Артқа

Моноқала – Хромтау тұрғындарына қаланы абаттандыру мүмкіндіктері артпақ

05.09.2023

Моноқала – Хромтау тұрғындарына қаланы абаттандыру  мүмкіндіктері артпақ

Мұнда қыркүйектің бесінен ERG компаниясының бастамасымен қолға алынған «Tugan Qala» жобасының «Tugan Qala Birlestik» деп аталатын жалғасы басталады. Бұл жоба бұрынғыдан өзгерек. Яғни бюджеті қомақты және ірі инфрақұрылымдылық жобаларға баса назар аударатындымен ерекшеленеді. Ал оған бір идеяны ұсынған қала азаматтарынан құралған топтар қатыса алады. Жоба басталарда баспасөз мәслихаты өткен болатын.

Бастамашылық бюджеттеу бойынша қолға алынған жаңа әлеуметтік жоба моноқалада бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Осы уақыт ішінде бірнеше ондаған жаңа нысан – балалар алаңдары, муралдар және өткен жылдан бастап маңызды іс-шаралар жоспарлары (турнирлер мен жарыстар) пайда болды.

– Бұл Хромтаудан бастау алған «Tugan Qala» жобасының алғашқы жаңалығы емес, - деп атап өтті Дөң тау-кен байыту комбинатының директоры Азамат Бектібаев. – Жобаның жалғасына көбірек адам қатыса алады. Хромтаулықтардың идеяларын жүзеге асыруда қала жақсы көрсеткіштерге ие. Тұрғындардың белсенділігі жоғары. Жаңа бастамамен бастаманың ауқымын кеңейтіп жатырмыз. Соның нәтижесінде жекеленген аудандар үшін ғана емес, барлық азаматтар үшін пайдалы әрі қызықты болатын үлкен нысандар пайда болады деген сенімдемін.

Енді хромтаулықтарда қаланың инфрақұрылымын дамыту үшін қолда бар мүмкіндіктерден бөлек, қосымша мүмкіндіктер тағы бар. Жобаның мәні мынада – қала басшылығымен және белсенді тұрғындармен келісе отырып, игерілмей жатқан қала меншігінің ішінен бірнеше орын таңдалады. Мысалы, бос жатқан жерлер, қараусыз қалған ғимараттар. Тұрғындар қажет деп тапқан жобаны аудан әкімінің сайтынан дауыс беру арқылы таңдайды. Одан әрі көп дауыс жинаған жеңімпазға жүз миллион теңге көлемінде қаржы бөлінеді.

– Бәріміз бірлесе отырып, жарамсыз жерлерді қайта қалыпқа келтіреміз, - деді Хромтау қаласы әкімінің міндетін атқарушы Сағындық Шабикбаев. – Жобаның бірінші жылынан бастап-ақ,  қала әкімдігі бұл бағыттағы жұмыстарға қолдау көрсетіп, жеңімпаз атанбаған жобаларды да  қаржыландырып келеді. Осылайша, үш жыл ішінде сегіз идея жүзеге асырылды. Жаңа «Tugan Qala Birlestik» тұрғындардың қалада жайлы орта қалыптастыруға көптеп қатысуына мүмкіндік береді.

Онлайн сауалнамамен қоса, қазан айында таңдалған орындарда кездесулер өткізу жоспарлануда. Бүгінде әкімдікпен бірлесіп, одан әрі іріктеу үшін сегіз орын анықталды.

Барлық жаңалықтарды жоба порталындағы арнайы қосымшадан қарауға болады.