Артқа

ERG SFO ұйымы ENRC-ге қатысты бастаған тергеуін айып тақпастан ресми түрде аяқтағанын хабарлайды

28.08.2023

Бұрындары FTSE 100 индексіне енген Eurasian Natural Resources Corporation (ENRC) компаниясының активтерін бас кеңсесі Люксембургте орналасқан әлемдегі табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу саласындағы жетекші әртараптандырылған топ – Eurasian Resources Group (ERG) 2013 жылы сатып алған болатын. Ұлыбританияның аса ірі көлемдегі алаяқтықпен күрес Бюросы (SFO) осы ENRC компаниясына қатысты қолға алып, 10 жылдан астам уақыт бойы жүргізген тергеу жұмыстарын аяқтау туралы шешім қабылдаған.

Бұл туралы хабарлама SFO-ның ресми веб-сайтында жарияланды. Тергеу қорытындысы бойынша ENRC-ге немесе оның лауазымды тұлғаларына қатысты айып тағылған жоқ.  

– «ENRC тарапынан SFO-ның тергеуді аяқтағанын және аталған мәселеге қатысты қандай да бір қадамдарды қолға алып жатпағанын қуана хабарлаймыз», - деді ENRC өкілі.