«ERG Microfinance» микроқаржы ұйымы» ЖШС

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар. Лицензия Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Астана қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасымен берілді. Лицензия нөмірі - 01.21.0007.М, берілген күні 26.02.2021 жыл. Топ Кәсіпорындарының қызметкерлеріне микрокредит беру жөніндегі қызметті жүзеге асырады.

«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес микрокредиттер беруден басқа мынадай операцияларды жүзеге асыруға құқылы:

01
Қазақстан Республикасының резиденттерінен және бейрезиденттерінен қарыз тарту (кәсіпкерлік қызмет ретінде азаматтардан қарыз түрінде ақша тартуды қоспағанда);
02
өз активтерін бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына инвестициялау;
03
микрокредиттер беру жөніндегі қызметке байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсету;
04
өз мүлкін мүліктік жалға (жалдауға) беру;
05
меншікті мүлкін өткізу;
06
лизингтік қызметті жүзеге асыру;
07
ақпарат жеткізгіштердің кез келген түрінде микроқаржы ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша арнаулы әдебиетті өткізу;
08
төлем агентінің және қосалқы төлем агентінің функцияларын жүзеге асыру;
09
Қазақстан Республикасы резидент-сақтандыру ұйымдарының атынан және тапсырмасы бойынша сақтандыру агенті ретінде сақтандыру шарттарын жасасу;
10
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық ақша жүйесі агентінің функцияларын жүзеге асыру;
11
факторингтік операциялар: тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлем жасамау тәуекелін қабылдай отырып, төлемді талап ету құқықтарын сатып алу;
12
форфейтингтік операциялар (форфетирлеу): тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының борыштық міндеттемесін сатушыға айналым түспейтін жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу;
13
кепілдіктерді, кепілгерліктерді және ақшалай нысанда орындауды көздейтін өзге де міндеттемелерді беру.

Хабарландыру

«ERG Microfinance» микроқаржы ұйымы» ЖШС

010000, Астана қаласы, Мәнгілік Ел даңғылы, 43

Тел:
8 (7172) 612 801
8 (7172) 612-802
8 (7172) 612-803
8 (7172) 612-800