Компания тарихы

  • «Қазхром» Орталық Азия елдері кәсіподақтар кеңесінің (ОАЕКК) бастауыш ұйымдары арасында «Үздік әлеуметтік әріптес» халықаралық байқауының жеңімпазы атанды.

  • ERG Қазақстанда бірінші болып Komatsu HD1500-8 карьерлік самосвалдарын «Восточный» кенішінде пайдалана бастады.

  • Павлодар алюминий зауыты кәдеге жарату үшін ПХД-жабдықтар мен қалдықтарды Францияға жөнелтіп, ТОЛ туралы Стокгольм конвенциясының міндеттемелерін орындады.

  • Пилотсыз техника «Восточный» кенішінде миллион тоннадан астам тау-кен массасын тасымалдады.

  • Дөң тау-кен байыту комбинаты мен BTS компаниясының «Күйдіру пештерінің болат таспасына мониторинг жасауға арналған машиналық көрудің зияткерлік жүйесі» жобасы Digital Almaty Awards 2025 байқауының жеңімпазы атанды.

  • Хромтауда ERG қаражатына салынған жаңа заманауи мәдени-демалыс орталығы ашылды.

  • Қазақстан электролиз зауыты «қанатты» металл өндірісі басталғаннан бері бастапқы алюминийдің мерейтойлық төрт миллионыншы тоннасын өндірді.

  • ERG Қазақстандағы ТМК корпоративтік университеттерінің алғашқы халықаралық форумын өткізді.

  • ERG 2024 жылдың қорытындысы бойынша Bank of China және Glencore компанияларымен Африкада өндірілетін мысты экспортқа дейінгі қаржыландыру туралы келісімі үшін «Тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі жыл мәмілесі» номинациясы бойынша TXF сыйлығын алды.

  • ССКӨБ «Соколовская» шахтасының ұжымы өзінің 50 жылдығына орай жылына 100 млн тонна кен өндіру деңгейіне жетті.

  • ERG «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ сомасы 100 млн АҚШ долларына дейінгі халықаралық кредиттік рейтингі бар кепілдендірілген купондық облигациялар шығарылатынын жариялады.

  • ERG Astana Mining & Metallurgy 15-ші халықаралық тау-кен металлургиялық конгресі шеңберінде Қазақстанның минералды-шикізат базасының дамуын нығайта отырып, мемлекетке тарихи геологиялық есептердің электрондық каталогын берді.

  • Негізі қаланған сәттен бастап «Қазхром» Ақсу ферроқорытпа зауытының 21-ші пешінде 40-миллионыншы тонна ферроқорытпаны балқытты.

  • ERG Рудный көпсалалы ауруханасына қайырымдылық көмек аясында заманауи уретерореноскопын сатып алуға сертификат берді.

  • ERG серіктестерімен Қостанай облысындағы оқушыларға арналған білім беру керуені – «Mynbala.kz» мобильді кванториум жобасын іске қосты.

  • ERG алғаш рет ZAVOD FEST жұмысшы мамандықтарының бірегей фестивалін өткізді

  • Ақтөбеде V мерейтойлық Kazchrome Duathlon 2025 өтті.

  • ERG компанияның мердігерлері үшін жаңа цифрлық сервис – Топ кәсіпорындарының аумағына рұқсатнаманы бірнеше есе жылдам рәсімдеуге мүмкіндік беретін ERG Partners іске қосылатынын жариялады.

  • «Қазхром» әлемдік рекорд орнатты: бір технологиялық циклде Ақтөбе ферроқорытпа зауытының тұрақты токтың бір электр доғалы пешінен 150 тоннадан астам феррохром шығарылды. Рекордты WORLD BOOK OF RECORDS (WBR) ресми түрде тіркеді.

  • Ақтөбеде «Қазхром» мен Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының бірлескен жобасы – «Құрыш білек» мюзиклінің арнайы көрсетілімі өтті.

  • ERG инвестиция көлемі шамамен 280 млн долларлық Ақсу электр станциясының №7 энергоблогын қайта құру жобасы шеңберінде Подольск машина жасау зауытымен шартқа қол қойды.

  • ERG және ҚР гимнастика федерациясы Павлодарда GymFest отбасылық спорт фестивалін өткізді.

  • Краснооктябрь боксит кен басқармасы 75 жылдығын атап өтті.

  • Ақсу ферроқорытпа зауытында шаңның 99,5% қормап қалатын №42 балқыту пешіне арналған газ тазарту кешені пайдалануға берілді.

  • «БЕРЕКЕ 2004» ЖШС вагон жөндеу кәсіпорны 20 жылдығын атап өтті.

  • «Болашақ» шахтасында жұмыстар қайта жанданды.

