1971 жылғы 8 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген.
Павлодар мемлекеттік университетін «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша, сондай-ақ Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын «Экономист» мамандығы бойынша және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы «Экибастузуглеавтоматика» монтаждау-жөндеу басқармасында слесарь-монтажшы қызметінен бастаған.
«Казпромтехмонтаж» шаруашылық-монтаждау басқармасының монтаждаушысы болды.
«Вахинвест» бірлескен кеңес-батыс-герман кәсіпорнының қауіпсіздік жөніндегі инженері, Павлодар қ.
«Ансат-Павлодар» ЖШС коммерциялық бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, бас директор қызметтерін атқарды.
«Тыныс» ЖШС директоры, Павлодар қ.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің дәрменсіз қарызгерлермен жұмыс комитеті Павлодар облысы бойынша басқармасының бөлім бастығы.
Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы.
Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы.
Павлодар облысының әкімі Аппаратының басшысы.
Павлодар қаласы әкімінің орынбасары.
Астана қаласының әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі.
Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры.
Павлодар облысы әкімінің орынбасары.
Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі.
«Қазақстан Темір Жолы» АҚ вице-президенті.
Мамырдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі.
Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі.
Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы.
Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі.
Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметін атқарды.
ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды.
ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып қайта тағайындалды.
ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің міндеттерін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.