Шухрат Алиджанұлы Ибрагимов 2021 жылдан бастап Кеңес құрамына кіреді, ERG S.a.r.l. бас атқарушы директоры болып табылады. Ол он жыл бойы ERG Тобының әртүрлі бизнес салаларында еңбек етті, атап айтқанда өндірісте жұмыс істеп көрді. Соның арқасында тау-кен металлургия саласында мол тәжірибе жинақтап, технологиялық процестерді басқару, қаржы ағындарын реттеу және стратегиялық даму жөнінде терең білім алды.
ERG-дің бизнесті дамыту жөніндегі жобаларын басқара отырып, Шухрат Алиджанұлы өндірісті жоспарлау және халықаралық серіктестермен жұмыс істеуге жауапты болды. Ол Қазақстан мен халықаралық жобаларды, соның ішінде Қытаймен бірлесіп, әлемдегі ең ірі кобальт өндірушілерінің үштігіне енген Metalkol кәсіпорнын дамыту жобаларын іске қосуда маңызды рөл атқарды.
Сондай-ақ, Шухрат Ибрагимов — Қазақстан Республикасындағы жетекші сақтандыру ұйымы «Евразия» Сақтандыру компаниясының және әлеуметтік маңызды қаржы институты болып саналатын Еуразиялық банктің Директорлар кеңесінің мүшесі.
Шухрат Ибрагимов бірнеше қайырымдылық бастамаларға атсалысып келеді, Африка мен Азия елдерінің тұрғындарын ауыз сумен және азық-түлікпен қамтамасыз ететін «I am part of» атты британдық қайырымдылық ұйымының Қамқоршылар кеңесін басқарады. Сонымен қатар ол — Халықаралық Азия кинофестивалінің төрағасы.