Кудрәт Шамиев

Бас директор

Кудрәт Шамиев Азия-Тынық мұхиты технологиялар және инновациялар университетін «Халықаралық бизнес менеджменті» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Қазақстандық және халықаралық компанияларда 12 жыл басқарушылық және сараптамалық тәжірибесі толысқан.

Ертеректе ол Hikmet Travel SDN Berhad (Малайзия), Altau Group, Mangosteen Development, «Найза-Құрылыс» компанияларында түрлі лауазымды қызметтер атқарған.

Қазір «Integra Construction KZ» бақылау кеңесінің төрағасы, Todini Costruzioni Generali SpA директорлары кеңесінің мүшесі, «Kazakh Construction Group» бақылау кеңесінің төрағасы.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.