Данияр Равшанович ERG командасына 2014 жылы бюджеттеу және экономикалық талдау бөлімінің бастығы болып қосылды. Топтағы еңбек жолында ол бірқатар басшылық қызметтерді, оның ішінде Бас директордың қаржы жөніндегі орынбасары лауазымын атқарған.
2026 жылғы шілде айынан бері Данияр Равшанович «Еуразиялық Топ» ЖШС Бас директорының технологиялар және операциялық қызмет жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келді.
ERG бизнесті одан әрі дамытуға, тиімділікті арттыруға және стратегиялық басымдықтарды іске асыруға жүйелі түрде назар аударады. Данияр Равшановичтің стратегиялық басқару, қаржы және операциялық қызмет салаларындағы сараптамасы осы міндеттерді шешуде сұранысқа ие болып, Топтың одан әрі дамуына елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді.
Данияр Равшанович Новосібір мемлекеттік университетін «Математика» мамандығы бойынша бітірген. Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты. Бағдарлама аясында Temple University-де экономика магистрі дәрежесін алды. Institute of Management Accountants (IMA) халықаралық сертификатының иегері.
Кәсіби жетістіктері мен Топтың дамуына қосқан үлесі үшін Данияр Равшанович ERG-дің Алғыс хатымен және III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталған.