Мы используем файлы cookie, чтобы улучшать качество взаимодействия пользователей с нашим сайтом и персонализировать его содержимое. Продолжая использовать наш веб-сайт без изменения настроек, Вы соглашаетесь на использование нами файлов cookie. С дополнительными сведениями о том, как мы используем файлы cookie, можно ознакомиться здесь.
Данияр Сансызбайұлының құрылыс саласында 20 жылдық тәжірибесі толысқан. Ұзақ жылдар бойы жобаларды басқарумен және бизнесті дамытумен айналысқан.
Әр жылдары ірі құрылыс компанияларында, соның ішінде «Integra Construction KZ» ЖШС басшылық лауазымдарды атқарып, онда стратегиялық маңызы бар жобалардың іске асырылуы мен операциялық даму мәселелеріне жетекшілік етті.
2024-2026 жылдары «Integra Construction KZ» ЖШС бас директоры лауазымын атқарды. Қазір компанияның Байқау кеңесінің мүшесі.
Данияр Рахимтаев ERG командасына 2026 жылдың маусым айында «Еуразиялық Топ» ЖШС бас директорының жобалар және даму жөніндегі орынбасары лауазымында қосылды.
Саланы дамытуға қосқан үлесі мен кәсіби жетістіктері үшін Данияр Сансызбайұлы Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен, «Ерен еңбегі үшін» және «Құрметті құрылысшы» медальдарымен, «Атом саласының үздігі» төсбелгісімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға үлесі қосқан үшін» төсбелгісімен марапатталған