Компания тарихы

Қаңтар

  • Eurasian Resources Group нарықтардың орнықты дамуын қамтамасыз ету бағытында ханзада Чарльздің басшылығымен жүзеге асырылып жатқан Terra Carta бастамасын қолдаған алғашқы 25 жетекші әлемдік ұйым қатарына енді.
  • «Қазхром» феррохром өндірісінен тарихи нәтижеге қол жеткізіп, 2020 жылы рекордтық - 1,84 млн. метрикалық тонна ферроқорытпа өндірді.

Ақпан

  • 68 жасқа қараған шағында ERG компаниясының негізін қалаушылардың бірі, Директорлары кеңесінің мүшесі Aлиджан Рахманұлы Ибрагимов қайтыс болды.
  • «ССКӨБ» АҚ жөндеу-механикалық металлургиялық зауытының қызметкерлері магниттік сепаратордың ваннасын жасады.
  • ERG шахматшылары Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) өткізген Корпоративтік әлем чемпионатында үдік сегіз команда қатарынан көрінді.

Наурыз

  • ERG Шухрат Ибрагимовтің Менеджерлер кеңесіне тағайындалғанын жариялады.
  • ERG мен Narxoz University Education мамандар даярлаудың бірлескен бағдарламасын жүзеге асыра бастады.
  • «Қазақстан алюминийі» АҚ Торғай боксит кен басқармасының жұмысы тоқтады.

Сәуір

  • Бразилиядағы BAMIN жобасын дамытуда айрықша маңызға ие FIOL теміржолын басқаруға жарияланған аукционды ERG ұтып алды.
  • Қазақстан электролиз зауыты «қанатты» металды шығара бастаған кезеңнен бері бастапқы алюминийдің мерейлі – үш миллионыншы тоннасын өндірді.
  • Дөң ТКБК Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы шахтаның стратегиялық маңызды екінші кезегінің құрлысы аяқталып, қос тау-кен ұңғымасының оқпаны түйісті.
  • Eurasian Resources Group-те ESG мәселелері жөніндегі Комитет құрылды
  • ERG балалар еңбегін пайдалануға толық тосқауыл қоюға арналған БҰҰ Халықаралық жылын қолдап, тиісті міндеттемелерді мойнына алды.
  • ССКӨБ Сібірдің ірі болат құюшы кәсіпорны – «ЕВРАЗ» Біріккен Батыс-Сібір металлургия комбинаты» АҚ-на ( «ЕВРАЗ БСМК» АҚ) шекемтас жеткізе бастады.
  • «ERG Service» ЖШС алғаш рет ұжымдық келісім шарт жасасты.
  • ERG компаниясы Еуразиялық Топ кәсіпорындары орналасқан өңірлердегі әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға 11 000 азық-түлік себетін жеткізіп берді.

Мамыр

  • «Business & Technology Services» ЖШС мен «Сбербанк» ЖАҚ компанияның нақты бизнес міндеттеріне қажетті IT-архитектураны жобалау туралы келісім шарт жасасты.
  • CMOC, Eurasian Resources Group пен Glencore қатарлы жетекші металлургиялық және тау-кен компаниялары Umicore аккумуляторларына шикізат жеткізушілермен бірлесе отырып, Re I Source жобасын іске қосты.
  • Лодейное Поле қаласында 314-ші атқыштар дивизиясы сапында ел қорғаған жауынгер- қазақстандықтарға алғашқы ескерткіш орнатылды.

Маусым

  • Сбер мен Eurasian Resources Group бизнесті цифрландыру саласында серіктесе жұмыс істейтін болды.
  • Сбер мен Eurasian Resources Group орнықты даму мақсаттары ESG қағидаттарын енгізу ісінде әріптесе жұмыс істеу туралы Меморандум жасасты.
  • Еуразиялық даму банкі мен ERG өзара әріптестік туралы Меморандум жасасты. Келсім аясында Еуразиялық даму банкі «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ-на экспорт алды қаржыландыру ретінде несие желісін ашу және компанияның инвестициялық бағдарламасын қаржыландыру мүмкіндіктерін қарастырып көрмек.
  • ERG Жаһандық климат бастамасы ұйымы, Ресей және Сбер ұйымдастырған дамушы елдердегі климаттық күн тәртібі талқылаған панелді дискуссияға қатысты.
  • ERG-дің Тұрғын үй бағдарламасы аясында Ақсу ферроқорытпа зауытының 42 қызметкері көптен күткен баспана кілтін алды.
  • Eurasian Resources Group «Ел тірегі – Елбасы» атты республикалық қайырымдылық акциясын қолдап, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай BTS Education компаниясымен бірлесіп білім беру жобасын қолға алды.

Шілде

  • Ақсу ферроқорытпа зауытынның №1 балқыту цехында жаңғыртылған №12 пеш іске қосылды.
  • С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде ERG қолдауымен дайындалған Қазақстанның жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы залының ашылу рәсімі өтті.

Тамыз

  • ERG өзге де жетекші компаниялармен бірлесе отырып, іске асырылып жатқан Re|Source блокчейн бастмасы аясында Tesla-мен серіктестікті нығайтты.

