Компания тарихы

  • ERG Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумға және Эр-Риядтағы Future Minerals Forum-ға қатысты.

  • Павлодар облысы Павлодар ауданы Сычевка ауылында 100 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді, оның құрылысын ERG қаржыландырды. 

  • ERG трансшекаралық көміртегі салығы бойынша алғашқы есепті аяқтады.

  • «Качары кені» АҚ жылу орталығы көмірден газға көшті.

  • ERG су тасқыны салдарын жоюға және зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына көмек көрсетуге 400 млн теңге бөлді.

  • ERG Electra компаниясымен кобальт жеткізу туралы келісімге қол қойды.

  • ERG жаңа энергетикалық автокөлікті жеткізу тізбегі (NEV) бойынша Еуропалық конференцияға қатысты.

  • ERG БҰҰ-ның аса маңызды минералдарға арналған Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің сарапшылар тобының жиналысына қатысты.

  • Корпоративтік тұрғын үй бағдарламасының арқасында Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкерлері өз пәтерлерінің кілттерін алды.

  • ERG өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін міндеттерді шешу бойынша Қазақстандағы алғашқы кейс-чемпионатты өткізді.

  • Ақтөбе ферроқорытпа зауыты Елек өзеніне 46 мың карп балығының төлін шығарды

  • ERG Корпоративтік университеті EFMD Excellence in Practice Awards 2024 халықаралық байқауының «Кәсіптік оқыту» номинациясы бойынша «алтын» сыйлығын жеңіп алды.

  • «ERG Service» ЖШС филиалы - Жөндеу-механикалық металл илемдеу зауытында мерейтойлық металды балқыту өтті.

  • ERG 20 млрд теңгеден астам сомаға отандық өндірушілермен жаңа offtake келісімшарттарына қол қойды.

  • ERG Директорлар кеңесі құрамындағы өзгерістер туралы жариялады: Шухрат Ибрагимов мырза Төраға болып сайланды, Сабир Чодиев мырза және Эдуард Сурлевич мырза сәйкесінше д-р Патох Чодиев пен д-р Александр Машкевичтің орнына келді.

  • ERG «Орталық Азия елдері + Жапония» бизнес-форумы аясында Жапонияның ірі әлемдік компаниялары - HITACHI Construction Machinery және оның Орталық Азиядағы ресми дилері - «Eurasian Machinery» (Евразиан Машинери) ЖШС-мен меморандумдар, сондай-ақ Mitsui & Co компаниясымен келісім жасасты.

  • Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №4 балқыту цехы алғашқы мерейтойын - іске қосылғанына 10 жыл толғанын атап өтті.

  • Су тасқынынан зардап шеккен Ойыл және Ақкемер ауылдарының тұрғындары ERG-дің негізін қалаушы акционерлер бөлген 40 млрд.теңгеден астам қаражатқа салынған жаңа үйлерінің кілттерін алды.

  • ERG басшылықтың өзгергенін жариялады: Бенедикт Соботканың орнына Шухрат Ибрагимов Топтың CEO болып  тағайындалды.

  • ERG тау-кен техникасының ірі әлемдік өндірушісі – Epiroc-пен жерасты тау-кен жабдықтарын жеткізуге 32,4 миллион еуродан астам сомаға келісімшарт жасады.

  • Ақтөбе облысы әкімдігі мен ERG арасындағы жыл сайынғы меморандум аясында Хромтау қаласы үшін жаңа барлық маусымдық машиналар сатып алынды.

  • «ЕЭК» АҚ «Восточный» кенішінің ұжымы аршу жұмыстары бойынша жаңа рекорд орнатты.

  • «Қазхром» ТҰК» АҚ Дөң ТКБК үшін құны миллион доллардан асатын тиегіш сатып алынды.

  • Ақтөбеде Ақтөбе облысының әкімдігі, ERG компаниясы және Отбасы банк арасында қол қойылған үшжақты меморандумның арқасында Ақтөбе ферроқорытпа зауыты қызметкерлерінің арасынан 60-қа жуық отбасы қоныс тойын атап өтті.

  • ERG корпоративтік университеті EFMD Excellence in Practice Awards 2024 халықаралық байқауының алғашқы қазақстандық жеңімпаз компаниясы болды. 

  • «ССКӨБ» АҚ Кен дайындау және байыту цехы (КДБЦ) байыту учаскесінің № 13 технологиялық секциясының күрделі жөндеуі аяқталды.

  • ERG Bank of China Limited Лондон бөлімшесімен және Glencore International AG («Glencore») компаниясымен Metalkol мыс жеткізу негізінде экспорт алдындағы қаржыландыру туралы келісім жасасқанын жариялады

  • Хромтауда алғаш рет ERG қолдауымен қала тұрғындарының авторлық сценарийі бойынша «Tugan Qala» қалалық форумы өтті.

  • Қазақстандағы Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары жаңартылған Qazanat ипподромында өтті. Құны 17 миллиард теңгеден асатын ауқымды қайта құрастыру жұмыстары ERG қолдауымен жүргізілді.

  • Қазхром» ТҰК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытында қалдықтарды қайта өңдеу бойынша қосымша кешен «салынуда.

  • ERG Қазақстанда алғаш рет алюминий саласындағы хакатон өткізді.

  • ERG Ақсу қаласы үшін ең заманауи рентгенологиялық жабдықтарды сатып алуға қаражат бөлді.

  • «Шұбаркөл көмір» АҚ кеншілері қазан айында ауысымына 472 вагон көмір жөнелтіп,  рекордқа қол жеткізді.

  • ERG Астана қаласының №1 көпсалалы ауруханасының комбустиология бөлімшесіне жаңа жабдықты сыйға тартты.

  • ERG күйік кезінде тері жамылғыларын трансплантациялау кезінде қолданылатын арнайы жабдық - жаңа дерматомды сатып алуға қаражат бөлді.

  • ERG Павлодар қаласының ауруханаларына жаңа жабдықтар сыйға тартты.

  • ERG SAP Payroll жобасымен SAP Quality Awards 2024 жеңімпазы болды.

  • Ақтөбе ферроқорытпа зауыты төртінші балқыту цехында үшінші кептіру желісінің құрылысын аяқтады.

  • ERG қосалқы келісімшарттар биржасында 2 млрд. теңгеден астам сомаға ұзақ мерзімді шарттарға қол қойды.

  • ERG QazIndustry және еліміздің тау-кен металлургия саласының басқа да ірі компанияларымен тау-кен металлургия машина жасау орталығын құру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

  • ERG Қазақстанда талап етілмеген, алынбаған тауарларды сатуға арналған алғашқы заманауи көп санатты сауда алаңы SalesMarket.kz іске қосылды.   

  • ERG, қытайлық Huadian компаниясы және қазақстандық Argestus компаниясы Екібастұз қаласы аумағында белгіленген қуаты 200 МВт болатын жел электр станциясын салу бойынша әлеуетті ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Хромтаудағы хром кенін өндіретін жаңа «Болашақ» шахтасының жұмысымен танысты.

  • ERG Қазақстандағы қызметінің 30 жылдығын атап өтті.

  • Ақтөбе облысында ERG салып жатқан әрқайсысы қуаты 6,25 МВт болатын «Хромтау» жел электр станциясының алғашқы екі жел генераторы желіге қосылды.  

  • ERG және Eurasian Machinery стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

  • Павлодарда ERG қолдауымен Ерте араласу орталығы мен оңалту орталығының салтанатты ашылуы өтті.