарында тәжірибе, тағылымдамадан өту мүмкіндіктеріне ие болды. Олардың арасынан дараланғандар тұрақты жұмысқа да орналасты.

Биыл компания тағы бір тың бастама – «Оқу орындарындағы ERG күнін»- өткізуді қолға алды. Шараға Топ кәсіпорындары орналасқан өңірлердің кәсіптік және жоғарғы оқу орындарында білім алып жүрген 1 700 жас қатысты.

Бұл күні студенттер алдында өндірістің білікті шеберлері мен ERG-дің HR мамандары сөз алды. Олар Топ кәсіпорындарының өзге компаниялардан артықшылықтарына тоқталып, өндіріс ошақтарының алдағы жылдардағы даму бағыттарын тілге тиек етті. Шараға қатысқандар «ERG-дағы болашақ» атты бағдарлама туралы ақпаратқа қанықты. Ол Топтың студенттер және түлектермен әрекеттестігі, кәсіпорын қызметкерлеріне ұсынылатын даму мүмкіндіктері мен компаниядағы жастар кеңестерінің белсенділігі атап айтылды. «ERG-дағы болашақ» бағдарламасының артықшылығы ақылы тәжірибе/тағылымдама, тәлімгер/жетекшінің тағайындалуы, жұмысқа орналасу, қызметте өрлеу жоспарын әзірлеу және кадрлар резервіне енгізу.

Сондай-ақ, студенттерге Топ кәсіпорындарындағы сыртқы/ішкі ротация аясындағы қызметтік өрлеу, өсу мүмкіндіктері айтылды.  

– Бұдан бөлек, студенттерге сұранысқа ие мамандықтар туралы толымды ақпарат берілді,– деді Еуразиялық Топ басқарма төрағасының персонал және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Инна Губарева. – Бүгінде ERG алдына межелі міндеттер қойып отыр. Біз тек кәсіби білікті, дарынды ұжымға арқа сүйеген жағдайда ғана оған қол жеткіземіз. Біз өз қызметкерлерімізге кәміл сенімдіміз. Әрі біздің мыңдаған еңбек ұжымымызға мақсаткер, белсенді әрі жауапты жастарды қабылдауға қашан да даярмыз.

Кездесуде қызметкерлерге ұсынылатын әлеуметтік жеңілдіктер ашық айтылды. Өйткені бұл жұмысқа қабылдау барысында безбенделетін маңызды артықшылықтардың бірі. Олардың қатарында медициналық сақтандыру, тамақтандыру, жұмысқа алып келіп, кейін үйге жеткізу, жыл қорытындысында берілетін бонус, өндіріс мамандарының демалысына қосымша күндер қосып беру,  санаторлық-курортты карталарды жеңілдетілген бағамен беру, ішкі және сыртқы тренингтер, Топтың тұрғын үй бағдарламасына қатысу мүмкіндігі бар.

Кездесу осңында Топ кәсіпорындарынлда ашық есік күндері өтетіні және бизнес-кейстерді шешу байқауы ұйымдастырылатыны айтылды. Интеллектуалды сайыс жеңімпаздары мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ғылыми-техникалық конференцияға шақырту алмақ.

Жаңалықтармен бөлісіңіз: