Компания туралы

Eurasian Resources Group (ERG) Әлемдегі ТМК көшбасшыларының бірі – бизнесін 4 құрлықта жүргізеді. ERG – құрылған ESG-бағдарламасы бар әлеуметтік және экологиялық тұрғыдан жауапты компания.

Қазақстанда қызметін бастағаннан бері ERG Қазақстандағы жұмыс істеп тұрған өндірістерді дамытуға және жаңаларын құруға

$14,6 млрд астам бағыттады

ERG-дің Қазақстандағы әлеуметтік инвестициялары

$1,1 млрд асып түсті



Eurasian Resources Group (ERG) толық интеграцияланған энергетикалық, көліктік және маркетингтік операциялары бола отырып, табиғи ресурстарды өндіру және қайта өңдеу саласындағы әлемдегі жетекші әрі неғұрлым әртараптандырылған компаниялардың бірі болып табылады. Топ әлемнің 20 елінде төрт құрлықта ұсынылған және саладағы ең ірі жұмыс берушілердің бірі болып табылады.

  • Хромның құрамы бойынша жоғары көміртекті феррохром өндірісіндегі әлемдік көшбасшы және Еуразия өңірінде темір кені мен алюминий өнімдерін ірі жеткізушілердің бірі. Бұл Қазақстандағы жоғары маркалы алюминийді жалғыз өндіруші. Сонымен қатар, Топ мыс пен кобальтты негізгі жеткізушілердің қатарына кіреді.
  • Қазақстан Республикасы тау-кен металлургия кешенінің үштен бірі, сондай-ақ Орталық Азиядағы электр энергиясын негізгі жеткізушілердің бірі және ірі теміржол операторы.
  • Африкада ERG мыс және кобальт кендерін өндіріп, өңдейді және мыс концентраты мен кобальт гидроксидін өндіреді. Жақында Топ Конго Демократиялық Республикасындағы тарихи жинақталған өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу жөніндегі ең ірі кәсіпорын Metalkol Roan Tailings Reclamation-ді (RTR) іске қосты. Metalkol RTR көлемі жағынан әлемдегі екінші кобальт өндірушісі мен ірі мыс өндірушісіне айналды.
  • Компанияның Оңтүстік Африка Республикасында, Зимбабведе, Мали мен Мозамбикте энергетикалық көмірді, марганецті, платинаны, бокситтер мен флюоритті шығару жөніндегі жобалары бар. Топ «Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәлізінде трансконтиненттік тасымалдарды жүзеге асыратын өзінің мамандандырылған Sabot логистикалық компаниясы арқылы континенттегі өзінің жеткізілімдер тізбегін бақылайды.
  • Бразилияда ERG Pedra de Ferro кенішінде темір кенін өндіру жөніндегі интеграцияланған кешен Pedra de Ferro жобасын, Porto Sul тереңсулы теңіз портын және FIOL жаңа трансконтиненттік теміржолының учаскесін дамытуды жалғастыруда.
  • ERG – Дүниежүзілік экономикалық форум тұғырнамасында құрылған және жылдам өсіп келе жатқан электромобильдер мен гаджеттер секторлары үшін құнды жасау тізбектерінде орнықты, жауапты және инклюзивті даму практикаларын енгізу бойынша жұмыс істейтін жоба Аккумулятор секторына арналған жаһандық альянстың негізін қалаушы серіктесі.

ERG-дің Қазақстандағы активтері