Хром мөлшері бойынша әлемдегі ең ірі феррохром өндіруші қазақстандық Қазхром EcoVadis бағалауында 100-ден 75 балл алды (2021 жылы кәсіпорын 60 балл болған). Платина медалі – ең жоғары марапат болып табылады, яғни «Қазхром» ең жоғары ESG рейтингі бойынша қара металлургия компанияларының 1%-на кіреді.
EcoVadis бағалау әдістемесі төрт салаға топтастырылған 21 корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік (КӘЖ) критерийлеріне сәйкес компанияларды іргелі талдауға негізделген: қоршаған ортаны қорғау, еңбекті және адам құқықтарын қорғау, этикалық стандарттар және жауапты жеткізілімдер. Жаһандық есеп беру бастамасы (GRI), БҰҰ Жаһандық шарты және ISO 26000 ұсынымдарын қосатын, халықаралық орнықтылық стандарттарына негізделген бұл әдістеме EcoVadis-ті әлемдегі бизнес орнықтылығы рейтингтерінің ең ірі жеткізушілерінің біріне айналдырады.
Бенедикт Соботка, ERG Бас атқарушы директоры: «Өткен жылы күміс медаль алған Топ 2022 жылы алтын медальға қол жеткізуді мақсат етіп қойды. «Платина» рейтингі барлық күткендерден асып түсетін және біздің Қазақстандағы қызметкерлеріміздің, соның ішінде «Қазхром» командасының, сондай-ақ жалпы Топ қызметкерлерінің ең жоғары нәтижеге қол жеткізуге және міндетті талаптардан асып түсуге деген ұмтылысын растайтын тамаша жетістік болды. Бұл ERG-дің ғаламшарға оң әсерін қамтамасыз етеді және орнықты дамудағы жаһандық көшбасшы ретіндегі ұстанымымызды нығайтады. «Қазхром» ТҰК» АҚ Президенті Арман Есенжоловқа, Топтың трансформация және орнықты даму жөніндегі директоры Анастасия Кусковаға және ESG компаниясының барлық мамандарына ерекше алғысымды білдіргім келеді. Мен, сондай-ақ, EcoVadis компаниясына біздің индустрияның орнықты болашаққа қарай дамуына көмектесетін маңызды жұмысы үшін алғыс айтамын».
Серік Шахажанов, ERG-дің Қазақстандағы активтерін басқаратын «Еуразиялық Топ» ЖШС Басқарма төрағасы: «Қазхром» өз қызметінің барлық саласында үздік болуға ұмтылады, ал алынған медаль біздің философиямыздың іс жүзінде нәтижелер әкелетінін және қоғам мойындайтынын көрсетті. «Қазхром» ТҰК» АҚ әріптестеріміз өз жетістіктерімен, оның ішінде рейтингтің өзі ғана емес, сонымен қатар «Қазхромның» Қазақстанның және жалпы әлемнің орнықты дамуына қосқан үлесімен шексіз мақтана алады. Біз бұл жетістікті алдағы жылдары нығайта түспекпіз».