  • ERG қолдауымен өткен «Run for autism» 2025 қайырымдылық жарысы аясында №2 «Алтын күн» бөбекжай-бақшасында және Рудный қаласының №1 н мектебінде екі инклюзияны қолдау кабинеті ашылып, жарақтандырылды.

  • ERG қаржыландыруымен салынған жаңа қуатты қосалқы станция Хромтау қаласы және Хромтау ауданын электрмен жабдықтау сенімділігін екі есе арттырды.

  • ERG Қазақстанның «жасыл» энергетикасының ірі жобаларының бірі – «Хромтау» ЖЭС құрылысын аяқтады.

  • «Восточный» кеніші мен «Шұбаркөл көмір» АҚ 40 жылдығын атап өтті.

  • ERG елдегі білім беруді қолдау және дамытуды көздейтін «ERG mektep» бағдарламасы аясында Ақсу мен Хромтаудағы екі мектепті жаңғыртуды қаржыландырды.

  • Рудныйда «Келешек мектептері» жобасы аясында ERG салған жаңа буынның мектеп-гимназиясы ашылды.

  • «Қашар кені» АҚ-да Hitachi автосамосвалдарына арналған екінші жөндеу боксы ашылды.

  • ERG Конго Демократиялық Республикасындағы Gecamines-пен дауды шешу туралы маңызды келісімге қол қойды.

  • Ақсу ферроқорытпа зауытында балқыту пешін басқарудың қолданыстағы ІТ-жүйесіне жасанды интеллект құралдарын интеграциялау жобасы басталды.

  • Атасу ауылында және Шұбаркөл кентінде «Шұбаркөл көмір» АҚ әлеуметтік бастамасы аясында салынған жаңа спорт және балалар алаңдары ашылды.

  • WorldSkills халықаралық қозғалысының Best of Nation сыйлығын BTS жобасының жетекшісі Айжан Зияданова жеңіп алды.

  • ERG және SGS Топтың алюминий дивизионының кәсіпорындары – Павлодар алюминий зауыты мен Қазақстан электролиз зауытының ерікті халықаралық экологиялық аудитін көздейтін келісім жасасты.

  • ERG Fujian Longking компаниясымен Ақсу электр станциясының №4 және №7 энергия блоктары үшін үш гибридті сүзгіні жеткізуге келісімшарт жасады.

  • Ақтөбе облысында қалдықтардан хром алудың инновациялық технологиясы - ERG Green флотациялық учаскесі іске қосылды.

  • Павлодар алюминий зауытында №5 күйежентектеу пешінде сүзгі жүйесін қайта жаңарту аяқталды.

  • ERG Рудныйда ыстық брикеттелген темір (ЫБТ) өндіретін зауыт салу жобасы аясында Primetals Technologies Austria GmbH и Midrex Technologies Inc. компанияларының консорциумымен стратегиялық келісімшартқа қол қойды.

  • ERG Ақсу қаласында Қазақстанның алғашқы тау-кен металлургия кешенінде кәсіптік біліктілікті тану орталығын (ERG КБТО) ашты.

  • Ақсу қаласында Қазақстанның тау-кен металлургия кешенінде ERG Skills International халықаралық кәсіби шеберлік байқауы өтті.

  • ERG-дің кәсіпорындары орналасқан қалаларды «Жұмысшы мамандықтар жылы» мен Абай Құнанбайұлының мерейтойына арналған муралдар безендірді.

  • ERG және «Металл құрылмдары зауыты» АҚ Орал қаласында Ресей мен Қазақстан өңірлерінің XXI форумы шеңберінде думпкарларды жеткізу туралы меморандумға қол қойды.

  • Дөң тау-кен байыту комбинаты «Кәсіби маман» республикалық конкурсының «Кадрлар даярлауға қатысушы – Үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша Гран-при иегері атанды.

  • Ақсу-1 станциясын қайта жаңарту аяқталды, нәтижесінде қайта өңдеу қабілеті 40% - ға ұлғайды.

  • Дөң тау-кен байыту комбинатының өкілі Балғынбек Мырзабек WorldSkills Kazakhstan 2025 республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында «Өнеркәсіптік автоматика» құзыреттілігі бойынша жеңіске жетті.

  • ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға мемлекеттік сапары аясында ERG жапондық Hitachi және Mitsui конгломераттарымен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

  • ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға мемлекеттік сапары аясында ERG Mitsubishi Corporation RtM Japan Ltd компаниясымен галлий жеткізу туралы ұзақ мерзімді шарт жасасты

  • Павлодардағы ERG кәсіпорындарының қызметкерлері жаңа пәтерлердің кілттерін алды