Артқа

Екібастұз кеншілері кәсіби мерекелерін атап өтті

28.08.2023

Екібастұз кеншілері кәсіби мерекелерін атап өтті

Кәсіби мерекелері – шахтерлер күнінде Eurasian Resources Group (ERG)  құрамындағы «ЕЭК» АҚ «Шығыс» кенішінің 140-тан астам кеншісі марапатталды.

Көмір өндіруші кәсіпорнының аумағында орналасқан Құрмет тақтасында үздік 30 қызметкердің суреттері жарқырап тұр. Кәсіпорынның мәжіліс залында өткен салтанатты жиналыста өндіріс озаттарына түрлі дәрежелі Шахтер даңқы төсбелгілері мен Қазақстан көмір өндірушілер кәсіподағының алғыс хаттары табысталды. Ал кеніштің буфеті пен асханаларында жұмысшыларға түрлі тәттілер ұсынылып, меркелік дастархан жайылған.

Басты мереке думаны Естай атындағы балалар музыка мектебінің концерт залында өтті. Салтанатта кеншілерді ERG Директорлар кеңесінің мүшесі Шухрат Ибрагимов, Көмір дивизионының операциялық директоры Михаил Барабаш, «Шығыс» кенішінің директоры Юрий Личман құттықтады. Кеншілер ERG-дің (Еуразиялық Топ) арнайы марапаттарына ие болды, оның ішінде алғыс хаттар мен «Ерен еңбегі үшін», «Өндірістік саладағы еңбегі үшін» құрмет белгілері бар. Сондай-ақ көмір өндірушілерге «ERG-дің үздік тәлімгері» «Жастар көшбасшысы» және «Саламатты өмір салтын дамытқаны үшін» атты марапаттар табысталды. Мерекелік жиынның ең басты оқиғасы – кеніш қызметкерлеріне тұрғын үй сертификаттарын ұсыну болды. Шухрат Ибрагимовтың қолынан Жасұлан Сейітов, Еркен Бейсембаев, Гульсана Ташимова, Алёна Мельник және Евгений Кузнецов Екібастұзда орналасқан абаттандырылған пәтерлердің кілттерін алды.

Шухрат Ибрагимов өз сөзінде кеншілерге еңбектері мен тамаша өндірістік көрсеткіштері үшін алғысын ақтарды.

– Жақында «Шығыс» кеніші жоспардаы асыра орындап, көмір кен орнын игерген сәттен бергі мерейтойлық 650 миллион тонна көмір өндірді. Мұндай нәтижелер біздің бәсекелестерімізді тек қызықтырып қана қоймай, сонымен қатар көптеген әлемдік корпорациялардың назарын аударды. Сіздердің күн сайынғы адал еңбек, жоғары кәсіби біліктіліктеріңізді мақтан тұтамыз,- деді ол.

Мерекелік кеш қазақстандық эстрада жұлдыздары Қуандық Рахым мен Ринат Малцаговтың концертіне ұласты.

– «Шығыс» кенішінің басты құндылығы бұл – «кенші» атағының маңызын растай отырып, әрқашан өз қолдарымен, ойларымен ең қарапайым және ең күрделі техникалық шешімдерді жүзеге асыратын еңбек ұжымы. Бұл әуелден солай қалыптасқан, және әрқашан осылай болып қала береді, - деді өз сөзінде «Шығыс» кенішінің директоры Юрий Личман.  – Әрқайсыларыңыздың кенішке деген адалдықтарыңыз, жоғары жауапкершілік пен кәсіби шеберліктеріңіз шынайы мойындауға және ерекше құрметке лайық. Шын жүректен сіздерге мықты денсаулық, береке, байлық және ертеңгі күнге деген кәміл сенім тілеймін.

Айта кетейік, «ЕЭК» АҚ қалалық іс-шаралардан тыс қалған жоқ. Мереке күні екібастұздықтар үшін қаланың басқа да көмір өндіруші кәсіпорындарымен бірлесіп, қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.