Ақсу ферроқорытпа зауыты

Директоры:

Мұсабек Жамансарыұлы Макашев

Әлемдегі ең ірі ферроқорытпа өндірушілерінің бірі. Мұнда жыл сайын 1 миллион тоннадан астам өнім шығарылады, оның басым бөлігі алыс шет елдерге экспортталады. Кәсіпорынның ерекшелігі – әртүрлі маркалы болаттар өндіруге қажет хром, кремний және марганец негізіндегі қорытпаларды ірі көлемде біріктіре өндіруінде. Саланы дамытуды басты мақсат еткен зауыт өндірісті кезең-кезеңімен жаңғыртып, қуаттылығын арттыруда. Салалық ноу-хау ретінде зауыттағы ең қуатты бөлімше – №6 балқыту цехының реновациясын атап өту керек. Бұл реновацияның алғашқы нәтижесі – толық герметизацияланған №64 ферроқорытпа пеші. Пештің күмбезі оқшауланып, барлық ферроқорытпа газы жиналып, кәдеге жаратылады, ал оның бір бөлігі шикізатты және шөміштерді алдын ала жылытуға пайдаланылады. Бұл инновация балқыту кезіндегі электр энергиясын тұтынуды азайтып, металлды технологиялық ыдыстардан тиімдірек алуға мүмкіндік береді.

Есептер