26 Шілде 2022

Eurasian Resources Group Павлодар облысында әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға биыл 2,6 млрд теңге бөледі

2022 жылы Павлодар облысының әкімдігі мен Eurasian Resources Group (ERG) арасында жасалған өзара әріптестік туралы Меморандумға бұқаралық спортты дамыту, медициналық және білім беру мекемелерін жабдықтау, елді мекендерді абаттандыру тармақтары енді.

Өңірдегі әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға биыл Eurasian Resources Group (ERG) 2,6 млрд теңгеден астам қажат қарастырып отыр. Құжатқа Еуразиялық Топтың басқарма төрағасы Серік Шахажанов пен Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов қол қойды.

Қомақты қаражаттың басым бөлігі қала инфрақұрылымын дамытуға, дене шынықтыру-сауықтыру нысандарының құрылысына, медициналық мекемелерді қайта жаңғырту мен білім беру бастамаларына жұмсалады. Мәселен, Меморандум аясында Павлодар облысындағы 10 колледж материалдық-техникалық базасын нығайтуға қаражат алады. Облыстағы перинаталдық мекелердің персоналына оқыту ұйымдастырылып, Павлодар облыстық балалар ауруханасының жаңа корпусының жобалық сметалық құжаттарын әзірлеу жоспарланған. Қазір жұмыс істеп тұрған денсаулық сақтау нысандары қайта қалпына келтіріледі. Меморандумда әлеуметтік жобаларды цифрландыру жеке тармақ. Павлодар облысының аймақтық геоақпараттық жүйесі мен автоматтандырылған «112 кезекші диспетчер қызметі» ақпараттық жүйесін әзірлеуге қаржы қарастылған. Білім беру бастамалары да назардан тыс қалмайды. Келісімде аймақтағы ұстаздардың біліктілігін арттыруға сеп болар «ERG Mektepke» және «ERG колледждерге» атты бағдарламаларды жүзеге асыру да қамтылған.

  – Біз «туған қалаларымыздың» әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын арттыру қамындағы жүйелі жұмысымызды жалғастыра береміз,- деді ERG Директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич. – Бұл біздің корпоративтік жауапкершілігіміздің негізі әрі қызметкерлеріміз бен олардың отбасы мүшелерінің өмір сапасын жақсартуға күнделікті қосар үлесіміз. Бұл жолда тек осы өңір тұрғындарына өмір сүруге қолайлы орта қалыптастырумен шектелмей, ERG кәсіпорындары орналасқан өңірлерде қазақстандықтардың жаңа буыны жеке тұлға ретінде үйлесімді өсіп, өрлеуіне барынша ықпал ету керек.

Меморандум аясында ERG-дің ынталы бюджеттендіру саласындағы корпоративтік бастамасы – «Tugan Qala» жобасын қаржыландыру көзделген. Ол қала тұрғындарының өздері бастама көтеріп, сарапшылармен бірлесіп, ол идеясын нақты жобаға айналдырып, іске асыруына септесетін ауқымды шара. Іске асатын үздік жобаларды тұрғындары дауыс беру арқылы өздері таңдайды. Меморандум биыл 16 жобаны қамтыған. Олар жыл соңына дейін жүзеге асырылуы тиіс. Биылғы жобалардың жалпы бюджеті – 80 миллион теңге.

ERG құрылғаннан бері Топ кәсіпорындары Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына үздіксіз сүбелі үлес қосып келеді.

Осыған дейінгі Меморандум аясындағы қаражаттың қай бағыттарға жұмсалғанын мына және мына сілтемеден таба аласыз.

Еуразиялық Топ кәсіпорындары орналасқан өңірлерге Eurasian Resources Group құйған (соның ішінде ERG және облыс әкімдіктерімен арадағы Меморанумдар аясында да) инвестициялардың жалпы көлемі  1 млрд доллардан асты.