Гүлзада Төлебаева

Бас директордың персонал және мәдениет жөніндегі орынбасары

Гүлзада Төлебайқызының персоналды басқару және ұйымдастырушылық даму саласында көпжылдық тәжірибесі бар. Ол COMCO Management Kaz, Todini Costruzioni Generali S.p.A. және «KCG» компанияларында басшылық қызметтер атқарған.

Қазіргі таңда «Integra Construction» ЖШС Бас директорының әкімшілік және кадр мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін қоса атқарып жүр.

Ол Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін «Аударма ісі» –  ағылшын тілі  мамандығы бойынша, сондай-ақ А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің «Құқықтану» бағытындағы магистратурасын тәмамдаған. Бұған қоса, 2013 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде Mini MBA біліктілігін, ал 2020 жылы City Business School-да MBA дәрежесін алған.