Қазақстандағы қара металлургияның алғашқы қарлығашы – бүгінде бұл жылына 700 мың тоннадан астам ферроқорытпа өндіретін, тұрақты дамып келе жатқан заманауи кәсіпорын. Ақтөбе ферроқорытпа зауытының ең жаңа құрылымы – №4 балқыту цехы. 2014 жылы іске қосылған бұл цехтың арқасында зауыт тұрақты тоқ пештерін дамытуда әлемдік көшбасшы атануға толық құқылы. Мұндағы төрт тұрақты тоқ пеші – әлемдегі ең қуатты пештер - 72 МВт. Зауыт жұмыскерлері енгізген озық техникалық шешімдері нәтижесінде бүгінде цех тұрақты түрде 75 МВт қуатта жұмыс істеп тұр, алдағы уақытта бұл көрсеткішті 80 МВт-қа дейін жеткізу көзделуде.