ERG мен Қазақстанның тұрғын үй компаниясы Еуразиялық Топ кәсіпорындары мамандарын қолжетімді баспанамен қамтудағы әріптестік туралы Меморандумға қол қойды.
ERG Аккумуляторлық батареялар секторының халықаралық альянсымен бірлесіп, Давос – 2023 форумында Батарея паспортының тұжырымдамасын сынақтан өткізу жұмыстары туралы жариялады.
ERG Сауд Арабиясы Корольдігінде жұмысын бастады және 2023 жылы осы елдегі барлау жұмыстарына 50 миллион АҚШ долларын инвестициялауды жоспарлап отыр.
ЕRG Қазақстанның жөндеу жұмыстары мен машина жасау активтерін орталықтандыру қамындағы ауқымды бағдарлама аясында «ССКӨБ» пен «Қашар кені» АҚ-ның Қостанай облысы Рудный қаласындағы жөндеу құрылымдары «ERG Service» ЖШС құрамына өтті.
Eurasian Resources Group көміртегі ізін төмендетуге қатысты ұстанатын қағидаттары мен осы бағытта өз мойнына алған міндеттемелерін жария етті.
ERG қолға алған бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясында жеке Корпоративтік университетін ашты
Eurasian Resources Group компаниясының BAMIN кәсіпорны Бразилиядағы Pedra de Ferro кен орнынан өнім экспорттау туралы келісім жасасты.
Қазақстанда отандық геологиялық барлау саласына айрықша маңызды нысан – ERG GeoHub ашылды. Кешен керн материалдарын тіліп, сипаттап, сақтауға арналған.
Ақтөбе ферроқорытпа зауытында елдегі алғашқы өнеркәсіп туристік бағдар ашылды.
ЕRG мен Ақтөбе облысының әкімдігі, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және ҚР кәсіпкерлерінің «Атамекен» ұлттық палатасы Хромтау қаласындағы шағын және орта бизнесті қолдау туралы Меморандум жасасты.
ССКӨБ жаңа өнім – флюстенген шекемтастар шығаруға кірісті.
«ERG Service» ЖШС өз өнімдерін Ресей нарығына шығара бастады.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында ERG қытайлық BaoWu Resources және Power Construction Corporation of China (Power China) компанияларымен келісімшарттар жасасты.
«Qadam» үкіметтік емес ұйымы ERG-дің қаржылық қолдауымен Хромтауда жұмыссыз әйелдер мен жасөспірімдерге арналған тегін курстар ашты.
ERG алюминий дивизионының Павлодардағы кәсіпорындарына да өнеркәсіптік турын ашты.
Халықаралық ICDA қауымдастығы «Хром индустриясының орнықты дамуы-2023» байқауының қорытындысы бойынша Eurasian Resources Group-ты «ESG – корпоративтік басқару» номинациясы бойынша үздік компания деп таныды.
Халықаралық әлеуметтік балалар бастамаларын дамытуға сүбелі үлес қосқаны үшін Eurasian Resources Group ЮНЕСКО-ның құрметті серіктесі сертификатымен марапатталды.
ERG-дің корпоративтік университеті халықаралық «Еуропалық менеджментті дамыту қоры» (EFMD) қауымдастығына мүше болды.
Ақсу ферроқорытпа зауыты автоматтандырылған бақылау жүйесін тәжірибелік-өнеркәсіктік қолданысқа қосты.
ERG Абай облысындағы өрттің зардаптарын жоюға 300 млн. теңге бағыттады.
ERG Бразилия президентінің рұқсатымен Баия штатында жылына 60 миллион тонна жүк өткізетін FIOL темір жолының бірінші учаскесінің құрылысын бастады.
ERG Arabia Сауд Арабиясында геология бойынша үш жылдық магистратура бағдарламасын бастады.
Хромтауда шлам қалдықтарын өңдейтін ERG Green фабрикасы іске қосылды.
ERG жастарды сәтті кәсіби бағдарлауға септесетін EduNavigator тұрғырнамасын мемлекет меншігіне тегін өткізді.
Ұлыбританияның аса ірі көлемдегі алаяқтықпен күрес Бюросы (SFO) ENRC компаниясына қатысты қолға алып, 10 жылдан астам уақыт бойы жүргізген тергеу жұмыстарын аяқтау туралы шешім қабылдаған.
Дөң тау-кен байыту комбинаты 85 жылдығын атап өтті.
«Қазхром» ТҰК» АҚ Ecovadis ESG рейтингісінің Платина медалімен марапатталып, тағы бір мәрте ICDA-ның жауап хром өндірушісі белгісіне ие болды
ESGQ рейтинг агенттігінің деректері бойынша «ССКӨБ» АҚ қазақстандық ECS–рейтингке кірді.
ERG EVelution Energy компаниясымен АҚШ-та жоспарланған компанияның өңдеу зауытына кобальт жеткізу туралы бес жылдық келісім жасасты.
ERG мыс және кобальт өндіру үшін КДР-дегі COMIDE кәсіпорнында гидрометаллургиялық зауытының құрылысын бастады.
ERG жоғары сапалы кобальт өндіру үшін КДР-де байыту зауытын салады, BGRIMM қытайлық компаниясымен EPC келісімшарт жасасады.
ERG Қарағандыда И.А. Костенко атындағы шахтада болған апаттан қаза тапқан және зардап шеккен шахтерлердің отбасыларына 400 млн теңге бағыттайды.
Хромтауда ERG Ғылыми зерттеу инжинириг орталығының жаңа зертханасы ашылды.
«Шұбаркөл көмір» АҚ спецкокс шығаратын жаңа зауытты таныстырды.
Дөң тау-кен байыту комбинатының №1 ұсатып, байыту фабрикасында шаң басу жүйесі іске қосылды.
Қазақстан электролиз зауытындағы анод күйдіру пеші күрделі жөнделіп, қайта іске қосылды.