ERG инноваторлары екінші жыл қатарынан республикалық инновациялар байқауында жеңіске жетуде

25.11.2016
ERG инноваторлары екінші жыл қатарынан республикалық инновациялар байқауында жеңіске жетуде

«Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттігі» АҚ және ҚР инвестиция және даму Министрлігімен жыл сайын бірігіп өткізіліп жатырған инновациялар жарысында «Қазхромның» өнертапқыштары мен инноваторлары жеңіске жетті.

 

Марапаттау  рәсімі 25 қараша Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында өткен  ХІ Инновациялық конгресс барысында өтті.

 Сараптама комиссиясының жоғарғы бағасына «Қазхром»ТҰК» АҚ-ның  металлургиялық өндіріс департаментінің бастығының орынбасары, Жалғасбай Мұсабеков ие болды. Қатысушы Ақсу ферроқорытпа зауытының ұжымымен бірігіп кәсіпорынның айналмалы құмын екінші рет қайта өңдеу арқылы зауыттың балқыту цехтары үшін қосымша металл концентрат алуға және сәйкесінше ферроқорытпа өндіру үшін шикізатты үнемдеу мүмкіндігін ұсынды және енгізді.

«Қазхром» компаниясының атынан шыққан Ақсу ферроқорытпа зауытының шлактарды қайта өңдеу цехының ауысым шебері Кимрат Иксанов та жеңімпаз атанды. Ол «Ұйымдастыру инновациялары» номинациясы бойынша «ERG негізінде ҚР өнеркәсіптік кәсіпорындарында инновациялық әрекеттерді оңтайландыру» авторлық жобасын ұсынды.

 Еске сала кетсек, өткен жылы Ақсу ферроқорытпа зауытының «Құймалы машиналардағы астаулардың бетін суыту» өнертапқыштардың новаторлық шешімі Ұлттық инновациялық жарыста үздік деп атанды. Осы тиімді ұсыныстардың бірінің авторласы К.Иксановты атай кеткен жөн.

Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «Қазхром»ТҰК» АҚ-да өнертапқыштықты дамытуға «Жастар – компания болашағы» атты жастардың ғылыми-техникалық конференциясы (ЖҒТК) сеп болды. Ақтөбе қаласында осымен тоғызыншы мәрте өткізілген конференцияға компанияның барлық филиалдары – «Казмарганец» кен басқармасы (Қарағанды қ.), Дөң тау-кен байыту комбинаты (Хромтау қ.), Ақтөбе ферроқорытпа зауыты (Ақтөбе қ.) мен Ақсу ферроқорытпа зауыты (Ақсу қ.) және де аппарат басқармасынан (Ақтөбе қ.) 40 маман қатысты.

Тоғыз жылда жастардың ғылыми-тәжірибелік конференциясына компанияның жалпы саны 250 астам қызметкері қатысқан, және орташа есеппен жұмыстардың 80% енгізілген немесе пысықтау сатысында.

 «Қазхром»ТҰК» АҚ өнертабыстық және өнертапқыштық қызметі «Қазхром»ТҰК» АҚ-ның өнертабыстық және өнертапқыштық қызмет туралы ережесімен» реттеледі. Айта кетерлігі инновациялар компания қызметінің барлық аспектілерін: жөнделген өндірісті жетілдіруден бастап,  өнімнің жаңа түрлерін игеруге, жаңа технологияларды енгізуге дейін түгел қамтиды. Соңғы үш жылда енгізілген ұсыныстардың жалпы  экономикалық тиімділігі 672 млн теңгені құрады.

Таяуда, қараша айының басында елордада Еуразиялық Топтың (ERG) алғашқы инноваторлар Форумы өтті.  «Назарбаев Университетінің» аумағында өндірістің жедел тиімділігін арттыру бойынша үздік идеяларымен Топтың 200 астам қызметкерлері бөлісті. Бұл инженерлер, механиктер және де ІТ-мамандары мен менеджерлер болды. Іс-шараны дәстүрге айналдырып осылайша ERG академиясының ерекше негізін қалауда.