Кәсіпорындары, кеңселері мен қызметкерлері төрт құрлықтың түрлі елінде орналасқан ERG-ден халықаралық компания ретінде аса жоғары іскерлік, операциялық және этикалық стандарттарды сақтау бейілділігі күтіледі. Бұл біздің қызметіміз жүзеге асырылатын барлық елдің заңнамасын сақтауды ұйғарады. Біз өз стейкхолдерлеріміздің алдында өзіміздің іс-әрекеттеріміз үшін жауаптымыз және өз қызметімізді ERG-дің этикалық қағидаттарына сәйкес жүзеге асыруға ұмтыламыз.
Біздің негізге алынатын міндеттеріміздің бірі іскерлік этика мен кәсіпқойлықтың аса жоғары стандарттарын сақтау болып табылады. Бұл стандарттар ERG-дің Корпоративтік тәртіп кодексінде көрсетілген және біздің жасап жатқан жұмысымыздың негізі болып табылады.Корпоративтік тәртіп кодексі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды, адам құқықтарын сақтауды, теңдікті, мүдделер қақтығысын басқаруды, құпия ақпарат пен дербес деректерді қорғауды қоса алғанда, негізгі құқықтық, моральдық және этикалық мәселелер жөніндегі біздің стандарттарымыз бен саясаттарымызды белгілейді және Менеджерлер кеңесінің, кез келген лауазымдағы барлық ERG қызметкерлерінің, сондай-ақ әлемнің әр түкпіріндегі ERG контрагенттерінің сақтауы үшін міндетті болып табылады.
Компания, сондай-ақ ERG жеткізушілерінің Компаниямыздың этикалық бизнес жүргізу қағидаттарын, оның ішінде жеткізілім тізбегін жауапты басқаруды сақтауы туралы біздің күтулеріміз көрсетілген ERG жеткізушілерінің тәртіп кодексін қабылдады.
ERG барлық қызметкерлерге өз басшысына, заң қызметіне, комплаенс қызметіне немесе ERG Қауырт желісіне жүгіну арқылы өздеріне қарсы шаралар қабылданудан қорықпай, еркін сұрақтар қоюға және мәселелер туралы хабарлауға мүмкіндік беретін ашық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс атқарып келеді. Сондай-ақ, біздің іскерлік серіктестеріміз де ERG Қауырт желісіне жүгіне отырып, ERG-дің Корпоративтік тәртіп кодексін бұзудың ықтимал қаупі туралы хабарлай алады.
ERG Қауырт желісі тәуелсіз оператор қызмет көрсететін және аптасына жеті күн тәулік бойы жұмыс істейтін толық құпия байланыс арнасы болып табылады.
ERG Қауырт желісіне бұзушылық туралы:
• Қауырт желі сайтында (erg.integrityline.org)
• Қауырт желі телефоны бойынша (нөмірлер тізімі erg.integrityline.org сайтында көрсетілген) хабарлауға болады.
Біздің әрқайсымыздың және іскер серіктестеріміздің ERG-дің этикалық қағидаттарын сақтауымыз стейкхолдерлер тарапынан біздің Компанияға деген сенімді нығайтады және оның орнықты дамуына ықпал етеді.
Бөліммен толығырақ https://eurasianresources.lu/en/pages/group-compliance сілтемесі бойынша танысуға болады.