  • Ақтөбе ферроқорытпа зауытына жаңа сүзгілер орнатуға 740 млн. теңгеден астам қаржы бағытталды
  • ССКӨБ шығаратын өнім түрлерін кеңейтіп, Дөң кен байыту комбинатына арналған ашық вагондардың сынама топтамасы шығарды.
  • Ақтөбе ферроқорытпа зауыты қаладағы емдеу мекемелеріне оттегі баллондарын жеткізуден рекорд орнатты.
  • ERG-дің қолдауымен Молдовада қазақстандық жауынгерлер рухына алғашқы ескерткіш ашылды

Қыркүйек

  • Хром өндірушілердің халықаралық қауымдастығы (ICDA) әлемнің әр қиырындағы алты компания қатарында «Қазхром» ТҰК» АҚ-на «Жауапты хром өндіруші» мәртебесін берді.
  • Eurasian Resources Group пен China Nonferrous Metal Industry’s Foreign Engineering and Construction Co., Ltd. (NFC China) «Шұбаркөл көмір» АҚ-ында «Спецкокс шығаратын зауыт құрылысын салу» жобасын жүзеге асыру жөнінде ЕРС келісім шартын жасасты.
  • ERG мен Орта Азиядағы Hitachi-дің ресми дилері – Eurasian Machinery компаниясы жабдықтарды жеткізу жөнінде келісімшарт жасасты. Бұл Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бергі 30 жыл ішіндегі тау-кен техникасын сатып алуға қатысты ең бір ауқымды келісім шарттың бірі. Жыл соңы дейін «Қашар кені» АҚ өндіріс алаңдарына Hitachi EH4000 AC-3 маркалы 12 автотүсіргіш пен 2 Hitachi EX5600E гидравликалық экскаваторы жеткізіледі.
  • ERG-дің Бразилиядағы BAMIN кәсіпорны жергілікті жердегі федералды үкіметпен FIOL Батыс-Шығыс трансконтиненталды темір жолын салып, алғашқы телімін пайдалану туралы концессиялық келісім шарт жасасты.
  • ERG, Павлодар облысының әкімдігі мен «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер палатасы осы өңірдегі тауарөндірушілерді қолдау мен дамыту стратегиясына қатысты келісім шарт жасасты.
  • «ССКӨБ» АҚ «Жылдың үздік ұйымы» аталымында жеңіске жетіп, қайырымдылық бағдарламасын тиімді жүзеге асырғаны үшін марапатталды.

Қазан

  • "Шұбаркөл көмір" АҚ-ның өнеркәсіп алаңында спец кокс өндіретін жаңа зауыттың қадасын қағып, іргетасқа капсула салу рәсімі өтті.
  • Eurasian Resources Group отандық өндіруші - «Format Mach Company» ЖШС-мен 11,2 млрд теңгенің offtake-келісімшартын жасасты.
  • Eurasian Resources Group Еуропалық Одақты ESG саласы бойынша әрекет етуге шақыратын 57 халықаралық ұйымның қатарында.
  • «ССКӨБ» АҚ, «Қашар кені» АҚ мен «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинатының қызметкерлері халықаралық IPWeek 2021 өндіріс апталығы Чемпионатында жеңіске жетіп, жұмысты жетілдіру байқауының жүлдегерлері атанды.
  • ERG кәсіпорындарында қызметкерлердің 94 проценті COVID-19 вирусына қарсы вакцина салдырды.
  • Eurasian Resources Group Ақтөбе, Қостанай мен Павлодар облыстарында «ERG mektepke» бастамасын жүзеге асырады. Жоба мектептердегі педагогтер мен жетекшілердің үздіксіз кәсіби дамуына септесу арқылы осы аймақтардағы орта білім беру ісін ілгерілетіп, инженер-техникалық және цифрлық технология мамандықтарына балалардың қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Қараша

  • Eurasian Resources Group 2020 жылғы орнықты даму жөніндегі есебін жариялады. ERG Service мамандары жасаған алғашқы онтекшелік шөміш тапсырыс берушіге жөнелтілді.
  • “Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы – «Керегетас» әктас кенішінде кеннің мерейлі 100 миллионшы тоннасы игерілді. Кеншілердің өндірістік жетістігі компания бөлімшесінің 55 жылдығымен тұс келген.
  • Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, ERG Қазақстандағы ішкі туризм бағдарын кеңітіп, Ақтөбе ферроқорытпа зауытына туристік бағдар ашты.

Желтоқсан

  • ERG мен Сбер өзге де жетекші компаниялармен бірлесіп, ESG-Альянс құру туралы келісімшарт жасасты.
  • "Шұбаркөл көмір" АҚ кеншілері кәсіпорын құрылған күннен бері көмірдің 200 миллионыншы тоннасын өндірді.
  • ERG мен Thyssenkrupp Industrial Solutions экологиялық жобаны жүзеге асыруға қатысты ірі келісімшарт жасасты. Уағдаластық аясында мердігер Павлодар алюминий зауытында №4 және №5 жентектеу пештеріндегі 4 электрлісүзгі алмастырады.
  • Eurasian Resources Group «Жайрем марганеці» АҚ-ын сатып алды.
  • ERG тұрғын үй бағдарламасы аясында Шұбаркөл Көмір АҚ мен Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қызметкерлері көптен күткен пәтерлердің кілттерін алды.